12
қараша
2025
“Демалыста кітап оқимыз”
№172 мектеп-гимназиясының 5 “Д” сыныбында “Оқитын мектеп” жобасы аясында “Демалыста кітап оқимыз” атты тәрбиелік маңызы зор науқан ұйымдастырылды. Бұл бастама оқушылардың демалыс уақытын тиімді өткізуге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Шара барысында оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, демалыс күндері оқып, кейін сыныптастарының алдында оқыған шығармалары туралы әсерлерімен бөлісті. Әр бала сүйікті кейіпкерлерін сипаттап, кітаптың мазмұнын қысқаша баяндап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кейбір оқушылар достарына өздері ұсынған кітаптарды оқуға кеңес беріп, “кітап алмасу” дәстүрін бастады.
Бұл іс-шара оқушылардың сөздік қорын байытып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін, ойлау және талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Кітап арқылы балалар мейірімділік, достық, еңбексүйгіштік сияқты адами құндылықтарды танып, өмірлік сабақ алды.
Науқанды ұйымдастырған – сынып жетекшісі Г.Нарбекқызы және кітапхана меңгерушісі Д.Қожамбердиева.
Осындай игі істер – оқуға құштар ұрпақ тәрбиелеудің жарқын жолы!