Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2022 года
Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы
31
наурыз
2022
Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы
  Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы ПРЕСС-РЕЛИЗ 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың бірінші сыныптарына қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада  https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі. Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды
"Озық тәжірибелі ұстаздардың тиімді әдіс-тәсілдерін тарату"
31
наурыз
2022
"Озық тәжірибелі ұстаздардың тиімді әдіс-тәсілдерін тарату"
   Мектебімізде "Озық тәжірибелі ұстаздардың тиімді әдіс-тәсілдерін тарату" атты педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты нәтижелі, тиімді әдістерді ортаға салып, тәжірибе алмасу арқылы озық тәжірибені тарату. Бұл семинарға барлық бірлестік түгел қатынасып, ең тиімді әдістерін тәжірибе ретінде көрсетті. Педогогикалық кеңеске үлкен дайындықпен келіп, ұйымдастырушы болған озық тәжірибелі маманымыз, шебер ұстаз Такишева Алмагүл апайға үлкен алғыс білдіреміз! Тәрбилеп, білім беріп отырған оқушыларыңыздан
«Жаһандану жағдайындағы білім берудің тенденциялары»
30
наурыз
2022
«Жаһандану жағдайындағы білім берудің тенденциялары»
     Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің  «Педагогика және Психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының  докторы Тұрғынбаева Батигүл Алтайқызы 30 наурыз 2022ж. күні Алматы қаласы  № 172 мектеп-гиназия ұжымымен    «Жаһандану жағдайындағы білім берудің тенденциялары» тақырыбында  семинар өткізд і.
"Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту-өмір талабы"
30
наурыз
2022
"Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту-өмір талабы"
    Мектеп-гимназиямызда 25-наурыз күні "Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту-өмір талабы" тақырыбында мұғалімдерге арналған әдістемелік отырыс өткізілді. Әдістемелік отырысқа әр бірлестіктен ұстаздар шақырылып, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту бойынша озық әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
"ҒАСЫР ТОЛҒАУЫ" атты көрме
29
наурыз
2022
"ҒАСЫР ТОЛҒАУЫ" атты көрме
  Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Көркем еңбек пәні мұғалімдері шығармашылығы бойынша Республикалық "ҒАСЫР ТОЛҒАУЫ" атты көрме өтті. Көрмеге мектебіміздің  "Көркем еңбек" пәнінің мұғалімдері қатысып, Дипломмен марапатталды. Көрменің мақсаты Көркем еңбек пәнінің  мәртебесін көтеру, Республика мұғалімдерінің тәжірибе алмасуы.  
"Жемісті жұмыс жеңіс" атты бірлестік жетекшілерінің дөңгелек үстелі
29
наурыз
2022
"Жемісті жұмыс жеңіс" атты бірлестік жетекшілерінің дөңгелек үстелі
    Мектебімізде "Жемісті жұмыс жеңіс" атты бірлестік жетекшілерінің арасында дөңгелек үстел өтті. Үстел барысында бірлестік жетекшілерінің бір жыл бойы жасаған жұмыстары, жеткен жетістіктері талқыланды. Бірлестік жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды. Шараны ұйымдастырған Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ахметбекова Анар Сәкенқызы. 
Жыл басы-Наурыз
24
наурыз
2022
Жыл басы-Наурыз
  Халқымыз ежелден Ұлыстың Ұлы күніне балап, жыл басы санаған  Наурыз – ырыс пен берекенің, татулық пен бірліктің ізгілікті мейрамы. Баршаңызды осы ұлағатты Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз мерекесіне орай Медеу ауданы аппаратының ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шарадан көріністер.
"Сharity event" қайырымдылық акциясы
18
наурыз
2022
"Сharity event" қайырымдылық акциясы
   Ағылшын тілі бірлестігінің 3-күні "Сharity event" қайырымдылық акциясы аясында өтті. Кейбір сыныптар, жекелей емес, сынып болып қайырымдылық жасаудан жарысты. Бізге білімнен бөлек, адамгершілік құндылықтары бірінші орында тұратынын ұмытпайық!  
"Ағылшын тілі" апталығы
18
наурыз
2022
"Ағылшын тілі" апталығы
  Ағылшын тілі апталығының 2-күнінде бірлестік АҚШ-қа саяхат жасағандықтан, мектеп блогерлерінің де сұхбаттары да АҚШ туралы болды. Осындай апталыққа белсенді қатысып жатқан қатысушы ұстаздар мен оқушыларға ағылшын тілінен деңгейлерінің жоғары болуын, функционалды сауатты болып өсулерін тілейміз! 
"Бала қорғау" жобасы
18
наурыз
2022
"Бала қорғау" жобасы
    Жобамен толығырақ  https://bala.gov.kz   сайтта танысуға болады.  
"Ағылшын тілі" апталығы
17
наурыз
2022
"Ағылшын тілі" апталығы
  Апталықтың бірінші күні өте жоғары белсенділікпен "Answer the questions" айдарымен басталды. Бұл айдар бойынша дұрыс жауап тапқандарға тәттілер үлестірілді. Бірлестік мүшелері апталықтың бірінші күні Франция астанасы Парижге саяхат жасап, "Education in different countries" тақырыбында ашық сабақ өтті. 
"Charity Event" қайырымдылық акциясы
17
наурыз
2022
"Charity Event" қайырымдылық акциясы
   Ағылшын тілі бірлестігі "Charity Event" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мектепте апталық ішінде осы орынға фотоға түсіп, оны 100 тг төлем жасау арқылы сатып алуға шақырды. Жиналған қаражатты жағдайы төмен оқушылардың отбасына көмек ретінде беру негізге алынды. Бастамаларына сәттілік тілейміз! Осындай бастамаларды жасап жүрген бірлестіктерге алғыс айтамыз! 
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
16
наурыз
2022
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанның жаңа бағыттары мен бастамаларын тізбектеп айтты. 
Ас мәзірі 2022 ж
16
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022 ж
№172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі 
Хабарландыру Ата-Аналарға
16
наурыз
2022
Хабарландыру Ата-Аналарға
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) НҰСҚАУЛЫҒЫ Egov «электрондық үкімет» порталынан «Білім» бөлімін таңдау қажет;  «ОРТА БІЛІМ» батырмасын басу қажет; «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» мәтінін таңдау қажет; «ОНЛАЙН СҰРАУ» батырмасын басу қажет; Egov «электрондық үкімет» порталына кіру әрекетін таңдау керек: ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік құпиясөз
Хабарландыру  Ата-Аналарға
16
наурыз
2022
Хабарландыру Ата-Аналарға
Хабарландыру!!! Құрметті ата-аналар  №172 мектеп-гимназиясына 1-сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1-сәуірінен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.  ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес №172 мектеп-гимназиясына 1 сыныпқа баласын беретін ата-ананың тіркеудегі мекен-жайы мектеп аумағына қарасты болуы керек. 1 сыныпқа осы 2022 жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Әр ата-ана Egov.kz  сайтына  кіріп, электронды түрде мектепке өтініш қалдыра алады. Құжаттар тізімі 
"Алтын Сақа"олимпиадасы
16
наурыз
2022
"Алтын Сақа"олимпиадасы
   Бастауыш сыныпта 3-4 сыныптар арасында  "Алтын Сақа" олимпиадасы өтті. Жүлдегерлер мақтау грамотасымен марапатталды. 
Ас мәзірі 2022 ж
15
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022 ж
  №172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі  
2022 жыл "Балалар жылы"
15
наурыз
2022
2022 жыл "Балалар жылы"
   2022 жыл "Балалар жылы" аясында, қазақ күресінен Шымкент қаласында 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында еңбек ардагері Аббас Мәжитұлының жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Сол турнирге қатысып, жүлделі II орынды иеленген мектебіміздің 6 "И" сынып оқушысы Тойжан Әлімжанды жеңісімен құттыктаймыз! Бапкері Күнесбай Төлегенге зор алғыс білдіреміз!
Ас мәзірі
14
наурыз
2022
Ас мәзірі
  №172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі  
"Ұлттың алтын діңгегі - рухани құндылық"
14
наурыз
2022
"Ұлттың алтын діңгегі - рухани құндылық"
  "Ұлттың алтын діңгегі - рухани құндылық" атты қоғамдық білім негіздері апталығының соңғы күні ерекше креативке толы болды. Сергіту сәтінде тарихтың география пәнімен ұштасуына белгілі бір елдің туларын географиялық мекендеріне орналастыру жұмысы жасалса, артынша хронологиялық тізбекпен тарихи окиғалар ретімен қойылды. Апталықтың қорытынды кеші тіпті керемет өтті. Ұлттық салт-дəстүрімізді насихаттау мақсатында тұсау кесу рәсімі өтті. Ұлттық нақышта жасалған көрнекіліктері мен қазақтың кең
Ас мәзірі 2022ж
11
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022ж
 №172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі  
"Ұлттың алтын діңгегі - рухани құндылықтар"
11
наурыз
2022
"Ұлттың алтын діңгегі - рухани құндылықтар"
  №172 мектеп-гимназиямызда Қоғамдық пәндер бірлестігінің екінші айналымдағы апталығы басталды. "Ұлттың алтын діңгегі - рухани құндылықтар" деп аталатын апталықтың ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың би флешмобы тіпті керемет. Жоғары сыныптың оқушылары қазақтың ұлттық менталитетіне сай, рухани бай өлеңдеріне, сондай-ақ "Қара жорғаға" үлкен масштабта би биледі. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын осындай деңгейдегі шаралар мектебімізге қажет-ақ. Сергіту
" ЖАСЫЛ МЕКТЕП"
11
наурыз
2022
" ЖАСЫЛ МЕКТЕП"
  №172 мектеп-гимназиясының биология пән мұғалімдері Армияева Назерке мен Көбегенова Айгүл  "Жасыл мектеп" жобасын жүзеге асыруға ат салысқаны үшін Болат Өтемұратов Қорынан Алғыс хат алды. Құттықтаймыз!  
Ас мәзірі 2022ж
10
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022ж
   №172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі  
"STARS OF SCIENCE"
10
наурыз
2022
"STARS OF SCIENCE"
    №172 мектеп-гимназиясының  5"И" сынып оқушысы Рахымжан Томирис  Нұр-Сұлтан қаласында өткен "STARS OF SCIENCE" тақырыбында оқушылар мен студенттерге арналған III Республикалық ( халықаралық қатысуымен) ғылыми-практикалық конференсиясының III- дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі Рахышова Райкул Жумакановна. Құттықтаймыз!   
Ас мәзірі 2022 ж
09
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022 ж
№172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі
" Заман педагогы"
09
наурыз
2022
" Заман педагогы"
№172 мектеп-гимназия ұстаздары Болатхан Панар мен Чинасилова Бибигул апайларымыз "Заман педагогы" төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз. 
" Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір"
05
наурыз
2022
" Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір"
   2-сыныптар бірлестігі 4-күні аналар мерекесіне орай "Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы" атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Ардақты аналарға арналып ән де айтылды, күй де шертілді, өлең жолдары да жолданды, би де биленді, бүлдіршіндеріміз жылы тілектерін де жеткізіп жатты. Өнерлі оқушылардың санында шек жоқ. Аналарды құрметтеу, олардың даналығын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін жоғары бағалау қашан да маңызды болмақ. 
Ас мәзірі 2022ж
04
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022ж
№172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі  
Ата- Бақыт, Ана-нұр
04
наурыз
2022
Ата- Бақыт, Ана-нұр
 Мектебімізде 8-наурыз "Аналар" күніне орай 9-сынып оқушылары Ата-бақыт, Ана-нұр атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар мен сынып жетекшілеріне рақмет айтамыз. 
"Әріптер маржаны"  "Қылқалам шеберлері
04
наурыз
2022
"Әріптер маржаны" "Қылқалам шеберлері
  2-сынып бірлестігінің екінші күні "Әріптер маржаны" атты көркем жазу сайысымен басталып, "Қылқалам шеберлері" сурет байқауымен аяқталды. Осындай сайыстар оқушыларымызды алға жетелеп, білім биігінен көрінулеріне септігін тигізері анық. 
Ас мәзірі 2022 ж
03
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022 ж
 №172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі  
Алматы қаласы Полиция департаменті Ескертеді!
03
наурыз
2022
Алматы қаласы Полиция департаменті Ескертеді!
  Алматы қаласы Полиция департаменті тұрғындарды интернет желісі арқылы алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақтық шараларын ұстануға шақырады. Интернет-алаяқтық белең алған заманда жоғарыда көрсетілген ескертулерге құлақ асыңыздар! 
"Алғыс айту"
03
наурыз
2022
"Алғыс айту"
   Өзін-өзі тану бірлестігінің 2-ші күні "Алғыс айту" мерекесімен тұспа-тұс келді. Ұжым ерекше ыстық ықыластарымен барлығын жылы қарсы алып, көктемнің алғашқы күнін жүректерімізге жеткізгендей болды. Бірлестік ұжымы жас пен кәріге мүмкіндігінше алғыс айтып, баршасымен жыл басы Наурызда қайта дидарласқандарына қуанышты екендерін жеткізді. Сол ізбен барлық мектеп ұжымы айналасына бір қарап, алыс-жақынды түгендеп, шынайы алғыстарын жолдап жатты. 
Ас мәзірі 2022ж
02
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022ж
№172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі  
"Пара алу құрдымға апарар жол"
02
наурыз
2022
"Пара алу құрдымға апарар жол"
  26 ақпан күні мектеп- гимназиямызда педагог ұйымдастырушы Жанадилова Ақмаралдың жетекшілігімен 9-10-сыныптар арасында "Пара алу құрдымға апарар жол" атты көрініс байқауы өтті. Осындай ауқымды шарада оқушылардың ой-өрістерінің кең, құқықтық мәдениеттерінің жоғары екендігі аңғарылады. Шараның мақсаты XXI ғасырдың індетіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырып, оның алдын алу жолдарын көрсету болатын. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені🏆 9"Б" сыныбы, 🥇 орынды 10"Ә"
ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫ БОЛСЫН
01
наурыз
2022
ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫ БОЛСЫН
   Президентіміз Қ.К.Тоқаев Нұр Отан партиясының кезектен тыс XXII съездінің алқалы жиынын өткізді. Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген партияның құрылған күнінің астарында символдық мән бар. Президент "Жаңа Қазақстанды" құруда жаңа мақсат-міндеттердің пайда болғанын алға тартып, партия жұмыстарын жаңғырту керек екенін мәлімдеді. Осы тұста Партия атауын "Аманат" деп ауыстыру ұсынылды. Себебі, "аманат" ұғымы ұлтымыз үшін айрықша мәні бар киелі ұғым. Партияның атына заты сай болып, әрбір
Ас мәзірі 2022ж
01
наурыз
2022
Ас мәзірі 2022ж
    №172 мектеп-гимназияның тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына күнделікті берілетін тағамдардың мәзірі.
"Өзін өзі тану" бірлестігі апталығы
01
наурыз
2022
"Өзін өзі тану" бірлестігі апталығы
  "Өзін өзі тану" бірлестігі 2-ші айналымдағы апталықтарын сәтті бастады. Көктемнің шуақты күндеріндей жылы алақандарынан дәм ауыз тиіп, мейірім, махаббат, адалдық сынды такырыптарда тілек-лебіздер айтылды. Әлеуметтік педагогтермен бірлесе отырып, "Жақсылық жәрмеңкесі" ашылып отыр. Қайырымдылық жасау - сауапты іс. Осындай шаралардың өз деңгейінде мақсатты жүзеге асуында жұмыс жасап жатқан бірлестік ұжымына алғысымыз шексіз!