Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық құндылық арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу»
14
сәуір
2026

«Ұлттық құндылық арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу»

 Мектебімізде Зейнеп Ахметова – Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қоғам қайраткері мен ата-аналар арасында «Ұлттық құндылық арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Тағылымды басқосу барысында ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі кеңінен қозғалып, көпшілікке ой салатын маңызды пікірлер айтылды.

Кездесу барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көкейлеріндегі мәселелерге жауап алды. Зейнеп Ахметова әрбір сауалға терең әрі тағылымды жауап беріп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ол Бауыржан Момышұлы туралы қызықты мәліметтер мен естеліктерді айтып беріп, оның батылдығы, өмір жолы мен ұрпаққа қалдырған өнегесін бөлісті.

Кездесу соңында ата-аналар Зейнеп Ахметовадан арнайы автограф жаздырып, естелік суреттерге түсті. Қатысушылар мұндай тағылымды кездесудің маңыздылығын атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DW4FiApCnOU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 қаңтар 2026 "Әже даналығы"
19 желтоқсан 2025 Ата-аналар жиналысы
19 қыркүйек 2025 “Адал азамат”
09 қазан 2023 «Ақ пен қара»
04 қараша 2022 Тренинг
24 мамыр 2021 іс шаралар