Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2026 года
“Біз – бір елміз”
30
сәуір
2026
“Біз – бір елміз”
1 мамыр – Бірлік күніне орай “Біз – бір елміз” тақырыбында сынып сағаты өткізілді Шара барысында оқушылар бірлік пен татулықтың қадірін түсініп, достықтың маңызын терең ұғынды. Әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрі – еліміздің байлығы екені насихатталды. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздің болашағы жарқын болсын!
«Дарынды 1000 бала»
29
сәуір
2026
«Дарынды 1000 бала»
№172 мектеп-гимназиясының   5 “К” сынып оқушысы Талғатқызы Раяна Астана қаласында өткен «Дарынды 1000 бала» республикалық олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды 🏆 Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Икласова Меруерт. Жас дарынға алдағы уақытта да биік белестер мен үлкен жетістіктер тілейміз!    
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
29
сәуір
2026
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
  Алматы мемлекеттік бизнес колледжі мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында колледж мамандары оқушыларға оқу орындарының бағыттары, мамандықтар, қабылдау талаптары және болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер туралы толық ақпарат берді. Шараға мектебіміздің 9-сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау бойынша маңызды мәліметтер алды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ
“Зерделі ұрпақ”
29
сәуір
2026
“Зерделі ұрпақ”
Кішкентай қадам – үлкен жеңіс! 3-сыныптарымыз “Зерделі ұрпақ” байқауында Медеу ауданы бойынша 2-орын алды Жарайсыңдар, білімді бүлдіршіндер! Болашақтарың жарқын болсын!  
Республикалық «ALMATY DAUYSY»
28
сәуір
2026
Республикалық «ALMATY DAUYSY»
№172 мектеп-гимназиясының оқушысы Темірбай Айару (2 «И» сынып оқушысы) Республикалық «ALMATY DAUYSY» вокалдық байқауында 🥇 I орын иеленді! Жас дарынға шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!  
«Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі!»
28
сәуір
2026
«Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі!»
«Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі!» №172 мектеп-гимназия ұжымы тазалық акциясын қолдап, мектеп аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысты. Аула тазаланып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Тазалық – әрқайсымыздан басталады. Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық. Осындай игі істер арқылы біз қоршаған ортаны таза, әдемі әрі жайлы етеміз. Бірге — таза, бірге — жарқын болашақ үшін!  
Ата-аналар жиналысы
28
сәуір
2026
Ата-аналар жиналысы
Медеу ауданы полиция басқармасының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіліп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа қатысқан тұлғалар:👮‍♂️ Медеу ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі – Нағашбеков Айдар Мекембаевич👮‍♀️ Ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты – Натқашова Айдана Әлиқызы👮‍♂️ Медеу ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры
«Балалар басылымдары – кітапханаға бастайтын жол»
28
сәуір
2026
«Балалар басылымдары – кітапханаға бастайтын жол»
«Балалар басылымдары – кітапханаға бастайтын жол» 3 «Д» сыныбында оқушыларды балалар басылымдарымен таныстыру барысында «Балдырған» журналымен танысты Балалар журналдың қызықты ертегілері мен танымдық материалдарын қызыға қарап, өз ойларымен бөлісті. 📖 «Балдырған» – балалардың ой-өрісін дамытатын, қызықты әрі пайдалы басылым!  Сынып жетекшісі: Нуртаева Гульжаухар Нуркельдиевна https://www.instagram.com/reel/DXr5YQkCm3h/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  
Марапат иесін құттықтаймыз
27
сәуір
2026
Марапат иесін құттықтаймыз
Жас мамандар сайысына жетекшілік еткен №172 мектеп-гимназиясының II дәрежелі хас шебері Бегімбек Айгүл Қуатжанқызы білім беру саласындағы кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, жас мамандардың дамуына елеулі үлес қосты ✨ Еңбегі еленіп, кәсіподақ атынан куәлікпен марапатталды 🏅 Алдағы уақытта да абыройлы еңбегі мен жемісті жетістіктері арта берсін! Шығармашылық табыс пен толағай сәттілік тілейміз.
Марапат иесін құттықтаймыз!
27
сәуір
2026
Марапат иесін құттықтаймыз!
Жас мамандар сайысына жетекшілік еткен №172 мектеп-гимназиясының I дәрежелі хас шебері Нуртаева Гульжаухар Нуркельдиевна білім беру саласындағы кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, жас мамандардың дамуына елеулі үлес қосты ✨ Еңбегі еленіп, кәсіподақ атынан куәлікпен марапатталды 🏅 Алдағы уақытта да абыройлы еңбегі мен жемісті жетістіктері арта берсін! Шығармашылық табыс пен толағай сәттілік тілейміз  
Жас мамандар сайысы
27
сәуір
2026
Жас мамандар сайысы
03.04–24.04.2026 аралығында 1 айға созылған жас мамандар сайысы өз мәресіне жетті 🎉 Қатысушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз! Сіздердің шығармашылық ізденістеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен тың идеяларыңыз болашақта үлкен жетістіктерге жетелейді деп сенеміз. Әрбір қадамдарыңыз нық, еңбектеріңіз жемісті болсын! Білім жолындағы талпыныстарыңыз артып, шәкірт тәрбиелеуде биік белестерді бағындыра беріңіздер. Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында қажымай еңбек етіп, өз ісінің
«Ғарышқа саяхат» макеттер байқауы
24
сәуір
2026
«Ғарышқа саяхат» макеттер байқауы
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай мектебімізде 5–6 сыныптар арасында  «Ғарышқа саяхат» макеттер байқауы өтті! Оқушылар өз қиялындағы ғарыш әлемін ерекше макеттер арқылы көрсетті Зымырандар, ғарыш станциялары, болашақ қалалар – барлығы да жоғары деңгейде дайындалған 🔹 Қатысушылардың шығармашылығы мен ізденісі ерекше таңғалдырды 🔹 Әр жұмыс өзіндік идеямен және шеберлікпен орындалды Жеңімпаздарды құттықтаймыз 🏆 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!  Ғылымға қызығушылық – болашаққа қадам!  
«Дос болайық»
23
сәуір
2026
«Дос болайық»
9 “Б”; 9 “Г”; 9 “И” сынып оқушыларына «Дос болайық» бойынша мамандық таңдау тренинг өткізілді. Бұл тренингтің негізгі мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және олардың болашақ кәсіби жолын саналы түрде айқындауға көмектесу. Оқушыларды өз қабілеті мен қызығушылығын тануға үйрету; Әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат беріп, олардың ерекшеліктерін түсіндіру; Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру; «Дос болайық» ұстанымы арқылы қолдау мен ынтымақтастық
«ҰБТ: ата-ана мен балаға ортақ сынақ» ата – аналарға арналған тренинг
23
сәуір
2026
«ҰБТ: ата-ана мен балаға ортақ сынақ» ата – аналарға арналған тренинг
17.04.2026 жылы «ҰБТ: ата-ана мен балаға ортақ сынақ» ата – аналарға арналған тренинг өтілді. Мақсаты: Ата-аналарды ҰБТ кезеңінде психологиялық тұрғыдан қолдау; Баланың эмоционалды жағдайын түсінуге және дұрыс бағыттауға үйрету; Отбасында сенімділік пен қолдау атмосферасын қалыптастыру; Ата-ананың өз күйзелісін басқару дағдыларын дамыту https://www.instagram.com/reel/DXZyR7OCu1R/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Жас мамандар” сайысының ашық сабақтары
22
сәуір
2026
“Жас мамандар” сайысының ашық сабақтары
“Жас мамандар” сайысының 3-кезеңі — “Жаңа леп” тобының ашық сабағы Бұл кезеңде қатысушылар білім берудегі жаңашыл көзқарастарын, ерекше идеяларын және тиімді әдістерін ұсынды. Ашық сабақ барысында әрбір сәт ізденіске, тәжірибе алмасуға және кәсіби дамуға бағытталды. “Жаңа леп” — білім саласына жаңа серпін, тың ой мен креативті шешімдердің символы! https://www.instagram.com/reel/DXa0lhuCl6z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  
«Мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі»
21
сәуір
2026
«Мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі»
20.04.2026ж күні мектепте 11-сынып оқушыларына арналған жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, соңғы қоңыраудан кейінгі қауіпсіздік шараларын түсіндіру және тәртіпті сақтау мәселелерін талқылау болды. Жиналысқа мектеп директоры, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сондай-ақ 11-сыныптардың сынып жетекшілері қатысты. Жиналыс барысында мектеп инспекторы оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда өзін-өзі
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
20
сәуір
2026
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
2026 жылдың  20 сәуірінде мектебіміздің  бастауыш сыныптарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді.  
«Қазақтың ұлттық ойындары – бабамыздан қалған асыл қазына»
16
сәуір
2026
«Қазақтың ұлттық ойындары – бабамыздан қалған асыл қазына»
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді Дене шынықтыру бірлестігінің апталығы аясында өтетін «Қазақтың ұлттық ойындары – бабамыздан қалған асыл қазына» атты іс-шараға шақырамыз! 🗓 Өтетін уақыты: 13.04 – 17.04.2026 ж. Апталық барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылардың ептілігі, жылдамдығы мен шымырлығы сыналады. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұлттық құндылықтарды бірге дәріптейік!
«Дос болайық»
15
сәуір
2026
«Дос болайық»
8 «А»,«Б» сынып қыздарымен «Дос болайық» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: оқушыларды достыққа тәрбиелеу. Бір-біріне деген сыйластықты арттыру маңызды. Оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас қалыптастыру. Достықтың қандай болу керектігін түсіндіру. Топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру. ​https://www.instagram.com/p/DW8xkEZilpL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​ 
“Балалар жазушыларына шолу”
14
сәуір
2026
“Балалар жазушыларына шолу”
 “Балалар әдебиетінің 10 күндігі” аясында “Балалар жазушыларына шолу” атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетін насихаттау және қазақ балалар жазушыларының шығармаларымен кеңінен таныстыру. 3 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі – А. Жумабекова қатысты. Шара Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасында өтті. Кітапхана маманы оқушыларды жылы қарсы алып, кітапхана тыныс-тіршілігімен
«Ұлттық құндылық арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу»
14
сәуір
2026
«Ұлттық құндылық арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу»
 Мектебімізде Зейнеп Ахметова – Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қоғам қайраткері мен ата-аналар арасында «Ұлттық құндылық арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Тағылымды басқосу барысында ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі кеңінен қозғалып, көпшілікке ой салатын маңызды пікірлер айтылды. Кездесу барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көкейлеріндегі мәселелерге жауап алды. Зейнеп Ахметова әрбір сауалға
Қазақстан Республикасының чемпионаты
13
сәуір
2026
Қазақстан Республикасының чемпионаты
 Ақтау қаласында 6–10 сәуір аралығында қазақ күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 750-ге жуық спортшы қатысқан тартысты додада Алматы қаласы, Медеу ауданы №172 мектеп-гимназиясының 3 оқушысы бақ сынады. 🥉 Солардың ішінде 10-сынып оқушысы Тойжан Әлімжан жүлделі III орынды иеленіп, қола медальға қол жеткізді! Жеке бапкері – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Күнесбай Төлеген Қанатұлы. Құттықтаймыз! 
Өрт қауіпсіздігі
13
сәуір
2026
Өрт қауіпсіздігі
«Мектептегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында барлық сыныптарда өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары өтті.
"Үздік цифрлық сабақ"
10
сәуір
2026
"Үздік цифрлық сабақ"
17.03.2026ж алматы қаласында өткен "Үздік цифрлық сабақ" қалалық байқауында Сыдық Жадыра Семабайқызы  I орын иелендеі. Байқау барысында ұстаз өзінің жоғары кәсібилігін, заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдана алатынын көрсетті. Ұсынған сабағы мазмұнды, құрылымы жүйелі әрі оқушыға бағытталған үздік жұмыс ретінде танылды. Бұл жеңіс-табанды еңбек пен үздіксіз ізденістің нәтиесі!
Қалалық «Таланттар саммиті»
10
сәуір
2026
Қалалық «Таланттар саммиті»
9–10 сәуір аралығында «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен қалалық Таланттар саммиті өтті. Мұғалімдердің жетістігі: Саммит аясында мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Баймаханова Б.С. «Дарынды оқушылармен жұмыс: жобалық және зерттеушілік құзыреттіліктерді қалыптастыру әдістері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты. Ол 16 академиялық сағаттық курсты сәтті меңгеріп, арнайы сертификатпен марапатталды. Оқушылардың жетістігі: Сонымен қатар, 9 «И» сынып оқушысы Иса
«БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
09
сәуір
2026
«БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
«БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» 8 сәуір күні барлық білім беру ұйымдарында 11-сынып оқушыларына арналған «Жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында біріңғай республикалық сынып сағаты өткізілді 🇰🇿 Бұл маңызды іс-шараның мақсаты – оқушыларға білімнің мемлекет дамуындағы рөлін түсіндіру, жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер мен басымдықтарды талқылау, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық құндылықтарды нығайту.  Сынып сағаты барысында оқушылар: — Конституциялық
«Жарқыра жайна, жас жұлдыз» Республикалық өнер байқауы
09
сәуір
2026
«Жарқыра жайна, жас жұлдыз» Республикалық өнер байқауы
«Жарқыра жайна, жас жұлдыз» Республикалық өнер байқауында «Мұрагер» кіші тобы Бас жүлде иеленді, және 5А сынып оқушысы Серік Аружан да Бас жүлде жеңіп алды! 🏆🌟 Жетекшісі: Ахмұрзаш Гүлнәр Нұрлыбекқызы. Құттықтаймыз!
“Балафэст” байқауы
08
сәуір
2026
“Балафэст” байқауы
07.04.2026 ж. күні мектебімізде жылдағы дәстүрлі “Балафэст” байқауы өтті! Ауданнан жиналған өнерлі оқушылар түрлі аспаптарда шеберліктерін көрсетіп, ерекше орындауларымен көрермендерді тамсандырды. 🎹🥁🎻 Солардың арасынан суырылып оза шапқан оқушыларымыз: 🥈 2-орын 9 «Ә» сынып оқушысы – Иембердиева Аяулым 8 «А» сынып оқушысы – Алпысбай Айя Жетекшісі: Алимжанова Жанат 🥉 3-орын 5–8 сынып оқушыларынан құралған ансамбль Жетекшісі: Ахмұрзаш Гүлнар                                  Барлық қатысушыларды
«Жарқыра жайна, жас жұлдыз» Республикалық байқауы
08
сәуір
2026
«Жарқыра жайна, жас жұлдыз» Республикалық байқауы
«Жарқыра жайна, жас жұлдыз» Республикалық байқауының аспапта ойнау номинациясында 2«Ә» сынып оқушысы Тұрсынжан Ерсайын Бас жүлдеге ие болды! 🏆 Жетекшісі: Ахмұрзаш Гүлнәр Нұрлыбекқызы.Құттықтаймыз!   
Денсаулық сақтау күніне орай оқушылар арасында ашық сабақ
08
сәуір
2026
Денсаулық сақтау күніне орай оқушылар арасында ашық сабақ
  Денсаулық сақтау күніне орай оқушылар арасында ашық сабақ өткізілді! Аталған шараның басты мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, дұрыс әдеттер қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу болды. Сабақ барысында оқушылар: ✅ дұрыс тамақтану ✅ күн тәртібін сақтау ✅ спортпен айналысудың пайдасы ✅ зиянды әдеттерден аулақ болу сияқты маңызды тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Мұндай шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып
«Жас маман – болашақ білікті ұстаз» жобасы
07
сәуір
2026
«Жас маман – болашақ білікті ұстаз» жобасы
«Жас маман – болашақ білікті ұстаз» жобасының 1-кезеңі жоғары деңгейде өтті!  Бұл кезең жас мамандардың бойындағы ерекше энергия мен шығармашылыққа (креативке) толы болды. Әр қатысушы өз идеясын батыл ұсынып, жаңашыл көзқарастарымен бөлісті. 🔥 Кездесу барысында кәсіби даму, тәжірибе алмасу, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізілді. Жас ұстаздардың белсенділігі мен ізденісі олардың болашақта білікті, заманауи мұғалім болатынына сенім ұялатады. 🌱 Алдағы кезеңдерде де
*ЖАС МАМАНДАР САЙЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!*
06
сәуір
2026
*ЖАС МАМАНДАР САЙЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!*
*ЖАС МАМАНДАР САЙЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!* Сіздерді ерекше шабыт пен жаңа идеяларға толы *«Жас мамандар сайысының»* алғашқы кезеңіне куә болуға шақырамыз! 🗓 Күні: *3 сәуір 2026 жыл* ⏰ Уақыты: *11:00* 📍 Өтетін орны: *АКТ залы* *🎯 1-кезең: «Өзіңді таныт»* _Бұл кезеңде қатысушылар 3–5 минут ішінде өздерін таныстырып, шығармашылық таныстырылымдарын ұсынып, әділқазылар алдында өз қабілеттерін дәлелдейді._ 😍 Сіздерді талантты, батыл, жаңашыл жас мамандардың ерекше идеялары мен жарқын өнерін тамашалауға
*ЖАС МАМАНДАР САЙЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!
06
сәуір
2026
---
*ЖАС МАМАНДАР САЙЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!
 *ЖАС МАМАНДАР САЙЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!* Сіздерді ерекше шабыт пен жаңа идеяларға толы *«Жас мамандар сайысының»* алғашқы кезеңіне куә болуға шақырамыз! 🗓 Күні: *3 сәуір 2026 жыл* ⏰ Уақыты: *11:00* 📍 Өтетін орны: *АКТ залы* *🎯 1-кезең: «Өзіңді таныт»* _Бұл кезеңде қатысушылар 3–5 минут ішінде өздерін таныстырып, шығармашылық таныстырылымдарын ұсынып, әділқазылар алдында өз қабілеттерін дәлелдейді._ 😍 Сіздерді талантты, батыл, жаңашыл жас мамандардың ерекше идеялары мен жарқын өнерін тамашалауға
Халықаралық фестиваль-байқау
03
сәуір
2026
Халықаралық фестиваль-байқау
  Алматы қаласы №172 мектеп - гимназиясының 3 "Г" сыныбының өнерлі балапаны Телеукан Ақерке Ташкент қаласында өткен Халықаралық байқауда ансамбльмен 2 би билеп, әлемнің 76 елінен қатысқан бишілер арасынан 1 орын және 2 орын иеленді! 1-ші диплом (I дәрежелі лауреат) Халықаралық фестиваль-байқау «TASHKENT TALENT FEST» ДИПЛОМ ЛАУРЕАТ ДӘРЕЖЕСІ — I • Ұжым: «Virtuose» би тобы • Номинация: Хореография. Ансамбль «DARYNDAR ALEMI» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ «TASHKENT TALENT FEST 2026»
"Ерекше бала- ерекше әлем"
02
сәуір
2026
"Ерекше бала- ерекше әлем"
  2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Мақсаты: Ерекше білім беру мен әлеуметтік бейімделуге жағдай жасау. Қоғамда мейірімділік пен төзімділікті арттыру. Аутизм туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, қолдау және олардың құқықтарын қорғау Міндеттері: Инклюзивті білім беруді дамытуға ықпал ету. Ерте анықтау мен мамандар көмегінің маңызын түсіндіру, ата-аналарға, мұғалімдерге және қоғамға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Аутизмі бар балалар мен ересектерге қолайлы орта қалыптастыру.
Отбасы құндылығы
01
сәуір
2026
Отбасы құндылығы
Даналық мектебі жоспарына сәйкес «Жеңге кеңесі» клуб жиыны бойынша 9-11сынып оқушыларына «Отбасы құндылығы (Жеңгелерге жеті кеңес)» тақырыбында сабақ өтілді. Мақсаты: Отбасылық тәрбиедегі жеңгенің орнын анықтау. Міндеттері: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерімен таныстыру; Жеңгемен сырласудың, сыйласудың астарын ашу; Қайыніні, қайынсіңлілеріне білгенін үйретуді дағдыға айналдыру; Ұлттық құндылықтар: Адалдық және жауапкершілік;