Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
ХАБАРЛАНДЫРУ
08
тамыз
2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
   Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19
Салауатты өмір салты
26
шілде
2023
Салауатты өмір салты
Қазақстан азаматтарының денсаулығы Мемлекет Басшысы үшін өте маңызды. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа ынталарын өсіруге қолайлы орталар бар. Оқушылар мен балабақша балалары үшін мемлекеттік тегін спорттық үйірмелер ашылған болса, зейнет жасындағы егде адамдарға денсаулықты оңалту орталықтары жұмыс жасап жатыр. Тұрғын үйлердегі балалар алаңдары да күн санап артып, сапалы әрі үлкен ауданды қамтитын балалардың сүйікті алаңдарына айналып келе жатыр.
Нысаналы гранттар
26
шілде
2023
Нысаналы гранттар
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары үшін нысаналы гранттар бөлінді.
"Жайлы мектеп"
25
шілде
2023
"Жайлы мектеп"
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша оқушылардың жан-жақты білім алуы үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында қолайлы мектептер салу жұмысы жүргізіліп, жаңа форматтағы білім ошақтарын салынуда. Осы жоба арқылы білім сапасы артып, еліміздің жастары саналы болып шығатынына кәміл сенеміз!
Нысаналы гранттар
24
шілде
2023
Нысаналы гранттар
"Мемлекет басшысы жастарға нысаналы гранттар бөліп, білім саласына ерекше назар аударуда. Жастарға даму үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан, уақыттарын тиімді пайдаланып, үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз!  
Ұлттық домбыра күні
02
шілде
2023
Ұлттық домбыра күні
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза-әлінің сөзін ұран еткен халқымыздың көңіл төрінде домбыраның орны ерекше. Себебі басынан небір қилы заман өтсе де, жаугершілікті бастан өткеріп, бодандық қамытын кисе де төл аспабы қолынан түспеді. Одан тараған қоңыр үн жадында тарих боп қатталып, шежіре боп шертілді.Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. Ұлттық домбыра күні құтты
Оқыту жүйесі
30
мамыр
2023
Оқыту жүйесі
  №172 мектеп-гимназия оқушылары 31-мамырға дейінгі оқыту жүйесін толықтай қабылдап, сабаққа күнделікті қатынасып жүр. ҚР Оқу-Ағарту Министрлігінің бекіткен құжаттарына сай, оқу стандарттары сақталып, сабақ процесі өз деңгейінде өтіп жатыр. Оқушылар әдеттегідей мектеп формасына лайықты киініп, оқулықтары мен құрал-жабдықтарын толық әкеліп жүр.   
Онлайн жиналыс
18
мамыр
2023
Онлайн жиналыс
 Бүгін ZOOM платформасында Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің бастамасымен онлайн жиналыс өтті. Онлайн кездесу барысында мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар берілді. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында сенім жәшігі мен QR код арқылы сенім топтарының желісінің жұмысын жандандыру жөнінде кеңес берілді.   
"Жасыл мектеп"
17
мамыр
2023
"Жасыл мектеп"
   Жаратылыстану бірлестігі өз апталықтарын жоғары деңгейде өткізді. Апталықтың жабылу күні мектеп ауласында өтті. Бірлестік мұғалімдері қызықты тәжірибелер жасап, "Жасыл мектеп" өсірген көкөністерден жәрмеңке ұйымдастырды. Апта бойы тынбай жұмыс жасап, ұжыммен көңілді әрі танымды жұмыстар атқарған жаратылыстану бірлестігіне мектеп тарапынан алғыс білдіреміз!   
"Жасыл мектеп" жобасы
15
мамыр
2023
"Жасыл мектеп" жобасы
Жаратылыстану бірлестігі өз апталықтарында "Жасыл мектеп" жобасы аясында оқушылармен қызықты сұхбат жүргізіп, өз жұмыстарын жақсы көретіндіктерін және өсімдік дүниесімен танысып терең жұмыс жасауға мүмкіндік алғандарына қуанышты екендерін жеткізді.   
Жеңіс күнімен құттықтау
12
мамыр
2023
Жеңіс күнімен құттықтау
   Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдулла Айнаш Абдуллақызы өз сынып оқушыларымен Атырау ықшам ауданында тұратын тыл ардагері 97 жастағы Столбов Евстигней Демьяновичпен кездесіп, атамызды Жеңіс күнімен құттықтап қайтты. Ардагердің өмір тарихынан сұхбат алып, 172 мектеп-гимназия оқушыларының өз қолдарымен жасаған қолөнер туындысы сыйға берілді. 
БІРЛІК ТҮБІ-АМАНАТ
03
мамыр
2023
БІРЛІК ТҮБІ-АМАНАТ
   Алматыда «AMANAT» партиясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, партия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Қайырымдылық жәрмеңкесінде әлемнің әртүрлі елдерінің асханаларынан аспаздық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, мерекелік жәрмеңке барысында қазақ, орыс, өзбек, армян, ұйғыр, күрд ұлттарының
"Бейбітшілік - ел тілегі"
02
мамыр
2023
"Бейбітшілік - ел тілегі"
1-мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік-ынтымақ күніне орай балалардың қарым-қатынасын жақсарту және психологиялық көмек көрсету мақсатында "Бейбітшілік - ел тілегі" атты челленджге 10 "В" сыныбы қатыса отырып, барша қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтайды!   
Сейсма жаттығу
24
сәуір
2023
Сейсма жаттығу
  20-сәуір күні №172-мектеп-гимназиясында сейсма жаттығу орындалды. Арнайы топтар құрылып, ұжыммен бірлескен жиын өтті. Жиында басқару тобы, құтқарушылар командасы, сан.дружина, өрт сөндірушілер, тамақтандыру тобы, қоғамдық тәртіпті бақылау топтары жұмыс атқарды.Оқушыларға қауіп-қатерден сақтану жолдары түсіндірілді.   
1-сынып бірлестігінің апталығы 5-ші күн
21
сәуір
2023
1-сынып бірлестігінің апталығы 5-ші күн
   1-сынып бірлестігінің 5-күні апталық жоспарына сәйкес спорттық жарыстарға арналды.1-сынып оқушыларының арасында эстафеталық ойындар бойынша сайыс өтіп, оқушылардың физикалық белсенділігі додаға түсті. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз.  
1-сынып бірлестігінің апталығы 4-ші күн
20
сәуір
2023
1-сынып бірлестігінің апталығы 4-ші күн
  1-сынып бірлестігінің 4-күнінде жылдамдыққа негізделген мәтінді минутқа оқу сайысы өтті. Оқ бойы оза шауып, таза әрі жылдам оқитын 1-сыныптар арасынан іріктелген оқушылар арасындағы сайыстың тартысты әрі әділ өтті.   
"Мейірімге толы жүрек"
18
сәуір
2023
"Мейірімге толы жүрек"
  Психологтардың "Мейірімге толы жүрек" апталықтары өз мәресіне жетті. Апталық ертеңгіліктеріне ерекше тосын сыйлар мен жаттығулар, құм терапиясы мен көңілді ойындар ұйымдастырды. Сондай-ақ жабылу кешінде "Нашақорлыққа жол жоқ!'" тақырыбында қоғам өміріне пайдалы жиналыс өткізді. Апталықтарына ерекше дайындықпен келген мектеп психологтары Халық Үміт пен Кансаитова Гульнараға алғыс білдіреміз!  
"Құм терапиясы"
14
сәуір
2023
"Құм терапиясы"
   Мектеп психологтарының апталығында ертеңгіліктерінде "Құм терапиясы" мен оқушылардың бірлігін арттыратын топтық және жұптық ойындар жүргізілді. Оқушылардың бойында қуанышты сәттердің көп орын алуы үшін жүргізіліп отырған жұмыстар нәтиже береді деп сенеміз!  
1-сынып бірлестігінің апталығы 2-ші күн
12
сәуір
2023
1-сынып бірлестігінің апталығы 2-ші күн
1-сынып бірлестігі апталығының 2-күнінде 1-сыныптар арасында көркем жазу бойынша ұқыптылыққа негізделген сайыс өтті. Ал математика пәнінен 1"З" сыныбына математика пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа тиянақты дайындықпен әрі ерекше көрнекіліктер әзірлеп келген, оқушылардың жан-жақты дамуына өз үлесін қосып жүрген жетекші Молдахметова Мадинаға алғыс білдіреміз! 
"Мейірімге толы жүрек"
11
сәуір
2023
"Мейірімге толы жүрек"
  №172 мектеп-гимназиясында 3-сәуірден бастап мектеп психологтары Кансаитова Гульнара мен Халық Үміттің "Мейірімге толы жүрек" атты апталықтары басталды. Оқушылардың психологиялық ахуалдарына оң ықпал жасау етуді мақсат еткен мектеп психологтарының апталықтарына сәттілік тілейміз!    
1-сынып бірлестігінің онкүндігі
10
сәуір
2023
1-сынып бірлестігінің онкүндігі
  5-сәуір күні 1-сынып бірлестігінің онкүндігі басталып, салтанатты түрде ашылуларын өткізді. Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген апталық иелері ертеңгіліктерінде белсенді қатысушыларына арнап, түрлі сыйлықтарын табыстады. Бірлестікке тек шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!   
"Сенің адалдык пен әділетсіздік туралы ойың"
07
сәуір
2023
"Сенің адалдык пен әділетсіздік туралы ойың"
     4 "Л" сынып оқушылары "Сенің адалдык пен әділетсіздік туралы ойың" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты оқушыларды адалдыққа үйрету, жемқорлықпен күресу, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылар адалдық алаңында түрлі танымдық ойындар ойнап, адалдыққа қатысты пәнаралық байланыс жасады. Сынып оқушыларының ойларының бір жерден шығып, сабақтың нәтижелі болуы үшін аянбай еңбек еткен сынып жетекшісі Нуртаева Гүлжаухарға алғыс айтамыз!  
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!"
04
сәуір
2023
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!"
   №172 мектеп-гимназиясының 5 в сынып оқушылары "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" атты ашық тәрбие сағатын өтті. Сынып жетекшілері Күрішбаева Балжан апай сыныбына ұлттық сана мен рухты өсіретін қазақтың ұлттық ойындарын ойнатты.   
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
29
наурыз
2023
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
28-наурыз күні сағат 15:00-де бала құқықтары жөнінде Zoom платформасында өткен жалпықалалық ата-аналар жиналысына №172 мектеп-гимназиясының ата-аналары қатысты. Жиналыста бала құқықтары жөніндегі уәкілі Х.К.Әжіғұловамен қатар, Ж.Т. Аршигулова сынды мүдделі орган уәкілдері сөз сөйлеп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтсақ, 1.Сағат 22.00-ден кейін көшеде журуге болмайды, штраф салады; 2. Телефон мен әлеуметтік желілерде отыруын қадағалау; 3. Телефон тартып алу, төбелесу
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!"
27
наурыз
2023
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!"
   6 "Д" сыныбы "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" атты ашық тәрбие сағатын өткен болатын. Оқушылар 22-наурызға байланысты "Ашық микрофон" әдісімен сұхбаттар жасап, ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, күй тартып, ән де салды. Осындай көлемдегі сыныптық шараға оқушыларға шығармашылыққа төселіп әрі оларға тамаша сәттер сыйлаған сынып жетекшісі Ақылбай Айгерімге алғыс айтамыз.   
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау шаралары
17
наурыз
2023
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау шаралары
   1-наурыз күні №172 мектеп-гимназиясында сағат 11:00-де жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізілді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі сапты түзесе, мектеп директоры Т.Т.Қазыбаев әлемде белең алып жатқан айтып келмейтін табиғи апат кезінде мейлінше қауіпсіздік шараларын сақтап, бейқам болмауға шақырды, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  
"Жасыл мектеп"
16
наурыз
2023
"Жасыл мектеп"
   Мектебімізде "Жасыл мектеп" жобасы бойынша 6 сыныпар арасында өткізілетін факультатив сабағының барысы.
Хабарландыру!!!
15
наурыз
2023
Хабарландыру!!!
Құрметті Думан ықшам ауданының тұрғындары!  №172 мектеп-гимназиясына 1-сыныпқа қабылдау 2023 жылдың 1-сәуірінен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.  ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес №172 мектеп-гимназиясына 1 сыныпқа баласын беретін ата-ананың тіркеудегі мекен-жайы мектеп аумағына қарасты болуы керек. 1 сыныпқа осы 2023 жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Әр ата-ана Egov.kz  сайтына  кіріп, электронды түрде мектепке өтініш қалдыра алады. Құжаттар
"Арулар асыл жандар!"
10
наурыз
2023
"Арулар асыл жандар!"
  Бойына тек нәзіктік пен көркем мінезділік жарасқан асыл жандар мен асыл жарларды көктемнің шуақты 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз! 7-наурыз күні №172 мектеп-гимназиясында "Арулар асыл жандар!" атты нәзік жандыларға арналған мерекелік іс-шара өтті. Кеште әндер шырқалды, флэшмоб билер орындалды, КВН қомандалары өз әзілдерін ұсынды, сондай-ақ түрлі өнерлер жарық көрді.  
"Зиянды заттарды қолданудың алдын алу"
06
наурыз
2023
"Зиянды заттарды қолданудың алдын алу"
   №172 мектеп-гимназиясының 8-9 сынып оқушыларымен қалалық психикалық сауықтыру орталығының телімдік психиатр-наркологы Кеңесбекова Сания Кеңесбекқызы "Зиянды заттарды қолданудың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізді.  
"LOVE STORY " халықаралық турнирі
03
наурыз
2023
"LOVE STORY " халықаралық турнирі
   №172 мектеп гемназиясының 4 "Е" сынып окушысы Бауыржанулы Аян "LOVE STORY " халықаралык турниріне қатысып, жұптық би сайысына қатысып, жүлделі I орынды жеңіп алды. Аянды кезекті жеңісімен құттықтай отырып, мектеп тарапынан алғыс білдіреміз! Болашақта ел танитын, мектебіміздің мерейін өсіретін даңқты тұлға болуыңа тілекшіміз!  
"Алғыс айту" челленджі
02
наурыз
2023
"Алғыс айту" челленджі
  4"Б" сыныбы барша қазақстандықтарды 1-наурыз алғыс айту күнімен құттықтай отырып, өзге сынып оқушыларына "Алғыс айту" челленджін жолдайды. Ұйымшылдықты ту еткен, сыныбын челленджге белсенді қатыстыра отырып, ерекше форматтағы құттықтауды ұйымдастыруда аянбай жұмыс жасаған сынып жетекші Шынар Кенжебекқызына мектеп тарапынан алғыс білдіреміз.  
"Алғыс айту" челленджі
01
наурыз
2023
"Алғыс айту" челленджі
   4"Г" сыныбы барша қазақстандықтарды 1-наурыз алғыс айту күнімен құттықтай отырып, өзге сынып оқушыларына "Алғыс айту" челленджін жолдайды. Оқушыларына сапалы көңіл бөліп, челленджге белсенді қатысқандары үшін сынып жетекшілері Акимбай Алия апайға мектеп тарапынан алғыс білдіреміз.  
"Алғыс айту" челленджі
01
наурыз
2023
"Алғыс айту" челленджі
  8 "А" сыныбы барша қазақстандықтарды 1-наурыз алғыс айту күнімен құттықтай отырып, өзге сынып оқушыларына "Алғыс айту" челленджін жолдайды. Оқушыларының бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіртуге аса үлес қосқан Берікқызы Нурсауле апайға мектеп тарапынан алғыс білдіреміз.
"Алғыс айту" челленджі
01
наурыз
2023
"Алғыс айту" челленджі
  1"К" сыныбы барша қазақстандықтарды 1-наурыз алғыс айту күнімен құттықтай отырып, өзге сынып оқушыларына "Алғыс айту" челленджін жолдайды. Өздері небәрі 1 сынып оқушысы болса да, жақындарына алғыс айтып, айтулы күннің маңызын түсіндіруде балаларға дұрыс бағыт-бағдар берген сынып жетекшілері Мухатова Айнаш апайға мектеп тарапынан алғыс білдіреміз.  
"Алғыс айту" челленджі
01
наурыз
2023
"Алғыс айту" челленджі
  7 "ә" сыныбы барша қазақстандықтарды 1-наурыз алғыс айту күнімен құттықтай отырып, өзге сынып оқушыларына "Алғыс айту" челленджін жолдайды. Оқушыларының бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіртуге аса үлес қосқан Игибаева Ғалия апайға мектеп тарапынан алғыс білдіреміз.
"Алтын жүрек"
01
наурыз
2023
"Алтын жүрек"
  №172 мектеп-гимназиясының 4"К" сыныбы 1-наурыз Алғыс айту күніне орай "Алтын жүрек" челленджіне қатыса отырып, Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" Абай атамыз айтқандай барша Қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтайды. Алғысты сөзбен емес, іспен білдіруді жөн еткен ұйымшыл 4"К" сыныбы мен сынып жетекшісі Бекмуханбет Назерке Серікқызына да алғыс білдіреміз! Жақсылық жасап, адамдық диқаншысы болуға ешқашан кеш емес!  
"Хан-Тәңірінің мұзбалағы - Мұқағали"
17
ақпан
2023
"Хан-Тәңірінің мұзбалағы - Мұқағали"
   9-ақпан күні 3-сынып бірлестігінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Хан-Тәңірінің мұзбалағы - Мұқағали" атты "Мұқағали" бұрышының салтанатты ашылуы болды. Ашылу салтанатына 3-сынып оқушылары мен ата-аналары ақын өлеңдерінен жыр шашу айтса, мектеп-гимназия директоры Т.Т.Қазыбаев оқырман ата-аналарға арнайы мақтау қағаздарын табыстады. Мұқағали бұрышының ашылуына мұрындық болған 3 "б" сынып ата-аналарына алғыс білдіреміз! Бірлестіктің барлық бастамаларына сәттілік тілейміз! 
"Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай"
16
ақпан
2023
"Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай"
   9-ақпан күні 10-сыныптар арасында "Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай" тақырыбында Мұқағали шығармалары бойынша көрініс байқауы болды. Көрініс сайысы бойынша 10 а сыныбы I орын, 10 в сыныбы II орын, 10 ә сыныбы III орын, 10 б сыныбы белсенді қатысқаны үшін марапаттарына ие болды. Сондай-ақ, мектеп-гимназия директоры Т.Т.Қазыбаев мектеп ұжымын М.Мақатаевтың туған күнімен құттықтай отырып, мектеп көлемінде жыл сайынғы үрдіс бойынша жоғары дәрежеде аталып жатқанына көңілі толатынын жеткізе
"...Знатоки Мукагали"
15
ақпан
2023
"...Знатоки Мукагали"
   Орыс тілі пәні мұғалімдері Мұқағали айлығына сәйкес "...Знатоки Мукагали" тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс өте қызықты әрі танымды болды. Оқушылар барынша ашылып, өздерін сан қырларынан көрсетті.   
«Ұлттық дәстүр - ұрпақтың ұйытқысы»
14
ақпан
2023
«Ұлттық дәстүр - ұрпақтың ұйытқысы»
  11-ақпан күні №172 мектеп-гимназиясында Медеу ауданы Ардагерлер кеңесіне қарасты «Думан» ықшам ауданындағы аудандық ардагерлер ұйымы «Ұлттық дәстүр - ұрпақтың ұйытқысы» атты дәстүрді дәріптейтін шара өткізді. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы – киелі бабаларымыздың ғасырлар бойы жинаған мол мұрасы, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі өзгеше жолы, терең рухани байлығы, адаспай тура жолмен алға басудың мызғымас заңы. Салтанатты шараның мақсаты – салт-дәстүр арқылы еліміздің мәдени-тұрмыстық
"Президенттер Одағы"
13
ақпан
2023
"Президенттер Одағы"
   2022-2023 оқу жылына сайланған мектеп президентіміз Екатерина - өз лауазымына лайық жұмыс атқаратын, ұйымдастырушылық және көшбасшысылық қабілеті жоғары өзге оқушыларға үлгі боларлықтай тұлға. 6-ақпан күні №172 мектеп-гимназиясының педагог ұйымдастырушысы Жанадилова Ақмарал мен мектеп парламент Президенті Тұрсынханова Екатерина КазГУ мектебінде құрылған "Президенттер Одағының" ресми мүшесі болды. Одақтың алғашқы отырысына 18 мектеп президенті келіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алдағы
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
09
ақпан
2023
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
   № 172 мектеп-гимназияда  03.02.2023ж .  күні бос және уақытша бос лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды:         Курбокулиева Махаббат Ергалиқызы-ағылшын тілі пәні мұғалімі Сарсенгали Ботагоз Жасұланқызы- ағылшын
М.Мақатаев "АМАНАТ"
08
ақпан
2023
М.Мақатаев "АМАНАТ"
   № 172 мектеп-гимназиясында қаңтар-ақпан айының айлық іс-шаралар жоспарына сай 8 “е” сынып оқушыларымен ақиық ақын М.Мақатаевтің "АМАНАТ" кітабына оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Шара ұйымдастырушысы: кітапхана меңгерушісі Д.С.Қожамбердиева. Мақсаты: Мұзбалақ ақын Мұқағалидің шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу. Білім алушылардың поэзияға, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.  
"Білім-172"
03
ақпан
2023
"Білім-172"
  02.02.2023 жылы №172 мектеп-гимназиясында Медеу аудандық "Білім-172" бастауыш партия ұйымында жиналыс өтілді. Жиналысқа ұжымның басым көпшілігі қатысқан болса, "Білім-172" бастауыш партия ұйымының төрағасы Т.Т.Қазыбаев ұжымның өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.    
"Пікірсайыс - өмір салты"
02
ақпан
2023
"Пікірсайыс - өмір салты"
  №172 мектеп-гимназиясының "Ойдария" дебат клубы @almatydaryny ұйымдастырған "Пікірсайыс - өмір салты" атты челленджге қатыса отырып, дебаттың өміршеңдігіне тоқталып өткіміз келеді. Өмір ағымы түрлі қайшылықтардан тұратыны белгілі. Ал, сыни ойлау деңгейі жоғары, білімді, өз ойын ашық жеткізе алатын ұрпақ қалыптастыру - заман талабы. Мектебіміздің дебат клубы түрлі пікірсайыс алаңдарында тамаша ойын өрнегін көрсетіп, дебат жұмысы жандану үстінде. Ақты ақ, қараны қара деп көрсетуде дебатқа
"Ойдария" дебат клубы
30
қаңтар
2023
"Ойдария" дебат клубы
 26-қаңтар күні №172-мектеп-гимназиясында "Ойдария" дебат клубында АПФ форматта кезекті ашық дебат ойыны өтті. Дебатта 2 қарар ойнатылды. Тақырыптары да өзекті, сыни ойлауға негізделген. Атап айтсақ, "БП әскерден қашқандарды жазалау керек деп есептейді", "БП қарттар үйі болмауы керек деп есептейді". Төреші шешімімен 1-қарар бойынша Чорман Жұлдыз бен Нұртаза Алина, 2-қарар бойынша Тұрсынханова Екатерина мен Нұртаза Алинаға басымдық берілді. 1-қарарда 2 фракция ойнаған болса, 2-қарарда "Жылу"
ХАБАРЛАНДЫРУ
27
қаңтар
2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
  Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19
Ашық сабақ
27
қаңтар
2023
Ашық сабақ
  Мектеп үшін оқушылардың сапалы білім алуы маңызды, ал білімнің сапалы болуы ұстаздың құзіреттілігінде. Осы өтілген ашық сабақ оқушылардың есінде қалары сөзсіз, себебі ұстаз еңбегі мен оқушы ойы ұштасқан нәтижелі сабақтар қатарына жатқызуға болады. Жаңашылдыққа ұмтылған ағылшын тілі пәні мұғаліміне алғыс білдіреміз.   
"Universal teachers"
26
қаңтар
2023
"Universal teachers"
   Ағылшын тілі бірлестігі ерекше форматтағы сыныптан тыс іс-шараларымен де көзге түсті. Бұл жолы нысанға оқушылар емес, күнделікті сабақ беріп жүрген ұстаздар ілікті. Аты айтып тұрғандай шара атауы "Universal teachers", яғни заман талабына сай әмбебап ұстаз болу жолында ағылшын тілін меңгеру заңдылық әрі қажеттілік екендігі дәлелденді. Ұстаздар шараға белсенді атсалысып, ағылшын тілін практика жүзінде қалай қолдана алатындарын көрсетті. Ағылшын бірлестігіне үлкен алғыс білдіре отырып, осындай
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
26
қаңтар
2023
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
   № 172 мектеп-гимназияда  23 .01.2023ж.  күні бос және уақытша бос лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды: 1.  Қылышбекқызы Бибінұр   – бос тұрған    тарих   пәні мұғаліміне; 2.  Ханторе А.Т-   бос тұрған   тарих 
Ағылшын тілі апталығы
25
қаңтар
2023
Ағылшын тілі апталығы
 Ағылшын тілі апталығының алғашқы күнінде-ақ нәтижеге бағытталған ашық сабақтар өткізілді. Оқушылар сабақтарда белсенділік танытып, тілді үйренуге деген қызығушылықтарын аңғартты. Аса үлкен дайындықпен келген бірлестік ұстаздарына алғыс айта отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!  
"Вальс осени" халықаралық турнирі
24
қаңтар
2023
"Вальс осени" халықаралық турнирі
  №172 мектеп гимназиясының 4 "е" сынып оқушысы Бауыржанұлы Аян "Вальс осени" халықаралық турниріне қатысып, "Вальс" биінен I орын алып, алтын медаль иегері атанды. Жеңісті күндерің көп болсын! Өнеріңмен өрлей бер!   
Аяулы мектебімізге 20 жыл
11
қаңтар
2023
Аяулы мектебімізге 20 жыл
   9 қаңтар күні - мектебіміз үшін мерейлі күн, себебі мектеп-гимназиясының тарихына 20 жыл толып отыр. 20 жылдық мерейтой қарсаңында мектеп-гимназиямызда салтанатты саптық жиын өтті. Жиында мектеп басшысы Талғат Талдыбайұлы барша ұжым мүшелерін құттықтай отырып, осы шаңырақ қабырғасында үздіксіз 20 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, білім жолына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін ұлағатты ұстаздарға арнайы алғыс хаттар табыстады. Осындай 20 жылдық тарихы бар мектебіміздің мерейі үстем, абыройы асқақ болсын! 
ХАБАРЛАНДЫРУ
09
қаңтар
2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
    Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19
МЭГ комиссиясы
09
қаңтар
2023
МЭГ комиссиясы
   №172 мектеп-гимназиясына МЭГ комиссиясы келіп тексеріс жүргізді. Комиссия мүшелері мектеп асханасындағы тамақтың жасалу сапасын, 1-4 сынып оқушыларына және Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына берілетін тамақтың құрамы мен мөлшерін тексерді. Тексеріс барысында ешқандай кемшіліктер анықталмады.  
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
06
қаңтар
2023
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
№172 мектеп-гимназияда  06.01.2023ж .  күні бос және уақытша бос лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды:         Момын Айдана Айдарқызы-бастауыш сынып мұғалімі         Күзенбаева Эльвира –бастауыш сынып мұғалімі 
ХАБАРЛАНДЫРУ
30
желтоқсан
2022
ХАБАРЛАНДЫРУ
   Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
30
желтоқсан
2022
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
  1 "Г" сыныбы "Әліппе әлемі әріптермен әдемі" атты әліппемен қоштасу ертеңгілігін жоғары деңгейде атап өтті. Сыныптағы оқушылар осы сәтке ерекше дайындықпен келгендерін аңғаруға болады. Балалардың өздерін ұстауы, сахнаны тануы, өнер көрсетулері өте әсерлі болды. Осы ауқымды шараны асқан жауапкершілікпен атқарған Нүсіпжан Маржан апайға алғыс білдіреміз! Ал, балақайларға білім жолында тек сәттілік тілейміз!  
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
29
желтоқсан
2022
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
  1 "В" сыныбы "Әліппе әлемі әріптермен әдемі" атты әліппемен қоштасу кешін жоғары деңгейде атап өтті. Сыныптағы оқушылар 4 айдың ішінде үлкен белестерді бағындырғаны көрініп тұр. Осы ауқымды шараның артында сынып жетекшісі Досқараева Бибігүл апайымыздың үлкен еңбегі тұрғаны анық. Әрі осы сынып ерекше киім үлгісімен көзге түсті. Осындай әрбір үйдің еркесін бір ортаға бейімдеп, балалардың оқуға құштарлығын арттырған сынып жетекшісіне алғыс білдіреміз! Ал, балақайларға білім жолында тек сәттілік
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
28
желтоқсан
2022
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
   1 "Д" сыныбы "Әліппе әлемі әріптермен әдемі" атты әліппемен қоштасу кешін жоғары деңгейде өткізді. Сыныптағы оқушылар 4 айдың ішінде үлкен белестерді бағындырғаны көрініп тұр. Осы ауқымды шараның артында сынып жетекшісі Оспанбаева Мариямгүл апайымыздың үлкен еңбегі тұрғаны анық. Осындай әрбір үйдің еркесін бір ортаға бейімдеп, балалардың оқуға құштарлығын арттырған сынып жетекшісіне алғыс білдіреміз! Ал, балақайларға білім жолында тек сәттілік тілейміз!  
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
27
желтоқсан
2022
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
   1"Е" сыныбы "Әліппе әлемі әріптермен әдемі" атты әліппемен қоштасу кешін жоғары деңгейде өткізді. Сыныптағы оқушылар 4 айдың ішінде үлкен жетістіктерге жеткендігі көрініп-ақ тұр. Балалар шетінен өнерлі екендіктерін аңғаруға болады.Осы ауқымды шараның артында сынып жетекшісі Узакова Айнұр апайымыздың үлкен еңбегі тұр. Осындай әрбір үйдің еркесін бір ортаға бейімдеп, балалардың оқуға құштарлығын арттырған сынып жетекшісіне алғыс білдіреміз! Ал, балақайларға тек сәттілік тілейміз!   
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
26
желтоқсан
2022
"Әліппе әлемі әріптермен әдемі"
   1"Ж" сыныбы "Әліппе әлемі әріптермен әдемі" атты әліппемен қоштасу кешін тамаша өткізді. Сыныптағы өнерлі оқушылардың көптігі көз қуантады. Балақайлардың бірқатары өлең айтып, ән салды.Біреулері ертегі ден үзінді қойса, біразы вальс биін ойдағыдай билеп шықты. Осы әдемі көріністің артында сынып жетекшісі Серикбаева Нұржамал апайдың үлкен еңбегі тұр. Осындай әрбір үйдің еркесін бір ортаға бейімдеп, балалардың оқуға құштарлығын арттырған сынып жетекшісіне алғыс білдіреміз! Ал, балақайларға тек
«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін»
23
желтоқсан
2022
«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін»
   "2022-Балалар жылына» және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Мөлдір бұлақ» журналы «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты шығармашылық байқауының жылдық марапаттау жиналысын өткізді. Марапаттау жиналысын «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді. «Мөлдір бұлақ» журналы жыл сайынғы үрдіспен үздік эссе жұмыстарының қорытындысы бойынша оқушыларды марапаттады. Соның ішінде, 172 мектеп-гимназиясының 3 "Г" сынып оқушысы Макен Аяулым мен
ДЗЮДО "JUMAQANOV LIGASY"
22
желтоқсан
2022
ДЗЮДО "JUMAQANOV LIGASY"
  №172 мектеп-гимназиясының 10”А” сынып оқушысы Апақ Шамсиддин Алматы қаласында  өткен Дзюдодан  республикалық жасөспірімдер арасындағы Jumaqanov ligasy-ның II турында 66 кг салмақ дәрежесінде 3-орынды иеленді. Жүлде құтты болсын! Бағындырар биіктерің көп болсын!   
"Чемпион белбеуі"
21
желтоқсан
2022
"Чемпион белбеуі"
  8"З" сынып оқушысы Ибрагим Думан Астанада өткен Халықаралық бокс бойынша I орын алып, ең жоғарғы дәрежедегі "Чемпион белбеуін" ұтып алды. Жеңісті күндерің көп болсын, жарайсың!  
Көркем гимнастика
20
желтоқсан
2022
Көркем гимнастика
  Халықаралық «Кузнецова» көркем гимнастика мектебінің ашық Чемпионатында 1-орын иеленген 4 "Л" сынып оқушысы Даурен Балнурды кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Бұл сайыстың Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттері арасында өткен ашық чемпионат болғандықтан , жеңісін ерен еңбектің жемісі деп білеміз! Болашақта Олимпиада чемпионы болуыңа тілекшіміз, жарайсың!  
"Тәуелсіздік - тарихтың ұлы шыңы"
19
желтоқсан
2022
"Тәуелсіздік - тарихтың ұлы шыңы"
  Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген Қоғамдық пәндер бірлестігінің қорытынды кеші Тәрбие бөлімімен бірлескен "Тәуелсіздік - тарихтың ұлы шыңы" атты үлкен мерекелік іс-шараға ұласты. Осы орайда, желтоқсан оқиғасына қатысқан желтоқсаншыларымызды төрімізге шығарып, олардан маңызды тарихи сәттерден сыр-сұхбат алуға үлкен мүмкіндік туды. Тәуелсіздігіміздің тамыры тереңде екендігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бойымызда қуаныш, жүрегімізде тыныштық орнаған осы бейбіт күндерімізді аңсаған
"Тәуелсіздік елімнің еркіндігі"
15
желтоқсан
2022
"Тәуелсіздік елімнің еркіндігі"
   №172 мектеп-гимназиясында тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік елімнің еркіндігі" тақырыбында 5-6-сыныптар арасында қабырға газеттер сайысы өтті.  
"Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім"
15
желтоқсан
2022
"Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім"
    №172 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім" тақырыбында 4-сыныптар арасында сурет байқауы өтті.  
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы»
14
желтоқсан
2022
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы»
    №172 мектеп-гимназиясында Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттауға арналған бірыңғай сынып сағаттар және ашық тәрбие сағаттары өтті. 10 "А" сыныбында «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағаты өтілді. Сынып жетекшісі Аманғалиев Шынболатқа ерекше форматта әрі жоғары деңгейде өткізілген ашық тәрбие сағаты үшін алғыс білдіреміз!  
«Ел бірлігі тәуелсіздік тұғыры»
13
желтоқсан
2022
«Ел бірлігі тәуелсіздік тұғыры»
№172 мектеп-гимназиясында Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттауға арналған бірыңғай сынып сағаттар және ашық тәрбие сағаттары өтті. 8 "Ә" сыныбына Иманбекова Рашида апай «Ел бірлігі тәуелсіздік тұғыры» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
"Волейбол" сайысы
13
желтоқсан
2022
"Волейбол" сайысы
10-желтоқсан күні Өзін өзі басқару ұйымының жетекшілігімен 9,10,11-сыныптар арасында "Волейбол" сайысы өтті. 8 команда қатысып, Бас жүлдені 10 "в", I орынды 9 "а", II орынды 11 "а", III орынды 11 "б" сыныптары жеңіп алды. Бас жүлдеге кубок, орындарға мақтау қағаздары, ал ерекше ойын үлгісін көрсеткен оқушыларға арнайы номинациялар берілді.  
"Eco Network"
12
желтоқсан
2022
"Eco Network"
    8-желтоқсан күні №172 мектеп-гимназиясына  "Eco Network" ұйымының өкілдері келіп, "Жасыл мектеп" жобасы бойынша эко-белсенді оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Семинар мақсаты оқушыларға экоқозғалыс аясында мектепке "эко жәшіктер" орнату және сол арқылы қалдық заттарға екінші өмір сыйлау. Осы істің мектебімізде жандануы үшін Өзін өзі басқару ұйымы мен еріктілер клубы белсенді жұмыстар атқаратын болады. Алдағы уақытта оқушылар қоқыстарды сұрыптап, оларды қайта өндіруге атсалысып, экотәрбие
ТАЭКВОНДО ЖАРЫСЫ
09
желтоқсан
2022
ТАЭКВОНДО ЖАРЫСЫ
  Тараз қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер арасындағы таэквондо жарысынан  мектебіміздің 5 "Г" сынып оқушысы Байтуров Нұрали қатысып, жүлделі 1 орынды иеленіп қайтты. Құттықтаймыз!  
"Жас қыран" және "Жас Ұлан"
08
желтоқсан
2022
"Жас қыран" және "Жас Ұлан"
   Бүгін қала бойынша Оқушылар сарайында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің Республикалық "Жас қыран" және "Жас Ұлан" ұйымдарына салтанатты түрде қабылдау салтанатты жиыны өтті. Жиынға №172 мектеп-гимназиясынан "Жас қыран" ұйымы қатарына 4"К" сынып оқушысы Әбіл Алинұр мен 4 "Л" сынып оқушысы Жумабек Інжу қабылданса, "Жас Ұлан" ұйымы қатарына 9 "Г" сынып оқушысы Долқын Алия қабылданды. 🇰🇿 Келесі аптада осы үрдіс өз мектебімізде де жалғасын таппақ.
"Әлемге әйгілі Әуезов”
07
желтоқсан
2022
"Әлемге әйгілі Әуезов”
   №172 мектеп-гимназиясы “Оқитын мектеп” жобасы бойынша "Әлемге әйгілі Әуезов” атты оқырмандар конференциясын ұйымдастырды. Шара ұйымдастырушысы: кітапхана меңгерушісі Д.С.Қожамбердиева. Қатысушылар: 7-ші сынып білім алушылары. Мақсаты: Болашақ жас ұрпақты, ХХ ғасырдағы қазақтың философиялық, қоғамдық, рухани өсуіне керемет әсер еткен Мұхтар Әуезовтің шығармаларымен таныстыру. Тұлғаның өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі
"Біздің "Жоқ" дегеніміз маңызды!"
06
желтоқсан
2022
"Біздің "Жоқ" дегеніміз маңызды!"
  "Біздің "Жоқ" дегеніміз маңызды!" атты қалалық әлеуметтік бағдарламалар жобасының аудандық кезеңінен №172 мектеп-гимназиясының Өзін өзі басқару ұйымы 16 мектептің ішінен II-орын алды.Сондай-ақ, осы топтардың ішінде үздік бестікке еніп, ауданнан қалаға өту үшін іріктеу кезеңінде тағы бақ сынап, II-орын иеленді. "Медеу" тобы тамаша өнер көрсетіп, нағыз сахна саңлақтары екендіктерін дәлелдеп, көрермен көзайымына айнала білді. Осындай сайыстар оқушыларымыздың санасын жаңғыртып, бірлікпен
Сейсмадайындық жаттығу
05
желтоқсан
2022
Сейсмадайындық жаттығу
    2-желтоқсан күні, сағат 11.00-де төтенше жағдайларға байланысты №172 мектеп-гимназиясында сейсмадайындық жаттығуы өтті. Жаттығуға оқушылар айтылған уақытында тура жиналып, керекті ақпарат көздерімен танысты Жиында оқушыларды түрлі айтып келмейтін табиғи апаттардан сақ болуға, дер кезінде дұрыс шешім қабылдауға шақырды.  
"Ойдария" дебат клубы
30
қараша
2022
"Ойдария" дебат клубы
  25-қараша күні №172 мектеп-гимназиясының "Ойдария" дебат клубы Фан дебат пікірсайысының аудандық кезеңіне қатысып, жартылай финалға өтіп, "Үздік талдаушы" номинациясына ие болды. "Ойдария" дебат фракциясынан пікірсайыс алаңында ойын көрсеткен 10 "Б" сынып оқушысы Тұрсынханова Екатерина мен 9 "Ә" сынып оқушысы Жайлаубек Әлімге мектебіміздің атынан үлкен алғыс білдіреміз. Үлкен дебат турнирлерінен көріне берулеріңе тілектеспіз!   
Біздің "Жоқ" дегеніміз маңызды!
29
қараша
2022
Біздің "Жоқ" дегеніміз маңызды!
  Біздің "Жоқ" дегеніміз маңызды! қалалық әлеуметтік бағдарламалар жобасының аудандық кезеңінен №172 мектеп-гимназиясының "Өзін-өзі басқару ұйымы" 16 мектептің ішінен 2-орын алып, қалалық іріктеуге өтті. Құттықтаймыз! 
"Білім және мансап"
28
қараша
2022
"Білім және мансап"
  Мектебіміздің 11-сынып оқушылары Атакент көрме орталығында өтіп жатқан XXI Қазақстанның Халықаралық "Білім және мансап" атты көрмесіне қатысып келді. Оқушылар үшін көрменің маңыздылығы бар деп есептейміз.Болашақта мамандық таңдауда оқушыларымыз қателеспейтіндіктеріне кәміл сенеміз.   
“Тыңда балам ертегі,ертегі сыр шертеді”
25
қараша
2022
“Тыңда балам ертегі,ертегі сыр шертеді”
  №172 мектеп-гимназиясы “Оқитын мектеп” жобасы бойынша “Тыңда балам ертегі,ертегі сыр шертеді” атты ертеңгілік ұйымдастырды. Шара ұйымдастырушысы: кітапхана меңгерушісі Д.С.Қожамбердиева. Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып, қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын байланыстырып, сөйлеуге дағдыландыру. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру.  
Іс-шара
24
қараша
2022
Іс-шара
    Қазіргі таңда өзекті қоғамдағы мәселелердің бірі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтар. Еліміздің болашағы бүгінгі жастар екенін ескерсек, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың көбеюі мемлекетіміз үшін, ұлтымыз үшін өте алаңдатарлық жағдай. Қазіргі уақытта осы кеселмен Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасының бастамасымен,Медеу АПБ-ның ЮПб қызметкерлерімен бірлесіп аудан көлемінде орналасқан білім беру ұйымдарына профилактикалық
"Қазақ халқының салт-дәстүрлері "
23
қараша
2022
"Қазақ халқының салт-дәстүрлері "
   4-сынып бірлестігі "Қазақ халқының салт-дәстүрлері " тақырыбында 4-сыныптар арасында көрініс қоюдан сайыс өтті. Әділқазы шешімімен төмендегідей орындар тағайындалып, номинациялар берілді. 🎀Бас жүлде 4 "К" сыныбы 🎀1-орын 4 "Б" сыныбы 🎀2-орын 4 "Л" сыныбы 🎀3-орын 4 "З" сыныбы 🔻4 "Г", 4 "Д" - "Өнерлі сынып" 🔻4 "Е" - "Талапты сынып" 🔻4 "А" - "Дарынды сынып" 🔻4 "Ә", 4 "Ж" - "Шығармашыл сынып" 🔻4 "В" - "Өнерсүйгіш сынып"
"Айтыс-ғасырлар жемісі"
22
қараша
2022
"Айтыс-ғасырлар жемісі"
   4-сынып бірлестігі өз апталықтарында "Айтыс-ғасырлар жемісі" атты жас ақындар сайысын өтті. Әр сыныптан сөзге шешен, тілге көсем, домбыраның құлағында ойнайтын нағыз талантты оқушылар арасында тартысты айтыс ұйымдастырылды. Айтысты жанына медеу қылып, көпшілік алдында тосылмай сайыс қатысушысы болған жас айтыскерлерімізге алғыс айтамыз! Қазақтығын мақтан ететін жас ақындарымызға арнайы марапат қағаздары табысталды.  
«FEST Алтын күз»
16
қараша
2022
«FEST Алтын күз»
   №172 мектеп-гимназиясының  9"Ә"сынып оқушысы Жайлаубек Әлім «FEST Алтын күз»  Республикалық жас өнерпаздар арасындағы шығармашылық байқауына қатысып аспапта ойнау номинациясы бойынша “Бас Жүлдені” жеңіп алды.Құттықтаймыз. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі Ахмұрзаш Гүлнәр. 
"Ойнайық та ойлайық!"
15
қараша
2022
"Ойнайық та ойлайық!"
   4-сынып бірлестігінің  "Ойнайық та ойлайық!" танымдық сайысы өтті. Бұл күні бір топ балалар шахмат ойнаудан сайысқа түссе, біразы "Спорт-денсаулық кепілі" атты эстафеталық сайысқа қатысты. Сонымен қатар, сазбалшықтан құмыра жасаудан 2-күн қатарынан мастер класқа қатысып, ерекше шығармашылық бағытта жұмыстар жасады.  
"Мақал - сөздің мәйегі"
14
қараша
2022
"Мақал - сөздің мәйегі"
  4-сынып бірлестігінің алғашқы күні ерекше сергіту сәтінен басталды. "Асық ату - алғырлық" демекші, күнделікті сабақ беріп жүрген апайларымыз асық атудан алдарына жан салмайтын болып шықты.Артынша 4-сыныптар арасынан "Мақал - сөздің мәйегі" атты мақал-мәтел сайысы өтіп, қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.  
"Тәжірибе алаңында"
11
қараша
2022
"Тәжірибе алаңында"
  4-сынып бірлестігінің "Тәжірибе алаңында" атты галерея күні ұйымдастырылды. 4-сынып оқушылары түрлі тәжірибелер жасап, тіпті сазбалшықтан өз қолдарымен әртүрлі құмыра жасаудың шеберлері екендігін көрсетті. Бұл күн шығармашылыққа арналған күн болғандықтан, балаларымыз барынша өздерін жан-жақты көрсете алды.  
"Жасыл мектеп"
10
қараша
2022
"Жасыл мектеп"
 №172 мектеп-гимназиясында "Жасыл мектеп" жобасы өз жұмысын бастап кетті. Оқушыларымыз өз қолдарымен көкөніс, гүлдер егіп, жылыжайда баптау жұмыстарын қуана атқарып жүр. Оқушыларымызға қол еңбегімен жұмыс жасап, еңбекке баулып жатқандары үшін @bulat_utemuratov_foundation қорына алғыс білдіреміз!  
"Өнерлі өрге жүзеді"
09
қараша
2022
"Өнерлі өрге жүзеді"
   27-қазан күні Аудандық "Ұстаз" кәсіподақ ұйымы "Өнерлі өрге жүзеді" атты көркемөнерпаздар байқауын ұйымдастырған болатын. №172 мектеп-гимназиясының атынан осы сайысқа үш ұстазымыз қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Абдулла Айнаш "Би" номинациясынан 2-орын, Ыдырыс Сымбат "Көркем сөз оқу" сайысынан 2-орын, Ахмурзаш Гүлнар "Дәстүрлі әндер орындау" байқауы бойынша 2- орынды иеленді. Өнерлі ұстаздарымызға мектебіміздің атынан алғыс айтып, тек биік шыңдарды бағындыра берулеріне
"Педагогикалық кеңес жұмысындағы басты мәселе білім беру мәселесі"
08
қараша
2022
"Педагогикалық кеңес жұмысындағы басты мәселе білім беру мәселесі"
  3-қараша күні "Педагогикалық кеңес жұмысындағы басты мәселе білім беру мәселесі" тақырыбында N2 Педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте мына мәселелер қаралды: 🔻 N1 Педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуы; 🔻 I тоқсандағы білім сапасының мониторингісін талқылау; 🔻Мұғалімдерді аттестациядан өткізу; 🔻 Тәрбие бөлімінің I тоқсандағы жұмыстарының есебі; 🔻Педагог-ассистенттің қызметі; 🔻 Әртүрлі мәселелер  
Тренинг
04
қараша
2022
Тренинг
  Баланы тәрбиелеу үшін, бай-бағлан болудың қажеті жоқ екендігін өмір өзі делелдеп беріп жатыр. Керісінше әрбір жанда рухани байлық азығы  болса, жақсы тәрбие алып өсетіні айдан анық. Балаға тәрбиешіні алыстан іздеу – бос әурешілік екені,  бала тәрбиесі – ең алдымен ата-ананың парызы екенін тағы бір мәрте дәлелдейтін іс-шара Медеу ауданындағы N172 мектеп-гимназиясында өтті.  Тренинг барысында филиал өкілі Меруерт Мәулетқызы бірлестік жайлы түсіндіріп өтсе,  психолог Қуаныш Қуатқызы перзентке
"Менің Қазақстаным"
01
қараша
2022
"Менің Қазақстаным"
 17-қазан күні 172 мектеп-гимназиясында 9-10-сыныптар арасында "Менің Қазақстаным" атты эссе байқауы өтті. Эссе қорытындысы бойынша оқушыларға арнайы мақтау қағаздары табысталды.  
"Менің елім, менің жерім"
31
қазан
2022
"Менің елім, менің жерім"
   18-20 қазан аралығында 5-6-сыныптар арасында "Менің елім, менің жерім" тақырыбында плакаттар байқауы өткен болатын. Апталықтың көзайымына айналған осы плакаттарды сыныбымен бірлесе отырып салған барлық сыныптарға мектеп тарапынан алғыс білдіреміз! Орын алған сыныптар арнайы мақтау қағазымен марапатталды.  
"Бір шаңырақ астында"
28
қазан
2022
"Бір шаңырақ астында"
  21-қазан күні 172 мектеп-гимназиясында "Бір шаңырақ астында" атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға қатысушылар тек жанды дауыста ән айтып, бақтарын сынады. Байқауға 6-сыныптардан құралған хор ұжымы да қатысып, сахна көзайымдарына айнала білді. Байқау қатысушыларына орындар беріліп, мақтау қағаздары табысталды.   
"Үздік педагог-2022"
27
қазан
2022
"Үздік педагог-2022"
   Биылғы оқу жылының қыркүйек айында мектепішілік "Үздік педагог" байқауы өткізіліп, Ұзақова Айнұр Ракымқызы мен Сыдық Жадыра аудандық кезеңге жолдама алған болатын.  22.10.2022ж  күні Ұлттық Республика күніне орай ұйымдастырылған аудандық "Үздік педагог-2022" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мектебіміздің атынан осы байқауға қатысқан 172 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Сыдық Жадыра Сембайқызы I дәрежелі дипломмен, ал бастауыш пәні мұғалімі Ұзақова Айнұр
Республика күні
26
қазан
2022
Республика күні
  Егемен еліміздің ең керемет мерекесі, Республика күні құтты болсын!  Елімізде бірлік пен татулық болып, бейбітшілік заман болсын! Көк туымыз қашан да биік болып,  ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын! Қазақ еліміз мәңгі жасасын! Респуликамыз ең мықты елдер қатарында болсын!   Осындай ұлық мерекені №172 мектеп-гимназиясы да өз деңгейінде атап өтті. Апталық жоспары құрылып, соған сай жұмыстар атқарылды. Қорытынды мерекелік кеші ұйымдастырылып, апталықта белсенділік көрсетіп, түрлі сайысқа
"Күзгі бал"
22
қазан
2022
"Күзгі бал"
  5-10-сынып оқушылары Тек сіздер үшін, күзгі балды ерекше күтетін сыныптар үшін қараша айының 9-11 аралығында  "Күзгі бал" болатынын хабарлаймыз!!! Барлық сыныптарға сәттілік тілейміз.