Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Тәуелсіздік тұлғалары”
11
желтоқсан
2025

“Тәуелсіздік тұлғалары”

   №172 мектеп-гимназиясында еліміздің тәуелсіздік тарихына арналған маңызды шаралардың бірі “Тәуелсіздік тұлғалары” атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Қазақстанның тәуелсіздік жолында ерен еңбек еткен тарихи қайраткерлердің өмір жолын, қызметін және ел дамуына қосқан үлесін терең таныстыру.

Іс-шараға 9 “Г” сынып оқушылары қатысып, оларды сынып жетекшісі Айыпжанқызы Наркес бастап келді. Мұғалім оқушыларға тәуелсіздікке жеткізген тарихи кезеңдер, сол кезеңдерде ерекше рөл атқарған тұлғалар туралы кең көлемді түсінік беріп, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Көрмені дайындап, ұйымдастыруды мектеп кітапханасы жүзеге асырды. Кітапхана меңгерушісі Д. Қожамбердиева оқушыларға тәуелсіздік жолында елеулі еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлері, Алаш зиялылары, ұлттың рухани тұтастығын сақтауға күш салған тұлғалар жөнінде мазмұнды ақпарат берді. Сондай-ақ, көрме экспозициясына ұсынылған кітаптардың әрқайсысының тарихи және танымдық құндылығына тоқталып, олардың жастарға берер тәрбиелік мәнін ерекше атап өтті.

Көрме барысында оқушылар тәуелсіздік тарихына арналған энциклопедиялық басылымдармен, деректі жинақтармен, мемуарлық еңбектермен және тарихи кітаптармен кітаптармен танысты. Ощушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұлғалардың өмірі мен қызметіне байланысты деректерді талқылады. Іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында патриоттық сезімді, тарихи жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.

https://www.instagram.com/reel/DSFf24GDBz9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

02 қараша 2023 Кітап көрмесі
15 қыркүйек 2022 "Алтын қазына"
13 желтоқсан 2021 "Тәуелсіздік-тұғырым"
15 желтоқсан 2020 Тәуелсіздік тұғырым