Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жұлдыз тағдырлы жазушы"
21
қазан
2022
"Жұлдыз тағдырлы жазушы"
   № 172 мектеп-гимназиясының  кітапханашысы Д.Қожамбердиеваның ұйымдастыруымен Шерхан Мұртазаның туғанына- 90 жыл толуына орай "Жұлдыз тағдырлы жазушы" атты дөңгелек стол өткізілді. Мақсаты:  Оқырманға халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау.  Адам бойына ақыл мен парасатты,  сөз құдіретімен көркем сөздің мәйегін сіңіру.  Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқырман бойына мақтаныш сезімін тудыру,  даналардың даралығын бағалау,  қастерлеу,  білуге баулу.  
“Абай тағылымы-халық тағылымы”
20
қазан
2022
“Абай тағылымы-халық тағылымы”
   № 172 мектеп-гимназиясы “Оқитын мектеп” жобасы бойынша “Абай тағылымы-халық тағылымы” қара сөздерін талдау, атты кітапханалық сағат ұйымдастырды. Шара ұйымдастырушысы: кітапхана меңгерушісі Д.С.Қожамбердиева. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң арқалан Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан (А. Құнанбаев) Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақынымыздың туылғанына да биыл 177 жыл толып отыр. Осы орайда, мектебіміздің 6- сыныптары арасында
"Ұлттық мектеп лигасы"
19
қазан
2022
"Ұлттық мектеп лигасы"
   Медеу ауданының біріншілігінде 5-6 сыныптар арасындағы "Ұлттық мектеп лигасы" бойынша баскетболдан іріктеу кезеңіндегі жарыстан 3-орын иеленген 172 мектеп командасын құттықтаймыз! Балаларды жаттықтырған дене шынықтыру пәні мұғалімі Дүйсен Айдынға алғыс білдіреміз!  
Психологиялық тренинг
18
қазан
2022
Психологиялық тренинг
   Мектеп психологтары Халық Үміт пен Канасаитова Гульнара 5-сынып оқушыларымен орта буынның бейімделуіне психологиялық тренинг өткізген болатын. 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға үйренісулеріне осындай тренингтер оң әсерін тигізеді деп санаймыз.
Қазақ күресі
17
қазан
2022
Қазақ күресі
   Әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін жеңімпазы Тәліп Бауыржан Таубалдыұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен Алматы облысының ашық турнирінде 172 мектеп-гимназиясының 7 г сынып оқушысы Тойжан Әлімжан жүлделі I орынды жеңіп алды. Жеңіс құтты болсын! Жаттықтырушысы Күнесбай Төлегенге осындай шәкірт дайындағаны үшін алғыс айтамыз!   
"Зерде" Республикалық ғылыми жоба
14
қазан
2022
"Зерде" Республикалық ғылыми жоба
   №172 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары арасында "Зерде" Республикалық ғылыми жоба жарысының мектепішілік кезеңі өткізілді. Жоба қорытындысы жарияланып, оқушылар марапатталып, барлық қатысушыларға "Жас ғалым" төсбелгісі табысталды. Мектебіміздің директоры Қазыбаев Талғат Талдыбайұлы жас ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысып, ғылымға бет бұрған оқушыларға алғыс білдірді.  
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
13
қазан
2022
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
   1-қазан Қарттар күніне орай 172 мектеп-гимназиясында "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты қарттарымызға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты қарттарын ардақтай алатын, рухы үстем, шаңырағы биік өскелең ұрпақты тәрбиелеу.  
“Жақсы кітап - жан азығы”
12
қазан
2022
“Жақсы кітап - жан азығы”
    № 172 мектеп-гимназиясы “Оқитын мектеп” жобасы бойынша “Жақсы кітап - жан азығы” атты ертеңгілік ұйымдастырды. Шара ұйымдастырушысы: кітапхана меңгерушісі Д.С.Қожамбердиева. Шараның мақсаты: Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Ертеңгілік 1 "а" сынып оқушыларымен өткізілді.  
Халықтық коалиция форумы
11
қазан
2022
Халықтық коалиция форумы
   Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы сөз сөйледі. «Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді. Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ
"Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс"
07
қазан
2022
"Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс"
  Мектеп психологтары Халық Үміт пен Кансаитова Гульнара 5-сынып ата-аналарымен "Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барынша ата-аналар үшін пайдалы болды деп ойлаймыз, себебі бастауыштан орта буынға көшкен оқушылардың қоғамға сіңіп, жаңа ортада өзін жайлы сезінуі үшін ұстаз-оқушы-ата-ана үштігі бірлесе отырып жұмыс жасаулары қажет.  
"Абайла жолда балақай!"
06
қазан
2022
"Абайла жолда балақай!"
   №172 мектеп-гимназиясында 28-қыркүйек күні бастауыш сынып оқушыларына "Мектепке қауіпсіз жол" акциясы аясында "Абайла жолда балақай!" атты қойылым қойылды. Қойылым тамаша өтті, сергіту сәтінде балалар ән айтып, би билеген болса, көркем еңбек пәні мұғалімі Бейсекова Ақбота 2-сыныптар арасында "Жол жүру белгілері және таңбалары" тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырған болатын. Осы көрме нәтижесі бойынша оқушылар марапатталып, театр демеушілігі тарапынан сыйлықтар берілді. Театрға келген
"Алтын күз"
05
қазан
2022
"Алтын күз"
    №172 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларының арасында "Алтын күз" жұптар сайысы тартысты өтіп, Бас жүлдені 4 "Ә" сыныбы жеңіп алса, I орынды 4 "К" сыныбы, II орынды 4 "Д" сыныбы, III орынды 4 "Л" сыныбы иеленген болатын. Аталған шара бойынша оқушылардың шығармашылық жағынан шыңдалып, сахна мәдениетін игеруіне көмектескен сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз.  
"Математика" апталығы
04
қазан
2022
"Математика" апталығы
   №172 мектеп-гимназиясында 3 қыркүйектен бастап "Математика" апталығы басталды. Апталықтың 1-күні өте нәтижелі басталды десек те болады. Апталықтың ашылу салтанаты жоспар бойынша лездеме түрінде өтті. Балалар ән салып, флэшмоб билеген болса, ал бірлестік демеуімен апталықтың 1-күні мектебіміздің 3-қабатында "Математика бұрышының" салтанатты ашылуының куәсі болдық. Бірлестікке сәттілік тілей отырып, оқушыларымыздың логикалық ойлауы мен математикалық сауаттылықтары өссін деп тілейміз!!!  
"Ұстаз ұлы тұлға"
03
қазан
2022
"Ұстаз ұлы тұлға"
     №172 мектеп-гимназиясында Ұлағатты ұстаздардың төл мерекесі жоғары деңгейде өтіп, барша ұстаздар қауымының көңілінен шыға білді. 11-сынып оқушылары ұстаздарды кіре берістен тамаша көңіл-күймен күтіп алып, артынша "Ұстаз ұлы тұлға" атты концерттік бағдарламаға ұласқан мерекелік шараларына шақырды. Ұстаздар концерттен ерекше әсер алып, ұстаздық жолға келіп, осындай шәкірттер тәрбиелеп отырғанына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, мектепте екі ауысымда да Өзін өзі басқару ұйымының
"Жұлдыз тағдырлы жазушы"
29
қыркүйек
2022
"Жұлдыз тағдырлы жазушы"
   №172 мектеп-гимназия кітапханашысы Д.Қожамбердиеваның ұйымдастыруымен Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай "Жұлдыз тағдырлы жазушы" тақырыбында кітап көрмесі жасалды. Мақсаты Халық жазушы, қоғам қайраткері, аудармашының мол мұрасын оқырман қауымға насихаттау.
"Әулет жүгін арқалаған қыз"
28
қыркүйек
2022
"Әулет жүгін арқалаған қыз"
   "Қазақ тілі мен әдебиеті" бірлестігі 22-қыркүйек күні мектебіміздің үлкен сахнасында Дулат Исабековтың "Әпке" шығармасының негізінде 9-сынып оқушыларынан құралған актерлер құрамасымен "Әулет жүгін арқалаған қыз" қойылымын сәтті ойнап шықты. Көріністі тамашалаған көрермендер шығарманың өмірмен тікелей байланысын сезе алды және үлкен әсер алып қайтты деп сенеміз. Рухани дүниеміздің толымдығы үшін бауырдың бүтіндігі керек деп түйін жасалды.
"Махаббат қызық мол жылдар"
27
қыркүйек
2022
"Махаббат қызық мол жылдар"
   "Қазақ тілі мен әдебиеті" бірлестігі апталықтың 4-күні мектебіміздің үлкен сахнасында Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" шығармасы бойынша көрініс қоюдан 9-сыныптар арасында сайыс және ашық сабақтар өткізді.  
"Дәуірдің дара тұлғасы"
26
қыркүйек
2022
"Дәуірдің дара тұлғасы"
   "Қазақ тілі мен әдебиеті" бірлестігі апталықтың үшінші күнінде маңызды 2 ашық сабақ пен "Дәуірдің дара тұлғасы" атты М.Әуезовтың 125 жылдығына орай 10-сыныптар арасында танымдық сайыс өткізген болатын. Сондай-ақ, үлкен үзіліс уақыттарында оқушыларға атаулы түлғалардың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді.  
"Кел, балалар, оқылық!"
23
қыркүйек
2022
"Кел, балалар, оқылық!"
   "Қазақ тілі мен әдебиеті" бірлестігі айтулы тұлға Ы.Алтынсариннің ұранына айналған "Кел, балалар, оқылық!" атты тақырыпта 5-сынып оқушыларының арасында интеллектуалдық сайыс өткізіп, оқушылардың білімдерін саралады.  
ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ
22
қыркүйек
2022
ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ
   Қалалық турнирден №172 мектеп-гимназия командасы Футболдан I-орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз. Бапкері дене шынықтыру пән мұғалімі Кекілов Ришат. Оқушылардың жетістіктері көбейе берсін. 
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21
қыркүйек
2022
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
       № 172 мектеп-гимназияда  21.09. 2022ж.  күні бос  уақытша  лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды: 1  . Сағынышқызы Ж.  – уақытша бос тұрған  информатика  пәні мұғаліміне; 2. Джумабек Ұ.Б -  уақытша бос
"Тіл татулық тірегі!"
21
қыркүйек
2022
"Тіл татулық тірегі!"
  19-қыркүйек күні бастауыш мектебінде "Шет тілдер" бірлестігі "Тіл татулық тірегі!" атты апталықтарын сәтті бастап, үш тұғырлы тіл саясатының ең алдымен ұстаздардан бастау алу керектігін насихаттау мақсатында ұстаздарға үш тілде сұрақтар қойылып, ұнамды жауаптарға сыйлықтар үлестірілді. Үш тілді меңгеру, білу - бұл жаhанданған әлемге жолдама" деген ұранды алға тартқан бірлестік ұжымына сәттілік тілейміз!  
“Ұлт зиялылары ұрпақ жадында"
20
қыркүйек
2022
“Ұлт зиялылары ұрпақ жадында"
  Мектебімізде Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы басталды. “Ұлт зиялылары ұрпақ жадында” тақырыбындағы апталығының ашылу сәтінен.
Қазақ күресі
19
қыркүйек
2022
Қазақ күресі
Қала күніне орай өткізілген жарыста Қазақ күресінен  мектебіміздің 4-сынып оқушысы  Оспан Нұрасыл 2-орынды жеңіп алды.Құттықтаймыз.  Бапкері Дене шынықтыру пән мұғалімі Күнесбай Төлеген.
Мектеп Президенттігіне сайлау
16
қыркүйек
2022
Мектеп Президенттігіне сайлау
№172 мектеп-гимназиясында 13-қыркүйек күні жыл сайынғы үрдіс бойынша Мектеп Президенттігіне сайлау өткізілді. Сайлау нәтижесінде үміткерлеріміздің ішінен 10 "Б" сынып оқушысы Бектұрсынова Екатерина тағайындалды. Ал Өзін-өзі басқару ұйымының вице-Президенті болып 9 "Ә" сынып оқушысы Тасболатова Ұлбосын сайланса, "Жас Ұлан" ұйымының ұланбасы лауазымына 9 "Г" сынып оқушысы Долқын Әлия лайық деп танылды.   Осы құрамнан бөлек Өзін өзі басқару ұйымының 8 фракциясына шығармашылыққа бейім, бойында
"Алтын қазына"
15
қыркүйек
2022
"Алтын қазына"
   "Алтын қазына" атты қалалық көркемөнер және сәндік -қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауына белсене қатысып,ат салысқаны үшін, өскелең ұрпақтың бойына білім мен өнерді, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда атқарған еңбегі үшін мектебіміздің Көркем еңбек пән мұғалімдері Нургожаева Анар,Манақова Дана, Бейсенова Айжан, Ақылбай Айгерім    Алғыс хатпен марпатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! 
Мектеп Президентінің сайлауы
14
қыркүйек
2022
Мектеп Президентінің сайлауы
 13-қыркүйек күні 2022-2023 оқу жылындағы №172 мектеп-гимназиясының Мектеп Президентінің сайлауы болатынын хабарлаймыз! ✅ Мектеп Президенттігіне үміткер №1 қатысушы 9 ә сынып оқушысы Тасполатова Ұлболсын🏢 Сайлауға мектебіміздің 9-10-сынып оқушылары қатыса алады. Үміткерлерге сәттілік тілейміз!💐💐💐 Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін маңызды ✅ 🏛️Өтетін орны: акт залы ⌛Уақыты: 9-сыныптар үшін 10:25-10:35 аралығы 10-сыныптар үшін 11:20-11:30 аралығы
ХАБАРЛАНДЫРУ
14
қыркүйек
2022
ХАБАРЛАНДЫРУ
   Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19
"Әлемдік кеңістіктегі Ахмет және ұлт бейнесі"
13
қыркүйек
2022
"Әлемдік кеңістіктегі Ахмет және ұлт бейнесі"
  7 қыркүйек күні №172 мектеп-гимназиясында 7-8-сынып оқушыларына Балалар жылы аясында "Әлемдік кеңістіктегі Ахмет және ұлт бейнесі" тақырыбында қабырға газеттерін қорғау сайысы өткен болатын. Бұл сайысқа бас аяғы 12 сынып қатысты. 🏆 "Бас жүлдені" 7 "з" сыныбы жеңіп алса, 🥇 I орынды 8"з" және 7 "б" сыныптары, 🥈II орынды 7 "и" , 8"ә", 8 "д" сыныптары, 🥉III орынды 8"а", 8"ж", 7"ә" сыныптары иеленді. ✅Ал 7 "г", 7 "к", 8 "г" сыныптарына сайысқа қатысып, белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттар
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
12
қыркүйек
2022
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
      № 172 мектеп-гимназияда  09.09. 2022ж.  күні бос лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды: 1  . Жақып К.Б  – бос тұрған  физика  пәні мұғаліміне; 2. Секен Г.С-  бос тұрған   физика  пәні мұғаліміне; 3.Айдарова Г.Т
"А.Байтұрсынұлының мұрасы"
12
қыркүйек
2022
"А.Байтұрсынұлының мұрасы"
    6-қыркүйек күні апталық жоспары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 10-11-сыныптар арасында "А.Байтұрсынұлының мұрасы" тақырыбында эссе байқауы өткізілді.   
А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
06
қыркүйек
2022
А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
   5-қыркүйек күні Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Осындай нағыз ұлт жанашыры ның мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. №172 мектеп-гимназиясы да ұлы ағартушының туған күніне орай апталық ұйымдастыру жұмысын қолға алды. Апталықтың алғашқы күнінде екі ауысымға да лездеме жасалынып, ақын өлеңдері жатқа оқылды.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары апталық жоспарымен таныстырып, окушылар мен ұстаздарды белсенді болуға шақырды.  
ХАБАРЛАНДЫРУ!
02
қыркүйек
2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!
        Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
02
қыркүйек
2022
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ         № 172 мектеп-гимназияда  26 .08.2022ж.  күні бос және уақытша бос лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды: 1.  Алтынбай Ж.Н  . – бос тұрған   математика   пәні мұғаліміне; 2. 
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
02
қыркүйек
2022
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ    № 172 мектеп-гимназияда  31 .08.2022ж.  күні бос және уақытша бос лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды: 1.  Бекбаева А.О  – бос тұрған   ағылшын тілі   пәні мұғаліміне; 2.  Нұрқас
"Алғашқы қоңырау"
02
қыркүйек
2022
"Алғашқы қоңырау"
      №172 мектеп-гимназиясында 1-қыркүйек Білім күніне орай "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты. Салтанатты жиынға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Айдос Асқарұлы келіп, 1-сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндерімізге сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірсе, 172 мектеп-гимназия директоры Қазыбаев Талғат Талдыбайұлы мектеп ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. "Білімге ұмтылу,
"Жалпы құқықтық білім беру"
02
қыркүйек
2022
"Жалпы құқықтық білім беру"
   1-қыркүйек күні 172 мектеп-гимназиясына Алматы қаласы Медеу ауданы ПБ жанындағы Полиция Бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты Нұржақып Гүлнұр Маратқызы келіп, оқушылармен "Жалпы құқықтық білім беру" бойынша жиналыс өткізді. Бұл жиналыста құқықтық біліммен қатар, окушылардың бойында жаман әдеттерден аулақ болу, нашақорлыққа жоламау, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары айтылды. Оқушыларымыздың санасы таза, өмір салттары салауатты болсын деп тілейміз!  
1-қыркүйек Білім күні
01
қыркүйек
2022
1-қыркүйек Білім күні
   Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында үлкен  жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! 
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01
қыркүйек
2022
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
  № 172 мектеп-гимназияда  31 .08.2022ж.  күні бос және уақытша бос лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды: 1.  Бекбаева А.О  – бос тұрған   ағылшын тілі   пәні мұғаліміне; 2.  Нұрқас Ұ.-   бос тұрған   ағылшын тілі 
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01
қыркүйек
2022
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
   № 172 мектеп-гимназияда  26 .08.2022ж.  күні бос және уақытша бос лауазымға кандидаттарды  қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы  өтті. Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-праграфына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссия отырысының  қорытындысы бойынша  төмендегі пән мұғалімдері мектеп директорына  жұмысқа қабылдауға ұсынылды: 1.  Алтынбай Ж.Н  . – бос тұрған   математика   пәні мұғаліміне; 2.  Сәрсетова Н.Д-   бос тұрған  
Қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату»
26
тамыз
2022
Қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату»
 Спорт күніне арналған қалалық турнирде 7-8 сыныптар арасында Қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» ойыны  өтті. Осы жарыста Медеу ауданының құрама командасы 1 орынды иеленді. Орталық ұлттық Музей басшылығының тағайындаған арнайы сыйлығымен марапатталды. 
ХАБАРЛАНДЫРУ
24
тамыз
2022
ХАБАРЛАНДЫРУ
    Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19
"Балдәурен" жазғы лагері
24
тамыз
2022
"Балдәурен" жазғы лагері
  "Балдәурен" жазғы лагеріне қатысушы 7-8-сынып окушылары таңғы сергіту жаттығуларынан кейін кинотеатрға барып, "Казахи против пришельцев" киносын тамашалап қайтты. Балалар достармен демалудың жөні бөлек екенін, ол кездердің әр сәті бағалы екенін түсінеді . Лагерьдің ерекшелігі де осы емес пе?! 
Хабарландыру
19
тамыз
2022
Хабарландыру
  Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
26
шілде
2022
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
    №172 мектеп-гимназиясында ә леуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.  Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында  азқамтылған  және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей
Халықаралық Өнер Фестивальі
18
шілде
2022
Халықаралық Өнер Фестивальі
  Мектебіміздің 5 ”Г ” сынып оқушысы Асетқызы Нұрсағым Түрік елінде болған Халықаралық өнер фестивальіне қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. Шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымыздың жетістігі көбейе берсін.    
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
04
маусым
2022
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
  Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді 4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймыз! Сіздерді Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған атаулы мерекемен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа шаттық, ырыс, ынтымақ тілейміз! 172 мектеп-гимназиясының ұжымы  мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға өз үлестерін қосып, мемлекеттік Гимнді ұжым болып орындады. Рәміздер - халқымыздың мұқалмас рухын, қаhармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
"Дара оқырман"
03
маусым
2022
"Дара оқырман"
  "Дара оқырман" клубының мүшелері 8"А"-сынып оқушысы Абай Данабек пен  5 "А"-сынып оқушысы Абай Ләйлім Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысқандары  үшін  халықаралық Д.А. Қонаев қоры президенті Э.А. Қонаевтың атынан алғыс алды. Құттықтаймыз!   
"Алматы Бала FEST"
01
маусым
2022
"Алматы Бала FEST"
   1-маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Бүгін балаларды қорғау күніне орай Медеу аудандық білім бөлімі және Медеу ауданы әкімдігінің басшылығымен орталық саябақта және окушылар сарайында "Алматы Бала FEST" фестивалі аясында 172 мектеп-гимназия оқушылары сурет салу, қолөнер бағыттарында жұмыстар жасап, еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевпен кездесуге барды. Оқушыларымыз жасаған жұмыстары бойынша жүлделі орындарға ие болып, арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Балаларымызға ашық аспан
Тәрбие сағаттары
01
маусым
2022
Тәрбие сағаттары
   31 мамыр - саяси қуғын-сүргәне ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 172-мектеп-гимназиясында осы күнге орай жазғы мектептегі бастауыш сынып окушыларымен тәрбиаттары өткізіліп, келешек ұрпақ үшін өз өмірлерін құрбан еткен қайсар халқымызды еске алды. Ұрпағымыз бұл оқиғалардан үлкен сабақ алып, болашақта қайталануына жол бермеуі тиіс. Себебі халықтың бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігінен қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.
"Бояулар құпиясы"
31
мамыр
2022
"Бояулар құпиясы"
   Балалар жылына орай ұйымдастырылған аудандық "Алматы БалаFest" балалар фестивалі аясында "Бояулар құпиясы" бағыты бойынша керемет композициялық жұмыс ұсынған 9"Е" сынып оқушысы Тілеужан Альбинаны жүлделі II-орын алуымен құттықтаймыз.Жетекшісі Нұрғожаева Анар. 
"Жасыл мектеп"
30
мамыр
2022
"Жасыл мектеп"
  172 мектеп-гимназиясы 1 ай көлемінде "Жасыл мектеп" жобасы аясында макулатура жинау сайысына қатысқан болатын. Нәтижесінде мектебіміз 1790 кг макулатураны қайта өңдеуге тапсырып, "Жасыл мектеп" жобасы бар мектептердің ішінен III орын алып, 400 000 теңгенің сертификатын ұтып алды. Өз кезегімізде осы сайыста жүлделі орынға жетуге атсалысқан барлық сынып оқушыларына және сынып жетекшілеріне алғыс айтамыз! Осындай сайысты ұйымдастырған "Жасыл мектеп" жобасына, @bulat_utemuratov_foundation қорына
"Соңғы қоңырау"
28
мамыр
2022
"Соңғы қоңырау"
   №172-мектеп-гимназиясында 25-мамыр күні барлық мектеп оқушылары үшін "Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны өтілді. 11-сынып бітіруші түлектеріміз үшін қоңырау үні соңғы рет соғылып, алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. Түлектерге алдағы мемлекеттік емтихандар мен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде сәттілік тілейміз!
"Менің сыныбым - менің таңдауым"
26
мамыр
2022
"Менің сыныбым - менің таңдауым"
   Алматы дарыны ұйымдастырған "Менің сыныбым - менің таңдауым" челленджіне қатысып, "Мектеп мақтанышы" номинациясы бойынша Сейіткерім Жансая апайдың   8 "З" сыныбы, ал  "Ақылды Awards" номинациясы бойынша Ғазиза Күмісбекқызының 7 "З" сыныбы үздіктер қатарынан көрінді. Сынып жетекшілеріне оқушыларын  алдыға жетелеп, аталған челленджде белсенділік  танытқандары  үшін алғыс білдіреміз!
"Кітап - білім бұлағы"
25
мамыр
2022
"Кітап - білім бұлағы"
   Аудандық "Кітап - білім бұлағы" атты байқауының "Кадрда оқу" номинациясында 5"Б" сынып оқушысы Әділғазы Іңкәр "Менің атым Қожа" повесі бойынша буктрейлер дайындап, қысқаша мазмұнын айтып жүлделі 1-орынды иеленіп, қалалық байқауға өтті. Жетекшісі Абдулла Айнаш. Құттықтаймыз!
"Бақытты балалық шақ"
23
мамыр
2022
"Бақытты балалық шақ"
172-мектеп-гимназиясының психологтары Халық Үміт пен Кансаитова Гульнара 7-сынып оқушыларымен "Бакытты балалық шақ" атты психологиялық тренинг өткізді. Оқушылар тренингте өте белсенді, шығармашыл, ұйымшыл болып, өздерін мейлінше еркін ұстады. Осындай тренингтер арқылы сынып оқушыларының психологиялық тұрғыдан мінез-құлықтарын анықтап, сыныппен қарым-қатынастарын жақсартуға, қоғамда өз орындарын табуға септігін тигізері анық. Себебі әр бала - жеке тұлға. Оқушылардың тұлға болып қалыптасуында
"Жұлдызды сәт"
21
мамыр
2022
"Жұлдызды сәт"
    172 мектеп-гимназиясында балалар жылына арналған "Алматы БАЛАFEST" балалар фестивалі аясында "Жұлдызды сәт" байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Мектепішілік кезең бойынша үздік деп танылған өнерлі балалар аудандық кезеңге өтетін болады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
"Open Air Спорт"
20
мамыр
2022
"Open Air Спорт"
  172 мектеп-гимназиясында балалар жылына арналған "Алматы БАЛАFEST" балалар фестивалі аясында "Open Air Спорт" байқауының "Sportfest" алаңы баскетбол бағыты бойынша 7-8-сыныптар арасында мектепішілік кезеңін өткізді. Жеңіске жеткен командалар аудандық кезеңде бақ сынайтын болады. 
"Ертеңіме сенемін"
19
мамыр
2022
"Ертеңіме сенемін"
     Шымкет қаласында өткен Халықаралық  "Ертеңіме сенемін" байқауынан мектебіміздің 6В сынып оқушысы Қуанышбек Амина Бас жүлде жеңіп алды. Құттықтаймыз.
“Кітап-білім бұлағы”
18
мамыр
2022
“Кітап-білім бұлағы”
   Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен “Алматы БАЛАFEST” балалар фестивалі аясында “Кітап-білім бұлағы” байқауы өтуде. Байқау мақсаты - кітап пен оқуды насихаттау мақсатында тартымды, қызықты, шығармашылық орта құру, мектеп пен колледж оқушыларының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру. 172- мектеп-гимназиясының атынан 5"Б" сынып оқушысы Әділғазы Іңкәр “Кадрда оқу” бағыты бойынша аудандық сайыста бақ сынайтын болады. Жетекшісі: Қожамбердиева Динара
Референдум
17
мамыр
2022
Референдум
  172-мектеп-гимназиясында 5-маусым күні өтілетін Республикалық Референдум туралы ұстаздар мен ата-аналарға мектеп пен Медеу ауданы тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін, Медеу ауданы "Бақытты отбасы" әлеуметтік жобасының жетекшісі Саметова Толқын Төлеушайыққызы Думан ықшам ауданына қарасты 172-мектеп-гимназиясының ұжымы мен ата-аналарына Конституцияға түзетулер енгізу бойынша 5-маусымда өтілетін Референдум туралы ауқымды ақпаратпен бөлісіп, елді басқару ісінде халықтың қатысу
"Өнерлі бала"
16
мамыр
2022
"Өнерлі бала"
  172 мектеп-гимназиясында балалар жылына арналған "Алматы БАЛАFEST" балалар фестивалі аясында "Өнерлі бала" байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Үздік жұмыстар аудандық кезеңге өтті. Шығармашылыққа бет бұрған окушыларымызға сәттілік тілейміз!   
"Алматы БАЛАFEST"
16
мамыр
2022
"Алматы БАЛАFEST"
     172 мектеп-гимназиясында балалар жылына арналған "Алматы БАЛАFEST" балалар фестивалі аясында "Жасыл Алматы" байқауының "Қайырымды қақпақтар" экологиялық қайырымдылық жобасы бойынша мектепішілік кезеңіне қатысып, II-орынды иеленген 7 "Г" сынып оқушысы Амангелді Каусарды жүлделі орнымен құттықтаймыз!
Аманат партиясының депутаттарымен кездесу
14
мамыр
2022
Аманат партиясының депутаттарымен кездесу
   Алматы қаласы Медеу ауданында Аманат партиясының депутаттарымен кездесуі өткізілді. Кездесуге 5-маусым күні болатын референдумның өту барысы, ҚР Президентінің Конституциялық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Референдумды қолдау жөніндегі кездесуге аудандағы мектептердің директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
"Алматы БАЛАFEST"
13
мамыр
2022
"Алматы БАЛАFEST"
    172 мектеп-гимназиясында "Алматы БАЛАFEST" балалар фестивалі аясында "Жасыл Алматы" байқауы бойынша "Макулатура тапсырып, ағашты қорға! " акциясы өтуде. Оқушылар бұл акцияға қатысуда үлкен белсенділік танытып отыр. Акцияның мақсаты қажет емес макулатураны өткізу арқылы, ағаштарды сақтау және оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
"Бояулар құпиясы"
12
мамыр
2022
"Бояулар құпиясы"
  172 мектеп-гимназиясында балалар жылына арналған "Бояулар құпиясы" АРТ байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқау BALAFEST балалар фестивалі аясында өткізілді. Байқаудың мақсаты балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту. Мектепішілік байқаудан өткен окушылар аудандық байқауда өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін сынайтын болады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!  
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
11
мамыр
2022
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
   9-мамыр Жеңіс күніне 77-жыл толуына орай Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Алматы қаласының ашық біріншілігінде мектебіміздің  7 "Ә" сынып оқушысы Ахмадиев Ақжан  I-орынға ие болды. Бапкері Күнесбай Төлеген. Құттықтаймыз.
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ-2022"
10
мамыр
2022
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ-2022"
   Облыстық, республикалық, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, пәндік  олимпиадаларда, зияткерлік-шығармашылық  турнирлерде және спорттық іс-шараларда жоғары ұпай жинағаны үшін  V Дарынды Балалардың Республикалық Форумы "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ-2022" медалімен мектебіміздің 6-сынып оқушысы  Шайтұрсын Әмина марапатталды. Жетекшісі Абдулла Айнаш Абдуллақызы. Құттықтаймыз.
"Абай-Ата Ұрпақтары"
05
мамыр
2022
"Абай-Ата Ұрпақтары"
   Мектебіміздің 7 сынып оқушысы Мереке Миятқызы "Абай-Ата Ұрпақтары" атты Республикалық конкурсына қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі Арипбаева Сандуғаш. Құттықтаймыз!
"Алаш ардақтысы"
04
мамыр
2022
"Алаш ардақтысы"
     Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына орай ұйымдастырған "Алаш ардақтысы" атты байқауда "Ғылыми Жоба" аталымы бойынша мектебіміздің 9"Ә" сынып оқушысы Ерланқызы Аяжан үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Болысбекова Малика. Құттықтаймыз!
Республикалық  дарынды   оқушылар форумы
03
мамыр
2022
Республикалық дарынды оқушылар форумы
  Республикалық дарынды оқушылар форумына мектебіміздің 6"Е" сынып оқушысы Шайтұрсын Әмина (орыс тілі), 10"Ә" сынып оқушылары Әбдіқани Шәмшінұр (қазақ тілі) және Мауленқызы Зере (Қазақстан тарихы) пәні бойынша  қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Пән мұғалімдері: Нукаева Г.О, Абдулла А.А, Макеева Б.Т. Ұстаздар мен ата-аналарда  Алғыс хатпен марапатталды.Еңбектеріңіз еленіп, марапатқа ие бола беріңіздер. Шын жүректен құттықтаймыз! 
Мисс және Мистер
30
сәуір
2022
Мисс және Мистер
  Мектебіміздің Мисс және Мистерлерімен таныс болыңыздар! 8 "Г" сынып оқушылары Байысбек Нұрасыл мен  Долқын Әлия (Бас жүлде иегерлері.
"Театрдың ғажайып әлемі"
29
сәуір
2022
"Театрдың ғажайып әлемі"
   Мектебіміздің 7 "Д" оқушысы Нұрланқызы Әнел "Театрдың ғажайып әлемі" атты  республикалық театр өнері фестиваль-байқауының қалалық кезеңінен "Жас театр суретшісі " номинациясының 3-орын  жеңімпазы атанды. Жетекшісі Нургожаева Анар. Шын жүректен құттықтаймыз.
1-мамыр "Бірлік күніне" арналған  Дзюдо жарысы
28
сәуір
2022
1-мамыр "Бірлік күніне" арналған Дзюдо жарысы
   Дзюдодан мектеп оқушылары арасында 1-мамыр "Бірлік күніне" арналған Алматы қаласының ашық біріншілігінде мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары Тойжан Әміржан 1-орын Тойжан Әлімжан 2-орын Ерғанат Ерасыл 2-орын Қайырғали Әміржан 3-орынға ие болып,  дипломмен марапатталды.  Бапкері Күнесбай Төлеген. Құттықтаймыз! 
“КӨКТЕМ ШУАҒЫ”  фестивальі
27
сәуір
2022
“КӨКТЕМ ШУАҒЫ” фестивальі
   «BALBULAQ” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған II Халықаралық “КӨКТЕМ ШУАҒЫ”  фестиваль байқауында “Аспапта ойнау” номинациясына қатысып, өз өнерімен дараланған ерекше талант иесі  мектебіміздің 5"А" сынып оқушысы Ахмади Арнұр  Бас жүлдемен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!  
“Макалатураны тапсырып, ағашты сақта"
26
сәуір
2022
“Макалатураны тапсырып, ағашты сақта"
   Жаратылыстану апталығының қарсаңында "Жасыл мектеп" жобасының ұйымдастырылуымен  “Макалатураны тапсырып, ағашты сақта” атты конкурс ұйымдастырылып жатыр.  Мектебіміз 20.04-20.05 аралығында конкурсқа қатысады.   1-орын 1 миллион тенге   2-орын 600 мың теңге.   3-орын 400 мың теңге   Жүлде қоры мектеп қажеттілігіне жұмасалады!              
"Ғылымдағы Алғашқы Қадам"
25
сәуір
2022
"Ғылымдағы Алғашқы Қадам"
   Шымкент қаласында өткен Қазақстандағы балалар жылына арналған "Ғылымдағы Алғашқы Қадам" тақырыбы бойынша V-Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып  III-дәрежелі  дипломмен марапатталған мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Асқар Балнұр. Жетекшісі Аманғалиев Шынболат. "Гран При" иегері 10-сынып оқушысы Мауленқызы Зере,жетекшісі Нукаева Гульнур Отанқызы. II-дәрежелі дипломмен 10-сынып оқушысы Ерланқызы Аяжан,жетекшісі Болысбекова Малика. II-дәрежелі дипломмен 7-сынып оқушысы Әбдірәсіл Аяла
"Жасыл мектеп"
23
сәуір
2022
"Жасыл мектеп"
    Жаратылыстану апталығының 2-күнінде "Жасыл мектеп" жылыжайының өнімдерін сатудан жәрмеңке өтті. Таза өнімімізді сатып алушылар саны көп-ақ. Сондай-ақ, үлкен қоңырауларда химия пәнінен қызықты тәжірибелер жасауға үлкен мүмкіндік туды.
"Халықаралық би" байқауы
22
сәуір
2022
"Халықаралық би" байқауы
   Мектебіміздің 5"Б" сынып оқушысы Жұмахан Жанэля, Нұрсұлтан қаласында   өткен 11-ші "Халықаралық би" байқауында топтық биден 3- орын алып келді. "Назар тобының" биші қыздары. Құттықтаймыз! 
"Дзюдо" күресі
21
сәуір
2022
"Дзюдо" күресі
   Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай "Дзюдо" күресінен 2009-2010, 2011-2012, 2013-2014 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы Алматы қаласының ашық біріншілігі бойынша I-орын иеленген мектебіміздің оқушылары Қайырғали Әміржан  мен Тойжан Әлімжанды, II-орын иеленген Тойжан Әміржанды жүлделерімен құттықтаймыз. Бапкері Күнесбай Төлеген. 
Республикалық Жас Өнерпаздар  байқауы
21
сәуір
2022
Республикалық Жас Өнерпаздар байқауы
  Мектебіміздің оқушылары Республикалық Жас Өнерпаздар  арасындағы  өнер байқауына қатысып жүлделі орынмен марапатталды. "Аспапта ойнау" жанры бойынша  Әсет Марғұлан, 7 "Д" сынып оқушысы Зікірия Зейнолла, "8 “З”сынып оқушысы Жақсылық Дәулет, 6 "Б"сыныбы оқушылары Тұрсын Елнұр, мен Әсет Марғұлан бас жүлдені  жеңіп алды. 5 “А” сынып оқушылары Қадрия Әбілқайыр, Дәулетбекұлы Бейбарыс, Мұхамеджан Әділет I-орын дәрежесіне ие болды. Ерден Ханкелді,  7 "З" сынып оқушысы Жумағалым Алдияр, Сабит Елдар,
" Еркін Елдің Ұланымын"
20
сәуір
2022
" Еркін Елдің Ұланымын"
   Республикалық  "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы "2022- Балалар жылы" аясында ұйымдастырған "ЕРКІН ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫН" атты байқауда " АСПАПТА ӨНЕР КӨРСЕТУ" аталымы бойынша мектебіміздің оқушысы Ахмадиев Ақжан үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
"Жасыл мектеп -акциясы"
19
сәуір
2022
"Жасыл мектеп -акциясы"
     Мектебімізде  "Жаратылыстану бірлестігі" апталығының бірінші күні "Жасыл мектеп -акциясымен" басталды. Бірлестік мүшелері мен оқушылары жұмыла жұмыс жасап оннан астам жеміс ағашы мен гүлдер отырғызды. Бұл бастаманың мақсаты табиғатты аялау және экологиялық тәрбие беру. "Жасыл мектеп акциясын" жалғастыру эстафетасын барлық мектеп бірлестігіне жолдай отырып, сіздерді де мектебізді көгалдандыруға шақырамыз.     
"Жас келсе, іске..."
18
сәуір
2022
"Жас келсе, іске..."
  Мектебімізде 3-аптаға айналған "Жас келсе, іске..." атты  жас мамандар  байқауы өз мәресіне жетті. Соңғы бөлім "Көрініс және өнер" сайысымен аяқталды. Бұл сайыста "Ұлағат", "Жаңа Style", және "Тұмар" топтары өз өнерлерін ортаға салды.  Топ қатысушыларына сәттілік тілейміз, әр жас маман, болашақта мықты қас шебер болуына тілекшіміз! 
"Мен жемқорлыққа қарсымын" сурет байқауы
16
сәуір
2022
"Мен жемқорлыққа қарсымын" сурет байқауы
     №172 мектеп-гимназиясында 5-6-сыныптар арасында "Мен жемқорлыққа қарсымын" сурет байқауы өтілді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені 5"Ә" сынып оқушысы Замир Елдана, 1-орынды 6 "Ж" сынып оқушысы Касимбаева Мавлуда, 2-орынды 6"В" сынып оқушысы Тоқтасын Әдемі, 3-орынды 6 "В" сынып оқушысы Қуанышбек Әмина иеленді. Осындай байқауға қатынасып, ойын сурет арқылы ұтымды жеткізе білген оқушыларға қылқаламдарың кеппесін деп тілейміз!
"Дене шынықтыру" пәні апталығы
15
сәуір
2022
"Дене шынықтыру" пәні апталығы
   Мектебімізде  "Дене шынықтыру" бірлестігінің  апталығы жалғасын табуда. «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда, олар волейбол, баскетбол, күрес, тоғызқұмалақ т.б . Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл он күндікті өткізудегі негізгі мақсаты – оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке,
«Көктем аруы»
14
сәуір
2022
«Көктем аруы»
    2022 жылдың 11-сәуір күні  1-сынып бірлестігінің ұйымдастырумен 1-сынып оқушылары арасында   «Көктем аруы» сайысы  өткізілді.  Сайыстың мақсаты: кішкентай бүлдіршін қыздарымыздың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыра отырып, «Қазақ қызы»деген атқа лайықты ойы әсем,парасатты,ақылды,білімді болып өсуге үйрету. Міндеттері: әр қыз баланың танымдық,шығармашылық қабілетін,әдемілікке деген талғамдарын,өнерін дамыту,мейірімділікке,әдептілікке,әдемілікке тәрбиелеу болып табылады. Аталған
Дене шынықтыру пәні апталығы
12
сәуір
2022
Дене шынықтыру пәні апталығы
    Мектебімізде Дене шынықтыру пәні апаталығы басталды. Пән жетекшілеріне сәттілік тілейміз! 
«Айтып өткен ақында арман бар ма?»
11
сәуір
2022
«Айтып өткен ақында арман бар ма?»
   8 сәуір күні 7-11-сынып оқушылары арасында М. Мақатаев оқуларының қалалық кезеңі өтті. Нәтижесінде, №172-мектеп-гимназиясының 2 оқушысы жүлделі орындармен оралды.  «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша  дәрежелі дипломмен 8 "Г" сынып оқушысы Долқын Алия марапатталды. Ал «Көкірегімді жыр сәулесі маздайды...» бағыты бойынша дәрежелі дипломмен 8 "А" сынып оқушысы Сауытхан Айбарыс марапатталды. Жетекшілері Ыдырыс Сымбат пен Бөлекбаева Назгүл апайға осындай шәкірттер тәрбиелеп, үлкен
" Классика әлемі"- 2022ж
09
сәуір
2022
" Классика әлемі"- 2022ж
   №172 мектеп-гимназиясының  8 "Б" сынып оқушысы Сүйеш Жібек  "Классика әлемі-2022" атты қалалық байқауында 3-орынды иеленеді. Шын жүректен құттықтаймыз. 
"Жас келсе, іске"... 2022ж
09
сәуір
2022
"Жас келсе, іске"... 2022ж
 Мектебімізде "Жас келсе, іске" атты  жас мамандар байқауының 2- кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезеңде жас мамандар өз тәлімгерін жарнамалайды. Топ жетекшісі-Такишева Алмагүл Жуматаевна.  
"Жас келсе іске"...  2022ж
08
сәуір
2022
"Жас келсе іске"... 2022ж
  Мектебімізде "Жас келсе, іске" атты  жас мамандар байқауының 2- кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезеңде жас мамандар өз тәлімгерін жарнамалайды.  
“Жас келсе,іске” 2022
07
сәуір
2022
“Жас келсе,іске” 2022
   “Жас келсе, іске” 2022ж.  “Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады” атты 2 кезеңнің  1-топ көріністері. Хас шебер: Талдыбекова Нұрбибі Мырзатайқызы.
Хабарландыру
06
сәуір
2022
Хабарландыру
  Оқу жылының аяқталуы қарсаңында әлеуметтік желілерде мектептерде, соның ішінде мектеп бітіру кештерін өткізуге ақша жинау туралы ақпарат таралуда. Осыған байланысты Алматы қаласының Білім басқармасы барлық білім беру ұйымдарында заңсыз қаражат жинауға тұрақты тыйым салынғанын және бірінші басшыларға жеке жауапкершілік жүктелген тиісті бұйрықтар шығарылғанын ресми түрде хабарлайды. Білім беру ұйымдарында алдын алу жұмысы күшейтілуде. Заң бұзушылықтар туралы (нақты мәліметтерді көрсете отырып)
"Сыр жұлдыздары"
06
сәуір
2022
"Сыр жұлдыздары"
  Мектебіміздің 3 "л" сынып оқушысы Жұмабек Інжу көркем гимнастикадан "Сыр жұлдыздары" атты Қызылорда облысының ашық чемпионатының топтық бағдарламасы бойынша I орын, жекелей бағдарлама бойынша II орын иеленді. Ал ҚР кубогында командалық бәсекеде IV орынға ие болды. Мектеп мактанышымызды осы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халықаралық би конкурс фестивалі
06
сәуір
2022
Халықаралық би конкурс фестивалі
   Мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Жақан Гүлім, Нұрсұлтан қаласында өтілген Түркия-Қазақстан-Ресей елдері арасындағы Халықаралық би конкурс фестивалінде "Хореография" номинациясы бойынша өнер көрсетіп, III дәрежелі лауреат атанды. Осындай халықаралық деңгейде өнер көрсеткен Гүлімге жұлдызың жана берсін дейміз!  
"Жас келсе, іске"
05
сәуір
2022
"Жас келсе, іске"
  "Жас келсе, іске" - 2022 жылғы  Жас мамандар байқауының “Өзіңді таныт” 1-турынан суреттер Топ жетекшісі: Хас шебер- Талдыбекова Нұрбибі Мырзатайқызы.  
"Отыз күн оразада-30 игілікті іс"
04
сәуір
2022
"Отыз күн оразада-30 игілікті іс"
  Рамазан рухани тазару айы. Бұл айды  құрметтеу – имандылықтың, тақуалықтың белгісі.  Ал Мұсылманның көңілін көтеріп, үміт сыйлау үлкен сауап. Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Олай болса, осы отыз күн оразада мұқтаж жандарға көмек қолын созып, мол сауапқа кенелейік. Ол үшін сіздерді 172 мектеп-гимназиясындағы «Отыз күн оразада - 30 игілікті іс» қайырымдылық жәрмеңкесіне шақырамыз! Егер сіз  жылы жүрек, жомарт қол иесі болсаңыз тұрмыс қажеттілігін өтейтін химиялық заттар
"Жас келсе іске"
04
сәуір
2022
"Жас келсе іске"
  "Жас келсе іске" жас мамандар сайысының қандай реттілікпен өтетіні белгілі болды. "Өзіңді таныт" туры бойынша Талдыбекова Нұрбибі апайдың тобы бірінші, Жартиева Гулмира апайдың тобы екінші, Такишева Алмагүл апайдың тобы үшінші болып таныстыру алаңына келетін болды. Сәттілік тілейміз!
"Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы"
03
сәуір
2022
"Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы"
  Мектептегі Өзін- өзі басқару ұйымы 7-8 сыныптар арасында  "Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы"  тақырыбында эссе байқауын өткізді. Эссе қорытындысы бойынша үздік жазылған эсселерге орындар берілді. Осындай маңызды шараға атсалысқан оқушыларға алғыс айтамыз. Бас жүлде- 7 "Ж" сынып окушысы Бырқия Азиза I   орын-  8 "И" сынып оқушысы Әділхан Жанель II  орын -7 "И" сынып оқушысы Толжанова Айсана III орын- 7 "И" сынып оқушысы Төлен Гаухар