Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай – ақыл-ойдың алыбы»
07
қазан
2025

«Абай – ақыл-ойдың алыбы»

https://www.instagram.com/reel/DPGI6H1jNnJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=bmptbzViczZlNW8z
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы өз мәресіне жетті!

Апта бойы өткізілген мазмұнды іс-шаралар оқушылардың ұлттық құндылықтарға, тіл мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, Абай мұрасының тереңдігін танытты.

 Соңғы күні өткен «Абай және қарасөз философиясы», ашық сабақтар, ата-аналарға арналған танымдық сағат және «Абай – ақыл-ойдың алыбы» атты қорытынды кеш апталықтың шоқтығы биік шаралары болды.

 Үзіліс уақыттарында ұйымдастырылған QR тест, танымдық ойындар мен виртуалды саяхат оқушыларға тың серпін сыйлап, апталық мазмұнын толықтыра түсті.
 Кеш соңында апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздар марапатталып, шара мерекелік көңіл күймен қорытындыланды.

Апталық барысында жас ұрпаққа Абайдың асыл мұрасы дәріптеліп, ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық әлеуеті айқын көрінді. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өз мақсатына жетіп, рухани нәр сыйлады.

 «Абай мұрасы – мәңгілік қазына, ұрпаққа аманат!»

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

06 желтоқсан 2023 “Абай оқулары”
16 қараша 2021 Өнер бірлестігі
21 қаңтар 2021 "Абай мұрасы"