Ата-аналар жиналысы
Медеу ауданы полиция басқармасының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіліп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа қатысқан тұлғалар:👮♂️ Медеу ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі – Нағашбеков Айдар Мекембаевич👮♀️ Ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты – Натқашова Айдана Әлиқызы👮♂️ Медеу ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры – Қарпықоа Қанат Маратұлы🏫 Мектеп директоры – Чорманова Алия Сбанкуловна
Күн тәртібінде:🔹 ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша ата-аналардың міндеттері🔹 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілік жасы🔹 Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету🔹 Түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге тыйым салу (ҚР ӘҚБтК 442-бабы)🔹 Буллингтің алдын алу және интернет қауіпсіздігі мәселелері
Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ана, мектеп және құқық қорғау органдарының ортақ жауапкершілігі.
Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:
