Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кітапханаға кітап сыйла» челленджі
23
қазан
2025

«Кітапханаға кітап сыйла» челленджі

2-сыныптар арасында «Кітапханаға кітап сыйла» челленджі өтті!

Бүгін №172 мектеп-гимназиясында оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған «Кітапханаға кітап сыйла» атты мектепішілік челлендж аясында тамаша шара ұйымдастырылды.

Осы игі бастаманы 2-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары белсенді түрде қолдап, мектеп кітапханасына әртүрлі жанрда қызықты, мазмұнды, балаларға арналған көркем және танымдық кітаптар сыйға тартты.

📘 Бұл шара — оқушыларды мейірімділікке, жомарттыққа тәрбиелеумен қатар, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятудың бір жолы. Сыйланған әр кітап – келесі оқушы үшін шабыт пен жаңалықтың қайнар көзі!

👩‍🏫 Сынып жетекшісі: А. Қайырбекова – шәкірттеріне кітаптың құндылығын түсіндіруде үлкен үлес қосып, осы шараның ұйытқысы болды.

📚 Кітапхана меңгерушісі: Д. Қожамбердиева оқушыларға алғысын білдіріп, кітаптың рухани байлық екенін ерекше атап өтті. Ол сыйға берілген кітаптар кітапхана қорына тіркеліп, оқырмандардың игілігіне ұсынылатынын айтты.

Бұл челлендж тек кітап қана емес, жылылық пен жанашырлықты, білім мен болашақты сыйлауға үндейді. Мұндай игі бастамалар мектеп қабырғасында жиі өтіп тұрса, өскелең ұрпақтың рухани дамуына үлкен әсер етері анық.

https://www.instagram.com/reel/DQGPa_hCptk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

27 қараша 2025 Күзгі балл
17 қыркүйек 2025 Кітап оқу марафоны
02 қараша 2023 Кітап көрмесі
10 қаңтар 2023 "Қыста оқимыз"
04 қараша 2022 Тренинг