Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Пікірсайыс - өмір салты"
02
ақпан
2023

"Пікірсайыс - өмір салты"

  №172 мектеп-гимназиясының "Ойдария" дебат клубы @almatydaryny ұйымдастырған "Пікірсайыс - өмір салты" атты челленджге қатыса отырып, дебаттың өміршеңдігіне тоқталып өткіміз келеді.
Өмір ағымы түрлі қайшылықтардан тұратыны белгілі. Ал, сыни ойлау деңгейі жоғары, білімді, өз ойын ашық жеткізе алатын ұрпақ қалыптастыру - заман талабы. Мектебіміздің дебат клубы түрлі пікірсайыс алаңдарында тамаша ойын өрнегін көрсетіп, дебат жұмысы жандану үстінде. Ақты ақ, қараны қара деп көрсетуде дебатқа жетекшілік жасап жүрген Ыдырыс Сымбат пен Жанадилова Ақмаралдарға шығармашылық шабыт, жаңашылдыққа апаратын тың идеялар тілейміз! Ұшқыр ой алаңында ойын жүйелі әрі дәлелді жеткізіп жүрген 8-10-сынып оқушыларынан тұратын дебатёрлеріміз де аз емес. Атап айтсақ, Тұрсынханова Екатерина, Долқын Алия, Жайлаубек Әлім, Чорман Жұлдыз, Нұртаза Алина, Бектұрсынқызы Аяулым, Тасполатова Ұлбосын, Қаптоғай Самира т.б.
Дебаттық ойындар ойнату - оқушылар арасындағы көшбасшылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, ақпарат кеңістігінен қажетті ақпаратты сұрыптап, сана деңгейінде өсіп, өздерін түрлі қырларынан ашылып, өмірде өз орындарын табуда маңызды фактор деп есептейміз. Бүгінде, "Ойдария" дебат клубы аудан көлеміндегі пікірсайыс қорытындылары бойынша "Белсенді қатысушы", "Үздік талпыныс", жүлделі III-орын иеленген марапат иелері болып табылады. Сондықтан, жеңісті күндерде жолыққанша! Осы челленджге қатыса отырып, челленджді @168school - ге жолдаймыз!
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

26 қаңтар 2023 "Universal teachers"
06 қаңтар 2023 "Winter Party"
12 желтоқсан 2022 "Eco Network"
16 қараша 2022 «FEST Алтын күз»
22 ақпан 2022 "Алтын жүрек"
10 ақпан 2022 Ашық сабақ
01 ақпан 2022 МИФ апталығы
23 қазан 2020 Адал ұрпақ
27 қараша 2018 Бас жулде иегері