Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Жаңа кітап – жан азығы”
22
қаңтар
2026

“Жаңа кітап – жан азығы”

“Жаңа кітап – жан азығы”
№172 мектеп-гимназиясында жаңа келген ертегілерге арналған кітап көрмесі өтті. Аталған іс-шара 2 «Б» сынып оқушыларымен бірлесіп ұйымдастырылып, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды.

Көрме барысында оқушылар жаңа түскен ертегі кітаптарымен танысып, олардың мазмұны, кейіпкерлері мен суреттері туралы өз ойларымен бөлісті. Балалар кітаптарды қызыға қарап, ертегілер әлеміне саяхат жасады. Бұл көрме оқушылардың қиялын дамытып, оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шара 2 «Б» сынып жетекшісі Кенжебекова Жадыраның қатысуымен өтті. Кітап көрмесін мектеп кітапханасының меңгерушісі Қожамбердиева Динара ұйымдастырып, көрмеге қойылған кітаптармен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Көрмеге қойылған кітаптар “Келешек” және “Алматыкітап” баспаларынан келіп түсті. Жаңа басылымдар мазмұны мен безендірілуі жағынан балалардың жас ерекшеліктеріне сай болып, оқушылар тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.

Осындай кітап көрмелері оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, рухани байлығын дамытуға үлкен үлес қосады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 қыркүйек 2025 Кітап оқу марафоны
02 қараша 2023 Кітап көрмесі
10 қаңтар 2023 "Қыста оқимыз"