Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Қазақ поэзиясының Хантәңірі "
14
ақпан
2022

" Қазақ поэзиясының Хантәңірі "

    Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған, қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың биылғы туған күніне орай апталығымыз да тамаша өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың әнге, өнерге, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен көптеген жұмыстар  жүргізді.
   Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайырған ақиық ақынның өлеңдері, өскелең ұрпаққа аманат екендігі ескеріліп, Мұқағали поэзиясының өміршеңдігі жайында айтылды. Оның бәріне сіздер куәсіздер. 
 Жасөспірімдерге рухани білім  беріп қана қоймай,  ұлттық санасын, болмысын, тәрбиесін  жаңғыртты десем қателеспеймін. 
 Мұқағали  әндері мен өлеңдерін оқытып, оқушылардың өз тіліне, туған жеріне, ұлтына  деген сүйіспеншілігін арттырды. 
 Бұл өткен іс- шара  оқушылар жадында мәңгілік сақталары анық.

 Бұл тек бір іс- шара ғана емес,  біздің білім ордамызда өтіп жатқан әр іс-шара болашағымыздың дамуына және жаңа деңгейге көтерілуіне өз септігін тигізер игі істің бастауы іспеттес.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

25 ақпан 2022 "Домбыра үні"
10 ақпан 2022 Ашық сабақ
04 ақпан 2022 "Кел, Болашақ"
01 қараша 2021 Марапаттау
03 ақпан 2021 Дос болам десең