02
қазан
2025
Ұстаздар күні – мәңгілік мереке!
Мектебімізде ұстаздар күніне орай Медеу аудандық «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты ұстаздар династиясына арналған ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтті.Бұл кешке әр әулеттің ұстаздары жиналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұстаздық дәстүрдің биік үлгісін көрсетті.Кештің шымылдығы әсем күймен ашылып, одан әрі әуезді ән, мың бұралған би, жүрекжарды жырлармен жалғасын тапты. Әрбір өнер көрсетілімінде ұстазға деген шексіз құрмет пен ыстық ықылас сезілді.
Салтанатты кештің соңында ұстаздық еңбектің қадір-қасиетін тереңінен танытқан бейнеролик көрсетіліп, қонақтарға сый-сыяпат табысталды. Ізгі тілектерін арнаған қонақтар №172 мектеп-гимназиясының ұстаздарын мерекемен құттықтап, алғыстарын білдірді.
Кешті мазмұнды етуге атсалысқан ұстаздар мен өнерлі оқушыларға шынайы алғыс айтамыз!
Жылы жүздер, естелік суреттер мен ізгі ниеттерге толы бұл басқосу – ұстаз еңбегінің мәңгілік екенінің айқын дәлелі болды.
Ұстазға тағзым – ұлтқа тағзым!
https://www.instagram.com/reel/DPTKid1jFax/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTBvN2Z4YjFzcG9qYQ==