Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Абай тағылымы-халық тағылымы”
20
қазан
2022

“Абай тағылымы-халық тағылымы”

   № 172 мектеп-гимназиясы “Оқитын мектеп” жобасы бойынша “Абай тағылымы-халық тағылымы” қара сөздерін талдау, атты кітапханалық сағат ұйымдастырды.
Шара ұйымдастырушысы: кітапхана меңгерушісі Д.С.Қожамбердиева.

Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан

(А. Құнанбаев)

Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақынымыздың туылғанына да биыл 177 жыл толып отыр. Осы орайда, мектебіміздің 6- сыныптары арасында " Абай мұрасы - халық мұрасы" тақырыбында ақынның қара сөздерін дәріптеуге, жыр жолдарын мәнерлеп оқуға арналған танымдық кеш өтті.
Кештің мақсаты, Абай оқуларын ұрпақ санасында мәңгі жаңғыртып, ұлықталып отыруына мүмкіндік беру және Қазақтың әдеби дүниетанымындағы маржанын теріп, адамгершілік пен тәрбиені ұштастыра білген ұлы ақынның 45қара сөзінің мән- мағынасына тоқталу болды.
Адами құндылықтарды дәріптеген он жетінші қара сөзіне тоқталған оқушылар, ой қоржындарына біраз дүниені салып алғандары анық болды. Осындай танымдық кештен зор әсер ала отырып, жалғасын тапқанын қалайтындарын жеткізді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

03 маусым 2022 "Дара оқырман"
25 ақпан 2022 "Домбыра үні"
04 ақпан 2022 "Кел, Болашақ"
25 желтоқсан 2021 "Жасыл мектеп" жобасы
25 желтоқсан 2021 "Жасыл мектеп" жобасы
21 қаңтар 2021 "Абай мұрасы"
21 қаңтар 2021 Ұлы Абай оқулары