Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қараша
2022

Тренинг

  Баланы тәрбиелеу үшін, бай-бағлан болудың қажеті жоқ екендігін өмір өзі делелдеп беріп жатыр. Керісінше әрбір жанда рухани байлық азығы  болса, жақсы тәрбие алып өсетіні айдан анық. Балаға тәрбиешіні алыстан іздеу – бос әурешілік екені,  бала тәрбиесі – ең алдымен ата-ананың парызы екенін тағы бір мәрте дәлелдейтін іс-шара Медеу ауданындағы N172 мектеп-гимназиясында өтті.  Тренинг барысында филиал өкілі Меруерт Мәулетқызы бірлестік жайлы түсіндіріп өтсе,  психолог Қуаныш Қуатқызы перзентке ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ екенін, оларға дос-құрбыларымен сыйласуды, ағайын-туыспен араласуды, ұстаздарын құрметтеуді үйрететін де – ата-анасы екенін жан-жақты түсіндіріп берді.  Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп,  кері байланыс ұйымдастырып,  пікірлерін тыңдады.  Іс-шара барысында тәрбиенің басты ұстазы ата-ана екенін түсіндіру арқылы мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы байланыс нығая түсіп,  жауапкершілік артты.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

10 ақпан 2022 Ашық сабақ
21 қаңтар 2022 «Біз біргеміз»
24 мамыр 2021 іс шаралар