Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “АБАЙ – ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА”
20
қазан
2025

“АБАЙ – ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА”

 “АБАЙ – ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА”
🕰 Танымдық сағат
📍 Өткізілген орны: №172 мектеп-гимназия
📅 Сынып: 9 “Б” сыныбы
👩‍🏫 Сынып жетекшісі: А. Абдуллаева
📖 Кітапхана меңгерушісі: Қожамбердиева Д.

Ұлы ойшыл, дана ақын, қазақтың рухани әлемінің шамшырағы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай №172 мектеп-гимназиясында 9 “Б” сынып оқушыларының қатысуымен “Абай – әлемдік тұлға” атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, оның шығармашылығы мен рухани құндылықтарына деген құрметті арттыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, отансүйгіштікке баулу болды.

🔹 Танымдық сағат барысында оқушылар Абайдың өмір жолы, ақындық әлемі, философиялық көзқарастары туралы тың мәліметтермен танысты.
🔹 Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылып, олардың терең мазмұны мен қазіргі заманмен байланысы жайлы талқылау ұйымдастырылды.
🔹 Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Абайдың адамгершілік, білім мен еңбекке шақырған ойларын өз тұрғысынан зерделеуге тырысты.

📌 Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі Қожамбердиева Д. Абай шығармашылығының әлем әдебиетіндегі орны мен халықаралық деңгейде мойындалуын атап өтті. Сонымен қатар, мектеп кітапханасындағы Абай мұрасына арналған көрме де оқушылар назарына ұсынылды.
🌟 Абай – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани көсемі. Оның қалдырған мол мұрасы – өткен мен бүгінді жалғап тұрған алтын көпір.

🔖 Осындай танымдық іс-шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруда, тұлғалық дамуына әсер етуде үлкен маңызға ие.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 қыркүйек 2025 Кітап оқу марафоны
06 желтоқсан 2023 “Абай оқулары”
11 қыркүйек 2023 Тоғызқұмалақ
14 тамыз 2023 " Абай күні "
01 наурыз 2023 "Алтын жүрек"
21 қаңтар 2021 "Абай мұрасы"