Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 14 наурыз - Көрісу күні
14
наурыз
2021

14 наурыз - Көрісу күні

  Көрісу айт мерекесі құтты болсын! Бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын, бүгінде еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған дәстүр. Шартты түрде наурыздың 14-і «Көрісу күні» (кейде «қауышу күні) деп аталады. Ал халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады.
   Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаң бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады.
 Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Өйткені Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

23 қазан 2020 Адал ұрпақ
02 маусым 2014 Конкурс жаттары