Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шеберлік пен қиял мекені»
23
ақпан
2026

«Шеберлік пен қиял мекені»

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №221 жалпы білім беретін мектепте
«Шеберлік пен қиял мекені» атты шеберлік сыныптардың салтанатты ашылуы өтті.

Шеберлік сыныптардың мақсаты – оқушыларды адал еңбекке баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қызығушылықтарын арттыру.

Іс-шара аясында 5 бағыт бойынша шеберлік алаңдары ұйымдастырылып, арнайы шақырылған қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісті. Қолөнер, тігін, сурет салу, аспаздық және ұлттық ас мәдениеті бағыттарындағы жұмыстар балалардың қиялын дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

«Шығармашыл бала – табысты тұлға» атты аудандық шеберлік сағаты қатысушыларға шабыт сыйлап, баланың болашағына сенім ұялатты. Барлық қолдау білдірген қонақтар мен қатысушыларға шексіз алғыс білдіреміз.

https://www.instagram.com/reel/DU7-LM3DPAz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

19 қыркүйек 2025 “Адал азамат”
20 қыркүйек 2023 “Жіппен кестелеу”