Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
04
маусым
2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні! Мемлекеттік рәміздер — бұл жай ғана белгілер емес, бұл біздің өткен тарихымыз, бүгінгі бақытымыз және жарқын болашағымыздың кепілі. Көк туымыз — бейбітшілік пен кеңдіктің, Елтаңбамыз — бірлік пен берекенің, Әнұранымыз — айбынымыз бен асқақ рухымыздың белгісі! Осы қасиетті құндылықтарымызды қастерлеу, оларды мақтан тұту — әрбір азаматтың қасиетті борышы. Жүрегімізде отанға деген сүйіспеншілік, елімізде тыныштық орнасын! 🌟 Мереке
Балалар – еліміздің жарқын болашағы
03
маусым
2026
Балалар – еліміздің жарқын болашағы
Мемлекет Басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. ​https://www.instagram.com/p/DZFXjCOCsBA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
Жазғы лагерьдің ашылуы
02
маусым
2026
Жазғы лагерьдің ашылуы
   Бүгін мектебімізде көптен күткен жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл-күймен және жарқын әсерлермен өтті. Алдағы күндері балаларды қызықты іс-шаралар, шығармашылық жұмыстар мен жаңа достар күтіп тұр. Барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын естеліктер және қауіпсіз демалыс тілейміз! https://www.instagram.com/reel/DZClrdVqXaE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Балалар планетасы әлем бояулары»
01
маусым
2026
«Балалар планетасы әлем бояулары»
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған OPEN MIC «Балалар планетасы: әлем бояулары» атты «JAS SURETSHILER KORMESI» халықаралық көрмесіне белсенді қатысып, шығармашылық қабілеті мен көркем өнерге деген қызығушылығын танытқаны үшін: • 5 «Е» сынып оқушысы Шөжебай Хадиша Жетекшісі: Турғанбаева Фариза • 8 «Д» сынып оқушысы Шекербай Кәусар Жетекшісі: Ақылбай Айгерім марапатталады. Оқушыларымызды және жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер
«Білімім – Отаныма»
27
мамыр
2026
«Білімім – Отаныма»
25.05.2026 күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, білімнің қоғамдағы маңызын түсіндіру және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға баулу. 🇰🇿 Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, Отанға қызмет етудің ең басты жолы – сапалы білім алу екенін атап өтті. Білім – болашаққа салынған берік негіз! Отанға қызмет – әр азаматтың парызы!
Сыңғырла, соңғы қоңырау… 🔔
26
мамыр
2026
Сыңғырла, соңғы қоңырау… 🔔
25 мамыр — жүректе мәңгі сақталатын ерекше күн. Бүгін мектебіміздің түлектері алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. Түлектердің бітіру кеші көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, әсем ән мен тәтті естеліктерге толы болды ✨ Мектепте өткен әрбір сәт, ұстаздардың берген білімі мен тәрбиесі — түлектеріміздің болашағына жол ашатын үлкен өмірлік азық. Құрметті түлектер, сіздерге сәттілік, жарқын болашақ, биік мақсат пен үлкен жетістіктер тілейміз! Жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық болсын! 🎓
«Бастауыш – бақыт мекені!»
25
мамыр
2026
«Бастауыш – бақыт мекені!»
Мектебімізде 4-сынып оқушыларының бастауышпен қоштасуына арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше іс-шараның өтуіне өз үлесін қосып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен 4-сынып жетекшілеріне шын жүректен алғыс білдіреміз. Ал шәкірттерді жылы қабылдап алатын 5-сынып жетекшілеріне шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз! Сондай-ақ кештің көркін келтірген өнерлі оқушыларға және қолдау көрсеткен ата-аналарға үлкен рақмет! Бастауышпен қоштасқан бүлдіршіндеріміздің
ХАБАРЛАНДЫРУ
15
мамыр
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ
  Құрметті Думан ықшам ауданының тұрғындары! №172 мектеп-гимназиясына 1 сыныпқа бала қабылдау EGOV.KZ сайты арқылы маусым айының 10 нан ҚАБЫЛДАНАДЫ. 1 сыныпқа осы 2026 жылы желтоқсан айына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.  Құжаттар тізімі Ø  Көк файылды папка (10 беттік) Ø  Баланың туу туралы куәлігі (көшірме) Ø  3*4 сурет - 2 дана Ø  Мед картасы (065-ф, 026-ф, бала денсаулық паспорты) Ø  Ата-анасының төл құжаты (көшірме) Байланыс телефоны: 8702 649 2449 Жұмыс уақыты: 09.00-17.00
Алғыс хат
08
мамыр
2026
Алғыс хат
  №172 мектеп-гимназиясының педагог-психологтары Берикбаева Лира Бейсақимовна мен Кансаитова Гульнара Нурлыхановна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Әріптестеріміз отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы ғылыми жобаға белсенді қатысып, кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін жоғары бағаланды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және

Жаңалықтар топтамасы

15 мамыр 2026 ХАБАРЛАНДЫРУ
08 мамыр 2026 Алғыс хат
23 сәуір 2026 «Дос болайық»
15 сәуір 2026 «Дос болайық»