Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Балалар жазушыларына шолу”
14
сәуір
2026

“Балалар жазушыларына шолу”

 “Балалар әдебиетінің 10 күндігі” аясында “Балалар жазушыларына шолу” атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетін насихаттау және қазақ балалар жазушыларының шығармаларымен кеңінен таныстыру.

3 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі – А. Жумабекова қатысты.

Шара Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасында өтті. Кітапхана маманы оқушыларды жылы қарсы алып, кітапхана тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, кітапхананың құрылу тарихы, қызметі және оқырмандарға көрсетілетін мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.

Оқушылар кітапхана ішіндегі арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалап, балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен танысты. Сонымен қатар, олар өздеріне ұнаған кітаптарды қарап, қызықты мәліметтер алды.

Шолу барысында балалар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Бұл олардың кітапқа деген қызығушылығының артқанын көрсетті.

Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырады.

https://www.instagram.com/reel/DXGY8DEjDri/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

19 қыркүйек 2025 “Адал азамат”
11 қаңтар 2024 “Самал су”
02 қараша 2023 Кітап көрмесі
09 қазан 2023 «Ақ пен қара»
10 қаңтар 2023 "Қыста оқимыз"
23 қазан 2020 Адал ұрпақ