Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2026 года
«Білімім – Отаныма»
27
мамыр
2026
«Білімім – Отаныма»
25.05.2026 күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, білімнің қоғамдағы маңызын түсіндіру және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға баулу. 🇰🇿 Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, Отанға қызмет етудің ең басты жолы – сапалы білім алу екенін атап өтті. Білім – болашаққа салынған берік негіз! Отанға қызмет – әр азаматтың парызы!
Кекушинкай каратэ турнирі
26
мамыр
2026
Кекушинкай каратэ турнирі
3 “Д” сынып оқушысы Балғымбай Әмірхан Астана қаласында өткен республикалық Кекушинкай каратэ турнирінде жүлделі II орын иеленді! 🥈 Бұл — үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі. Әмірханға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, тек жеңіс тілейміз! 👏🥋  
Сыңғырла, соңғы қоңырау… 🔔
26
мамыр
2026
Сыңғырла, соңғы қоңырау… 🔔
25 мамыр — жүректе мәңгі сақталатын ерекше күн. Бүгін мектебіміздің түлектері алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. Түлектердің бітіру кеші көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, әсем ән мен тәтті естеліктерге толы болды ✨ Мектепте өткен әрбір сәт, ұстаздардың берген білімі мен тәрбиесі — түлектеріміздің болашағына жол ашатын үлкен өмірлік азық. Құрметті түлектер, сіздерге сәттілік, жарқын болашақ, биік мақсат пен үлкен жетістіктер тілейміз! Жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық болсын! 🎓
«Бастауыш – бақыт мекені!»
25
мамыр
2026
«Бастауыш – бақыт мекені!»
Мектебімізде 4-сынып оқушыларының бастауышпен қоштасуына арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше іс-шараның өтуіне өз үлесін қосып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен 4-сынып жетекшілеріне шын жүректен алғыс білдіреміз. Ал шәкірттерді жылы қабылдап алатын 5-сынып жетекшілеріне шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз! Сондай-ақ кештің көркін келтірген өнерлі оқушыларға және қолдау көрсеткен ата-аналарға үлкен рақмет! Бастауышпен қоштасқан бүлдіршіндеріміздің
№5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
25
мамыр
2026
№5 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
📌 Тақырыбы: «Оқушы жетістігі – мұғалім шеберлігінің айнасы» ✨ 2025-2026 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі өтті. 📖 Күн тәртібінде: ✔️ Оқу жылының қорытындылары ✔️ Аралық және қорытынды аттестаттау мәселелері ✔️ Оқушыларды марапаттау және емтиханға жіберу ✔️ Жазғы демалысты ұйымдастыру ✔️ Құқықтық сауаттылық бағытындағы жұмыстар ✔️ «Тестер.кз» платформасы негізіндегі білім нәтижелерін талдау 👏 Бірлескен еңбек пен сапалы білім жолындағы нәтижелі жұмыстарға сәттілік тілейміз!  
Химия-бұл сынақ! Оны LabHack:Farabi II Edition-да қабылда!
18
мамыр
2026
Химия-бұл сынақ! Оны LabHack:Farabi II Edition-да қабылда!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті жоғарғы сынып оқушыларымен  2026-жылы 16-мамырда өткізген LabHack: Farabi II Edition ғылыми-практикалық химиялық хакатонға мектебіміздің 11-Ә класс оқушысы Болат Аружан қатысып сертификат пен бағалы сыйлыққа ие болды. Пән мұғалімі Жумадилов Мурат.  1-кезең іріктеу(жеке)Химиялық тест. 2-кезең-зертханалық квест форматындағы практикалық және логикалық тапсырмаларды орындап өзінің алған білімін дұрыс,тиімді
ХАБАРЛАНДЫРУ
15
мамыр
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ
  Құрметті Думан ықшам ауданының тұрғындары! №172 мектеп-гимназиясына 1 сыныпқа бала қабылдау EGOV.KZ сайты арқылы маусым айының 10 нан ҚАБЫЛДАНАДЫ. 1 сыныпқа осы 2026 жылы желтоқсан айына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.  Құжаттар тізімі Ø  Көк файылды папка (10 беттік) Ø  Баланың туу туралы куәлігі (көшірме) Ø  3*4 сурет - 2 дана Ø  Мед картасы (065-ф, 026-ф, бала денсаулық паспорты) Ø  Ата-анасының төл құжаты (көшірме) Байланыс телефоны: 8702 649 2449 Жұмыс уақыты: 09.00-17.00
Алғыс хат
08
мамыр
2026
Алғыс хат
  №172 мектеп-гимназиясының педагог-психологтары Берикбаева Лира Бейсақимовна мен Кансаитова Гульнара Нурлыхановна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Әріптестеріміз отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы ғылыми жобаға белсенді қатысып, кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін жоғары бағаланды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және
“Біз – бір елміз”
04
мамыр
2026
“Біз – бір елміз”
    1 мамыр – Бірлік күніне орай “Біз – бір елміз” тақырыбында сынып сағаты өткізілді Шара барысында оқушылар бірлік пен татулықтың қадірін түсініп, достықтың маңызын терең ұғынды. Әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрі – еліміздің байлығы екені насихатталды. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздің болашағы жарқын болсын!