Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сәуір
2022

«Көктем аруы»

    2022 жылдың 11-сәуір күні  1-сынып бірлестігінің ұйымдастырумен 1-сынып оқушылары арасында   «Көктем аруы» сайысы  өткізілді. 
Сайыстың мақсаты: кішкентай бүлдіршін қыздарымыздың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыра отырып, «Қазақ қызы»деген атқа лайықты ойы әсем,парасатты,ақылды,білімді болып өсуге үйрету.
Міндеттері: әр қыз баланың танымдық,шығармашылық қабілетін,әдемілікке деген талғамдарын,өнерін дамыту,мейірімділікке,әдептілікке,әдемілікке тәрбиелеу болып табылады.
Аталған іс-шараға 1-сыныптар толығымен қамтылып, әр сынып бойынша 1-оқушы қыздан өзара сайысқа түсті. Сайыс шарттары төрт кезеңге бөлінді.Атап айтқанда «Сөз басы-сәлем», «Тез ойла,тез құрастыр», «Өнерлі   өрге жүзер», «Сән үлгісі» кезеңдері.
«Сөз басы-сәлем « кезеңі бойынша әр сыныптан шыққан қатысушылар   өздерін өлең шумақтарымен,бейнеролик,ән арқылы таныстырды.
«Тез ойла,тез құра»кезеңінде «Қазақстан» сөзіндегі әріптердің орнын ауыстыра отырып жаңа сөз құрастырды. Бұл тапсырмада қыздарымыздың ой-өрісі,тапқырлығы,шапшаңдығы сыналды.
«Өнерлі өрге жүзер»кезеңінде кішкентай аруларымыз табиғат сыйлаған қасиеттерін паш ете отырып  нақышына келтіре ән айтып, мың бұрала билеп көрерменді өз өнерлерімен  сүйсінтті. Сайыстың төртінші шарты бойынша ару қыздарымыз   музыка ырғағымен  сән үлгісін көрсетті.
Сайыс өз деңгейінде өтіп,мәресіне жетіп,жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда жинаған ұпай сандарының  нәтижесінде 1 «Ж» сынып оқушысы Әбілғазы Сезім  Бас жүлде, 1 «Д» сынып оқушысы Қапан Айзере 1-орын, 1 «К»сынып оқушысы Нартай Аянат 2-орын,1«И»сынып оқушысы Бауыржан Балжандар ерекше көзге түсіп жүлделі орындарға ие болса,ерекше қасиеттерімен көзге түскен ару-қыздарымызға «Зерек ару», «Инабатты ару», «Бұрымды ару», «Өнерлі ару», «Зейінді ару», «Сүйкімді ару», «Сыпайы ару», «Талғампаз ару»номинациялары мен мақтау қағаздары,сыйлықтар табыс етілді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

24 наурыз 2022 Жыл басы-Наурыз
03 наурыз 2022 "Алғыс айту"
25 ақпан 2022 "Домбыра үні"
21 қаңтар 2022 «Біз біргеміз»
25 желтоқсан 2021 "Жасыл мектеп" жобасы
15 желтоқсан 2020 Тәуелсіздік тұғырым
05 қараша 2020 "Golden Autumn-2020"
23 қазан 2020 Адал ұрпақ