Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қаңтар
2022

«Біз біргеміз»

Мемлекетіміз үшін 2022 жылдың басы айтарлықтай күрделі кезеңнен басталды. Әкімдік тарапынан төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік көмекке мұқтаж қалалықтарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланы қалыпта ұстау мақсатында қала әкімі тынбай жұмыс істеп жатыр. Еске салсақ, Б.Ә.Сағынтаев Алматыны 2019 жылдың маусым айынан басқарып келеді. Алматы қаласы осы қаңтар оқиғасына шейін Б.Ә.Сағынтаевтың «Город без окраин» стратегиясының арқасында берекелі қалаға айналып келе жатты. Тұрғындармен үнемі тікелей эфирға шығып, кері байланыс орната білді. Әкім басшылығымен жүзеге асып жатқан залал тиген бизнес орталықтарын қалыпқа келтіру және Алматының одан әрі дамуы жөніндегі жұмыстары көңіліміздегі үрей мен қорқынышты сейілтті. Білім саласын да назардан тыс қалдырмай, ұстаздар мен оқушылардың қажеттіліктері мен қауіпсіздігін бақылауда ұстап отыр.2009 жылғы Президент Жолдауы бойынша, педагогтердің жалақысын 3 жылда әр жыл сайын 25 пайызға арттырып отыруы тиіс делінген. Соған сәйкес Б.Ә.Сағынтаев 2022 жылдың қаңтарынан бастап, барлық мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің айлығының көбейгенін айтты. Ұстаздар қауымының еңбегі еленіп жатқаны қуантарлық жайт. Себебі, шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, дұрыс бағыт-бағдар беруде еңбектері зор. Әлеуметтік өміріміз бен қызметімізді толыққанды жүргізуге еш кедергі жоқ. Осы қарқынмен әсем қаламыз Алматыға бұрынғыдай марқайып қарайтын шаққа бірге жетейік!  

  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

03 наурыз 2022 "Алғыс айту"
06 желтоқсан 2021 Дөңгелек үстел
01 қараша 2021 Марапаттау
09 қыркүйек 2021 "Мектепке жол"
23 қазан 2020 Адал ұрпақ