10
ақпан
2026
Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында танымдық-шығармашылық сайыс өтті. Шараның негізгі мақсаты – ұлт ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ұстаздардың рухани-шығармашылық әлеуетін арттыру болды.
Сайыс өте тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әнге айналған жырларын орындап, түрлі кезеңдерде өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Әрбір қатысушы Мұқағали поэзиясына деген сүйіспеншілігін, шынайы құрметін байқатты.
Қорытынды кеште Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әсем әндер шырқалып, ақын өмірінен сыр шерт
етін әсерлі көрініс қойылды. Ән де айтылып, жыр да оқылып, кеш шынайы рухани мерекеге айналды.
Бүгінгі рухани кеш – жүректерге жылу сыйлаған, поэзия мен өнер тоғысқан тағылымды шара болды. Мұқағали Мақатаевтың өшпес мұрасы, сырлы жырлары мен әуезді әндері тағы бір мәрте халқымен қауышты. Ақын жыры – мәңгілік, ол әрдайым жүректерде, әр буынның санасында өмір сүре береді. Осындай мазмұнды шаралар ұлттық рухымызды көтеріп, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттырары сөзсіз.
Ұлы Мұқағали жыры жасай берсін, жүректерде мәңгі жаңғыра берсін!
https://www.instagram.com/reel/DUjBfCbDJCY/?utm_source=ig_web_copy_link