Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі»
21
сәуір
2026

«Мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі»

20.04.2026ж күні мектепте 11-сынып оқушыларына арналған жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, соңғы қоңыраудан кейінгі қауіпсіздік шараларын түсіндіру және тәртіпті сақтау мәселелерін талқылау болды.

Жиналысқа мектеп директоры, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сондай-ақ 11-сыныптардың сынып жетекшілері қатысты.

Жиналыс барысында мектеп инспекторы оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, соңғы қоңыраудан кейінгі кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау, белгіленбеген орындарда жиналмау, түнгі уақытта заң талаптарын бұзбау жөнінде нақты ескертулер берілді.

Мектеп директоры оқушыларды мектеп беделін сақтауға, тәртіпті болуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға шақырды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшілері оқушыларға жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, ата-ананың бақылауында болу қажеттігін атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

19 желтоқсан 2025 Ата-аналар жиналысы
15 мамыр 2024 "Жол ережелері"
07 желтоқсан 2023 «Біртұтас тәрбие»
18 мамыр 2023 Онлайн жиналыс
24 мамыр 2021 іс шаралар