Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІРЛІК ТҮБІ-АМАНАТ
03
мамыр
2023

БІРЛІК ТҮБІ-АМАНАТ

   Алматыда «AMANAT» партиясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді
Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, партия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Қайырымдылық жәрмеңкесінде әлемнің әртүрлі елдерінің асханаларынан аспаздық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, мерекелік жәрмеңке барысында қазақ, орыс, өзбек, армян, ұйғыр, күрд ұлттарының ансамбльдері қатысқан ойын-сауық концерттік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы іс-шараның экологиялық тазалығына көп көңіл бөлді. Аумақта қалдықтарды бөлек жинауға арналған арнайы экоконтейнерлер орнатылды. Жәрмеңкенің барлық қонақтары қоқысты дұрыс таратып, қаланың экологиялық қауіпсіздігіне үлес қоса алды.
Іс-шара соңында сатудан түскен барлық қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысатын «Тағдыр» мүгедек балалардың отбасылық клубына жіберілетін болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

06 қаңтар 2023 "Winter Party"
24 қараша 2022 Іс-шара
17 қазан 2022 Қазақ күресі
19 қыркүйек 2022 Қазақ күресі
16 мамыр 2022 "Алматы БАЛАFEST"
25 ақпан 2022 "Домбыра үні"
21 қаңтар 2022 «Біз біргеміз»
06 желтоқсан 2021 Дөңгелек үстел
09 қыркүйек 2021 Іс шара