Қазақстан Республикасының чемпионаты
Ақтау қаласында 6–10 сәуір аралығында қазақ күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 750-ге жуық спортшы қатысқан тартысты додада Алматы қаласы, Медеу ауданы №172 мектеп-гимназиясының 3 оқушысы бақ сынады. 🥉 Солардың ішінде 10-сынып оқушысы Тойжан Әлімжан жүлделі III орынды иеленіп, қола медальға қол жеткізді! Жеке бапкері – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Күнесбай Төлеген Қанатұлы. Құттықтаймыз!