Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мұқағали жыры мәңгілік” атты сурет байқауы
09
ақпан
2026

“Мұқағали жыры мәңгілік” атты сурет байқауы

5, 6, 7-сыныптар арасында “Мұқағали жыры мәңгілік” атты сурет байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын кеңінен таныту, оқушылардың көркемдік талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақын өлеңдері арқылы туған елге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сурет байқауына қатысқан оқушылар ақын жырларынан алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп, өз қиялдары мен ой-толғамдарын бояу арқылы шебер жеткізе білді. Әрбір жұмысынан Мұқағали поэзиясының тереңдігі, өмірге деген махаббаты мен адамгершілік құндылықтары айқын көрініс тапты.

Байқау соңында жұмыстар бағаланып, ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды. Бұл шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, Мұқағали жырының мәңгілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

10 қаңтар 2023 "Қыста оқимыз"
10 ақпан 2022 Ашық сабақ
04 ақпан 2022 "Кел, Болашақ"
15 желтоқсан 2021 Сурет байқауы
03 ақпан 2021 Дос болам десең