29
мамыр
2025
"Балдәурен" жазғы демалыс лагері
2025 жылғы 26 мамыр мен 9 маусым аралығында мектеп жанынан ашылған "Балдәурен" жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Лагерьдің ашылу салтанаты мерекелік көңіл-күйде өтті. Шара барысында балалар ән шырқап, би билеп,қызықты ойындар мен флешмобтарға қатысты.
Лагерьге 1-4 сынып аралығында 500-ге жуық оқушы тартылды. Балалар үшін әр күн арнайы жоспар бойынша ұйымдастырылып, түрлі тәрбиелік, танымдық және спорттық іс-шаралар өткізіледі.
"Балдәурен" лагері-оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізіп, достықты нығайтып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік беретін орта. Балалардың шат-шадыман күлкісі мен жарқын жүздері лагерьдің сәтті ұйымдастырылғанының дәлелі болды.
https://www.instagram.com/reel/DKG27n3IFtd/?igsh=amxkcnF3OXF3NXV3