Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп ұстаздарымен 26 желтоқсанда парламенттің жоғарғы палатасы қабылдаған "мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын" талқыладық.
20
қаңтар
2020

Мектеп ұстаздарымен 26 желтоқсанда парламенттің жоғарғы палатасы қабылдаған "мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын" талқыладық.

Мектеп ұстаздарымен 26 желтоқсанда парламенттің жоғарғы палатасы қабылдаған "мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын" талқыладық. Мұғалім мәртебесі туралы заңның мақсаты - "білім беру заңнамасындағы олқылықтарды жою, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азайту, педагог мәртебесін реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық тетіктерді жетілдіру" болып табылады. Заңға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері өз пікірлерін білдірді. 1)Мұғалім мәртебесін көтеру мәселесін өкімет заңды түрде қолға алғаны педагогтар қауымын жігерлендіреді. Әр жас маман өзін қорғаулы, сенімді мамандық иесі екенін сезінеді. Әлемде түрлі көзқарас пен ақпарат жиі таралатын уақытта бұл "мұғалім мәртебесін" қолдау үдерісі заңдылық деп түсінемін деген оймен Камзаева Сандуғаш өз пікірін білдірді. 2)Мұғалім мәртебесі туралы заңның 12-бабындағы "әлеуметтік кепілдіктер" бойынша ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын үйге, қызметтік үйге, жатақханаға, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кепілдіктер берілетіні қуантады. Әсіресе жас мамандар мен жас отбасының педагог мамандығын таңдауға жігерлендіріп, ынтасын арттыра түседі деп, З.Н.Нұрбекова өз ойын ортаға салды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

02 маусым 2014 Конкурс жаттары