Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Менің Қазақстаным"
03
желтоқсан
2024
"Менің Қазақстаным"
   №172 мектеп-гимназиясында "Менің Қазақстаным"- әр оқу аптасының басында, бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
"Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын"
02
желтоқсан
2024
"Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын"
   №172 мектеп-гимназиясында 02.12.2024-06.12.2024 күндері аралығында бастауыш эстетика пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын" тақырыбында  апталық басталды. Пән жетекшілеріне сәттілік тілейміз.
"Аутодеструктивті мінез-құлық"
29
қараша
2024
"Аутодеструктивті мінез-құлық"
    Мектебіміздің 8-сынып оқушыларына "Аутодеструктивті мінез-құлық" тақырыбында тренинг өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға аутодеструктивті мінез-құлықтың негізгі себептері, оның түрлері мен салдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ оны болдырмаудың жолдарын түсіндіру; Жасөспірімдер арасында психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне және өзгеге құрметпен қарауц дағдыларын нығайтуға ықпал ету. Жауапты: мектеп психологы Берикбаева Лира Әлеуметтік педагог Екибаева Асем
Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары
28
қараша
2024
Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары
  28 қараша күні Алматы қаласында Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары Қоғамдық Бірлестігінің 3-Республикалық Конференциясы аясында қазақ халқының даңқты перзенті, Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлының рухына және де тарихымыздағы ерен ерліктің символы, 28-панфиловшылардың рухына тағзым етіп, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараны мектебіміздің 11"А" сынып оқушысы Сауытқан Айбарыс жүргізді. Бұл-батыр бабаларымыздың ерлігі мен мұрасын еске алып,жас ұрпаққа
"Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам"
27
қараша
2024
"Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам"
    Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Алматы қаласы білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылына арналған "Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен азаматтық қорғау саласының қараша айындағы өткізілетін оқу сабақтарының кестесіне сәйкес 11-сынып оқушыларына "Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам" тақырыбында дәріс оқылды. 
"Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам "
26
қараша
2024
"Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам "
  25.11.2024ж Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Алматы қаласы білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылына арналған "Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен азаматтық қорғау саласының қараша айындағы өткізілетін оқу сабақтарының кестесіне сәйкес 11-сынып оқушыларына "Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам " тақырыбында дәріс оқылды. 
"Толағай" отбасылық спорт сайысы
25
қараша
2024
"Толағай" отбасылық спорт сайысы
   Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайтып, өскелең ұрпақты отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, салауатты өмір салтына баулу мақсатында 2024 жылдың 22-қараша күні Наурызбай ауданы №187 жалпы білім беретін мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес қалалық "Толағай" отбасылық спорт сайысы өткізілді. Отбасылық спорт сайысына Медеу ауданы және мектебіміздің атынан намысты қорғап шыққан 5 "Д" сынып оқушысы Серікболұлы Ханкерім ата-анасымен қатысып, үздік ойын
"Буллингтен қорған! Қауіпсіздіктің жаңа ғасырына"
22
қараша
2024
"Буллингтен қорған! Қауіпсіздіктің жаңа ғасырына"
  18.11.2024ж 1-11 сынып аралығында "Буллингтен қорған! Қауіпсіздіктің жаңа ғасырына" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға буллинг,зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру; Адамның жаны мен  тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
"Келешек кілті-білімде"
21
қараша
2024
"Келешек кілті-білімде"
   "Келешек кілті-білімде" атты мектепшілік өребәйгеде орын алған оқушыларды марапттау сәтінен.
"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу"
20
қараша
2024
"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу"
  19.11.2024ж мектебіміздің 9-сынып оқушыларына "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында түсіндірме сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды радикалды идеологияларға қарсы тұра алатын саналы,білімді, және толерантты тұлға ретінде тәрбиелеу. Жауапты: Дінтану пәні мұғалімі Сембаева Мақпал
"Ел болам десең , бесігіңді түзе"
19
қараша
2024
"Ел болам десең , бесігіңді түзе"
11.11.-15.11.2024 күндері ароалығында дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ел болам десең , бесігіңді түзе" тақырыбында өткізілетін апталықтың 2-күн есебі. https://www.instagram.com/reel/DCRcq09Iu8i/?igsh=cDlqbmY2N213bW9n
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
18
қараша
2024
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2024-2025 оқу жылында 23.10-04.11 аралығында математика пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына жарияланған конкурстық комиссия отырысының №31422  хаттамасының шешіміне сәйкес 18.11.2024ж бастап төмендегі үміткер жұмысқа қабылданды: № Аты-жөні  Пәні  1 Искакова Гульнур Мейрамовна Математика пәнінің мұғалімі
"Ел болам десең, бесігіңді түзе"
15
қараша
2024
"Ел болам десең, бесігіңді түзе"
 11.11.2024-15.11.2024 ж күндері аралығында дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ел болам десең, бесігіңді түзе"  тақырыбында өткізілетін апталықтан.
"Туыстық қарым-қатынас-баға жетпес байлық"
14
қараша
2024
"Туыстық қарым-қатынас-баға жетпес байлық"
  Даналық жоспарына сәйкес 1-сынып бірлестігі "Туыстық қарым-қатынас-баға жетпес байлық" тақырыбында сынып сағатын "Белсенді өмір сүру" орталығынан келген ата-апалармен бірге өткізді.  Мақсаты: 1. Туыстық атаулардың  мағынасын ашу 2. Ағайын,туыс арасындағы татулықты сақтау жолдарын түсіндіру 3. Туыстық қарым-қатынасқа  атаның жауапты екеніне назар аударту.
"АИТВ және оның алдын алу"
13
қараша
2024
"АИТВ және оның алдын алу"
Мектебіміздің 10-сынып оқушыларына "АИТВ және оның алдын алу" тақырыбында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығынан арнайы мамандар келіп дәріс оқыды.
"Ойдария" дебат клубы
12
қараша
2024
"Ойдария" дебат клубы
  "БП: жастар мен жасөспірімдердің интернетке тәуелділігінің себебін көрсетеді" күрделі тақырып шеңберінде "Ойдария" дебат клубы кезекті мектепішілік ойынын өткізді. Ойынға 10-сынып оқушылары белсене қатысып, үкімет позициясы жеңіске жетті. Клуб жұмысына сәттілік тілейміз.
"Сен өзгерсең сенің әлемің де өзгереді"
11
қараша
2024
"Сен өзгерсең сенің әлемің де өзгереді"
07.11.2024ж 9"г" және 9 "з" сыныптарына "Сен өзгерсең сенің әлемің де өзгереді" атты психологиялық тренинг өткізілді.  Мақсаты: Сезімді дамыту, психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау және дұрыс қарым-қатынас орната білуге баулу.
"Тіл мен мәдениет ұлтымыздың бет-бейнесі"
08
қараша
2024
"Тіл мен мәдениет ұлтымыздың бет-бейнесі"
07.11.2024ж "Мемлекеттік тіл-менің тілім" атты іс-шара аясында "Тіл мен мәдениет ұлтымыздың бет-бейнесі" тақырыбында Б.Майлиннің "Күлпаш" әңгімесі бойынша қойылым қойылды. Қойылым барысында рөлдерді сомдаған 9"б" және 9"д" сынып оқушылары көрермендердің жүректерін шым еткізіп, аштық кезіндегі зұлмат заман көріністерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ұйымдастырушылар: Н.Қосаева, Н Бөлекбаева, Ж. Манкеева, А.Қашқынбаев, М Ибрагимова.
"Жас ақындар айтысының" жеңімпазы
07
қараша
2024
"Жас ақындар айтысының" жеңімпазы
   Алматы қаласы білім басқармасының "АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталыктың, АМБАССАДОРЫ, "Жас ақындар айтысының" жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышы 11 "а" сынып оқушысы Сауытқан Айбарысты ұстаздар мен оқушылар ерекше құрметпен қарсы алды. Айбарыстың жеңісі мен жетістігі тек мектептің ғана емес, бүкіл қоғамның мақтанышы. Бұл кездесуде ұстаздар мен оқушылар оның, жетістіктерін жоғары бағалап, болашақта бұдан да биік белестерге жететініне
"МЕКТЕПІШІЛІК ӨРЕБӘЙГЕ"
06
қараша
2024
"МЕКТЕПІШІЛІК ӨРЕБӘЙГЕ"
  05.11.2024ж оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес негізгі пәндер бойынша мектепшілік олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, аудандық және қалалық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталады және алдағы кезеңдерге
"Педагогтың портфолио жүргізу ережесі"
05
қараша
2024
"Педагогтың портфолио жүргізу ережесі"
30.10.2024ж "Педагогтың портфолио жүргізу ережесі" тақырыбында жас мамандарға арналған семинар өткізілді. Мақсаты: * Педагог портфолиосын құрастыру құрылымдарын үйрену; * Smart оқытуға түсініктеме бере отырып, smart құралдарды тимді пайдалануды үйрену; Smart мақсаттар мен міндеттері айқындай отырып сабақ жоспарының құрылымдарын түсіну. *Ұйымдастырушы: Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сыдық Жадыра Сембайқызы
"Инклюзивті оқытудың ұйымдастырылуын зерделеу"
04
қараша
2024
"Инклюзивті оқытудың ұйымдастырылуын зерделеу"
28.10.2024ж "Инклюзивті оқытудың ұйымдастырылуын зерделеу "Ерекше білім беру бойынша, ППҚК әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың жалпы білім беру үдерісіндегі орнын, жағдайын, қолжетімділігін зерттеу; Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жүргізілетін әдіс-тәсілдерін қолданылуы мен тиімді нәтижелерін анықтау; Инклюзивті оқытатын пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің нормативті құжаттармен таныстыру,пікір алмасу. Ұйымдастырушы:
"Күзгі асар"
01
қараша
2024
"Күзгі асар"
  "Еңбегі адал - жас ерен жобасы" аясында күзгі егіннің табиғи материалдары мен орман табиғатының көркем сыйларын пайдалана отырып, 2-сыныптар "Күзгі асар" жәрмеңкесін өткізді.
Волейболдан жарыс
31
қазан
2024
Волейболдан жарыс
  "Біртұтас тәрбие жоспарына" сәйкес Республика күніне орай дене шынықтыру пәні мұғалімдері 10-сынып оқушылары арасында Волейболдан жарыс өткізді.
"Бес асық"
30
қазан
2024
"Бес асық"
"Біртұтас тәрбие жоспарына" сәйкес Республика күніне орай дене шынықтыру пәні мұғалімдері 9-сынып оқушылары арасында "Бес асық" ұлттық ойынынан жарыс өткізді.
"Біртұтас тәрбие жоспары"
29
қазан
2024
"Біртұтас тәрбие жоспары"
"Біртұтас тәрбие жоспарына"  сәйкес Республика күніне орай мектебіміздің 6-сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимін орындады. Мақсаты: Білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету. Хорды ұйымдастырушы әрі дирежеры,музыка пәні мұғалімі: Алибекова Арай Камалқызы 
"Ұлттық қордың моль күні"
28
қазан
2024
"Ұлттық қордың моль күні"
   23.10.2024ж оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын  арттыру және Авогадро санының маңыздылығын түсіндіру мақсатында "Ұлттық қордың моль күн і" атап өтілді және түрлі іс-шаралар өткізілді.  
"Республикалық "Жыр алыбы-Жамбыл"
24
қазан
2024
"Республикалық "Жыр алыбы-Жамбыл"
  №172 мектеп-гимназиясының 11"А" сынып оқушысы, Алматы қаласы білім басқармасының, "АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі номинациясы бойынша 2- орын иегері Сауытқан Айбарыс 21-22.10.2024 ж. кундері Ұзынағаш қаласында өткен "Республикалық "Жыр алыбы-Жамбыл" атты жас ақындар айтысында жүлделі 2-орын иегері атанды. Жетекшісі: Арипбаева Сандуғаш.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
23
қазан
2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 172 мектеп-гимназия » коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымға конкурс жариялайды:     Мекенжайы:  Алматы қаласы, Медеу ауданы,  Думан ы-а, Қарқаралы 15  Байланыс  нөмірлері :   8 (727)  239-37-69 Электрондық пошта :  mektep 172@ almatybilim . kz Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы :   «№172  мектеп-гимназия  » КММ Тұрақты бос лауазымның атауы :   Математика пәнінің   мұғалімі -1
Мектеп Президенті
23
қазан
2024
Мектеп Президенті
№172 мектеп-гимназиясы Өзін-өзі басқару ұйымы мен Мектеп Президентін салтанатты ұлықтау рәсімінен.
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
22
қазан
2024
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
№ 172 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А. Султангазиеваның "Заң" газетінде "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты мақаласы жарық көрді.
Мектеп Президенті
21
қазан
2024
Мектеп Президенті
№172 мектеп-гимназиясы Өзін-өзі басқару ұйымы мен Мектеп Президентін салтанатты ұлықтау рәсімінен.
1-қазан "Қарттар күні"
18
қазан
2024
1-қазан "Қарттар күні"
     1-қазан "Қарттар күні" мерекесімен мектебізміздің, 5-сынып бірлестігі мен оқушылары Макимова Гульсанья Сембаевна әжемізге Медеу ауданы әкімі Е.Н.Оразалиннің құттықтау хатын табыстап, сый-құрмет көрсетілді. Мақсаты: * Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру; * Үлкенді сыйлай білуге, ата-бабамызды ұмытпай есте    сақтап, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
17
қазан
2024
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
  №172 мектеп-гимназиясы 8-10 сынып арасында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тертіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, мектеп медбикесі Дуганова Ш. "Ерте жуктілік жене оның алдын алу" тақырыбында баяндама оқыды. Көптеген мәселелер бойынша оқушылар сұрақ қойып, пікірлерімен бөлісті.
"Рахымжан Қошқарбаев Рейхстаг үстіндегі ту"
16
қазан
2024
"Рахымжан Қошқарбаев Рейхстаг үстіндегі ту"
  14.10.2024ж 1-11 сынып оқушылары арасында "Рахымжан Қошқарбаев Рейхстаг үстіндегі ту" атты бірыңғай тәрбие сағаты өткізіліді.Тәрбие сағатының мақсаты: Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы оқушыларға терең түсінік беру.  Оқушылардың бойында патриотизм сезімін  тәрбиелеу. Тарихи оқиғаларды құрметтеу және ата-бабаларымыздың ерлігін есте сақтау.
"Құтқарушыларға мың алғыс"
15
қазан
2024
"Құтқарушыларға мың алғыс"
№172 мектеп-гимназиясының еріктілер клубы 02.09.-15.10.2024 күндері аралығында 19-қазан "Құтқарушылар күніне" орай ұйымдастырылған "Құтқарушыларға мың алғыс" атты челленджге қатысып, құтқарушы қызметкерлерге алғыстарын білдірді. 
"Таза Қазақстан"
14
қазан
2024
"Таза Қазақстан"
    12.10.2024 Оқу-ағарту министрі F.Бейсембаевтың ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдау" және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында Медеу ауданы Білім беру ұйымыдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Қатықбаев атындағы №168 мектеп-гимназиясының мәжіліс залына жиналып (яғни 1 нүктеден) ZOOM платформасы бойынша өткізілген тренингке катысты.
"Табата-карта" ойыны
11
қазан
2024
"Табата-карта" ойыны
Қысқа уақыт ішінде оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа , төзімділікке үйрету және қызығушылықтарын арттыру мақсатында 3"Ә" сыныбы оқушыларына математика пәнінде "Табата-карта" ойыны әдісі пайдаланады. Табата-карта ойыны арқылы оқушылар 1 минутта 20-30 есеп шығарады. Сынып жетекшісі: Жунисова Гулназ
"The world of Fairy tales" ертегілер қойылымы
10
қазан
2024
"The world of Fairy tales" ертегілер қойылымы
10.10.2024ж 4-сынып оқушыларының қатысуымен "The world of Fairy tales" ертегілер койылымы өткізілді. Мақсаты: * Оқушылардың лексикалық қорын көбейту; * Ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру; * Оқушылардың, ой өрісін дамыту. *Ұйымдастырушы ағылшын тілі пәні мұғалімі: Бөлебай Іңкәр Кенжебекқызы Исмайлова Куралай Нуртаевна
«Сенім жәшігі мен сенім телефоны»
09
қазан
2024
«Сенім жәшігі мен сенім телефоны»
  2024-2025 оқу жылының басында мектепте оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Сенім жәшігі мен сенім телефоны» мөр қойылып, құлпыланып, мектептің, 2 қабатындағы көрнекті жерге ілінді және оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл қызметтің мақсаты:  Оқушыларымызға қолдау көрсету және көмек көрсету. «Сенім» жәшігі мен телефон жұмысының басты міндеттері:  Өтініштерді қарау, тисті шара қабылдау, соның ішінде аталған мәселелерді қарауға және ұсыныстар бойынша жұмыстар атқару.
PISA
08
қазан
2024
PISA
Математика пәні мұғалімі М.Б Зайрова "PISA құзіреттіліктерін қалыптастыру арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру" тақырыбында семинар тренинг өткізді.
"Даналық ұстаздан"
07
қазан
2024
"Даналық ұстаздан"
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің, тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес Ұстаздар күні мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында республикалық "Даналық ұстаздан" челленжінде Nº172 мектеп-гимназиясының 5-6 сыныптардан құралған "Думан" балалар хоры "Ұстазым" әнін орындады. Әннің, сөзін жазған: Б.Шомбеков, әуенін жазған: А. Дуйсенов. Көркемдік жетекшісі музыка пәні
"Ұстаздар күні"
05
қазан
2024
"Ұстаздар күні"
04.10.2024ж "Ұстаздар күніне" орай мектебіміздің 11-сынып оқушылары "Балмаскарад" стилінде мерекелік концерт ұйымдастырып, ұстаздарға меркелік көңіл-күй сыйлады.  Мектеп басшысы Чорманова Алия Сбанкуловна сөз сөйлеп, ұстаздарға мектепшілік оқу-тәрбие бөлімінің Алғыс хатын табыстады.
Хабарландыру
04
қазан
2024
Хабарландыру
Мектебімізде Дублер күні өтеді. Бұл-оқушылар үшін өзін мұғалім ретінде сынап көруге тамаша мүмкіндік. 9-11 сынып оқушыларын қатысуға шақырамыз. Дублер күні 04.10.2024ж өтеді. 
Жас мамандарға арналаған тренинг
03
қазан
2024
Жас мамандарға арналаған тренинг
Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг.    Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
"Қарты бар үйдің қазынасы бар"
02
қазан
2024
"Қарты бар үйдің қазынасы бар"
30.09.2024ж 1 "К" және 1 "Г " сыныбы оқушыларына 1 қазан Халықаралық Қарттар күніне орай "Қарты бар үйдің қазынасы бар" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: * Оқушыларға үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен даналығының, құндылығын ұғындыру; * Қарияларды сыйлауға, құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестерін тыңдауға баулу; * Отбасылық құндылықтарды сақтау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
"Әдебиет пен өнер-егіз ұғым"
01
қазан
2024
"Әдебиет пен өнер-егіз ұғым"
23.09.2024-27.09.2024 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиті пән мұғалімдерінің, ұйымдастыруымен "Әдебиет пен өнер-егіз ұғым" тақырыбында өткізілетін апталықтың ашылуынан үзінді. Пән бірлестік жетекшісі: Худайбергенова Арайлым
"Спорттық эстафеталық ойын"
30
қыркүйек
2024
"Спорттық эстафеталық ойын"
20.09.2024ж дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында "Спорттық эстафеталық ойын" өткізілді. Эстафетаның мақсаты: Мұғалімдер арасында ынтымақтастықты нығайту және ұжымды жақындастырып, бірлікті арттыру; Денсаулықты сақтау мен жақсартуға ықпал ете отырып, көңіл-күйді көтеру, белсенді болуға шақыру. Эстафета қорытындысы: Ағылшын тілі пән бірлестігі - І орын; Информатика, физика пән бірлестігі - 11 орын; Математика пән бірлестігі - III орын иеленді. Жауапты: Борхуу
"Жолда жүру тәртібі мен жол белгілері"
27
қыркүйек
2024
"Жолда жүру тәртібі мен жол белгілері"
IIM фракциясы мектебіміздің, 1 - сынып окушыларына "Жолда жүру тәртібі мен жол белгілері" атты бейнеролик түсіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: * Оқушыларда жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру; * Жолда абайлап жүруді үйрету; * Көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. ​https://www.instagram.com/reel/DAQDWGyo2la/?igsh=Y3d2ODl3bmt3OGRk​​​
"Әдебиет пен өнер егіз ұғым"
26
қыркүйек
2024
"Әдебиет пен өнер егіз ұғым"
№172 мектеп-гимназиясында 23.09.2024-27.09.2024 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің, ұйымдастыруымен "Әдебиет пен өнер егіз ұғым"  тақырыбында апталық басталғандығын хабарлаймыз!
«ӨСКЕЛЕҢ, ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ»
25
қыркүйек
2024
«ӨСКЕЛЕҢ, ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ»
23.09.2024ж  9-сынып оқушыларына Алматы қаласы Төтөнше жағдайлар департаментінің қатысуымен, білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылына арналған «ӨСКЕЛЕҢ, ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ» ұранымен азаматтық қорғау саласындағы оқу сабақтары онлайн форматта өткізілді. Төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігі мен қажетті заттар тізімін ұсынып, мамандар тарапынан кеңестер ұсынылды.
"Еңбек түбі-береке"
24
қыркүйек
2024
"Еңбек түбі-береке"
​https://www.instagram.com/p/DAPwQ_XoGSC/?igsh=MWFkN3JsaGVwbWx4eA==​​​
"Құқықбұзушылықтың алдын-алу"
23
қыркүйек
2024
"Құқықбұзушылықтың алдын-алу"
https://www.instagram.com/p/DALZRi3oR-0/?igsh=MTdtNWgzNW9mYjhwNg==
​"Құқықбұзушылықтың алдын алу"
20
қыркүйек
2024
​"Құқықбұзушылықтың алдын алу"
​"Құқықбұзушылықтың алдын алу"​​​
Мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы
18
қыркүйек
2024
Мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы
17.09.2024ж №1 Мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Жиналыстың мақсаты мен күн тәртібіндегі мәселелермен таныстыру 2. Әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу 3. ⁠Ерте жүктіліктің алдын алу және салдары 4. ⁠Жасөспірімдік кезеңдегі аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу 5. ⁠Мектеп ішкі тәртіп ережесінің сақталуы
“Зайырлы біліммен қайырлы қоғамға”
17
қыркүйек
2024
“Зайырлы біліммен қайырлы қоғамға”
“Зайырлы біліммен қайырлы қоғамға” ақпараттық компаниясының контент жоспарына сәйкес 17-қыркүйек “Бұрымды қыз” күніне орай 8 “ә” сыныбы контент түсірді.  
“Террозимге қарсы күрес”
16
қыркүйек
2024
“Террозимге қарсы күрес”
16.09.2024 күні №172 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларына  “Террозимге қарсы күрес” тақырыбында видеоролик көрсетілді.
“Зайырлы мектеп”
12
қыркүйек
2024
“Зайырлы мектеп”
“Зайырлы біліммен қайырлы қоғамға” ақпараттық кампаниясының контент жоспарына сәйкес 12.09.2024 күні “Зайырлы мектеп” тақырыбына 10 “б” сыныбы контент түсірді.  
“Экстремизм”
11
қыркүйек
2024
“Экстремизм”
Оқушыларға “Экстремизм” жайлы бейнероликтер көрсетілді
“Ұлттық киім”
09
қыркүйек
2024
“Ұлттық киім”
“Зайырлы біліммен қайырлы қоғамға” ақпараттық кампаниясының контент жоспарына сәйкес 09.09.2024 күні “Ұлттық киім” күніне 3 “ж” сыныбы контент түсірді.
“Жас маман" 2024-2025ж
06
қыркүйек
2024
“Жас маман" 2024-2025ж
2024-2025 оқу жылындағы “Жас мамандар” мектебінің алғашқы отырысы өткізілді. Мақсаты: Жаңадан бастаған оқытушыларда кәсіптік мұраттарды, әдістемелік дағдыларды, үнемі өздігінен даму мен өздігінен жетілу қажеттіліктерін қалыптастыру.
Ата-ана жиналысы
05
қыркүйек
2024
Ата-ана жиналысы
05.09.2024 күні “Қазіргі кездегі баланың дамуы, жеке тұлға болып қалыптасуындағы ата-ананың рөлі” атты психологиялық қолдау орталықтарына негізделген ата-аналар жиналысы өткізілді.
“Менің Отаным - Қазақстан”
04
қыркүйек
2024
“Менің Отаным - Қазақстан”
02.09.2024 күні 9 “а” сыныбы оқушылары арасында “Менің Отаным - Қазақстан” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: 🔹Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру; 🔹Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту; 🔹Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу.  
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
03
қыркүйек
2024
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті. Үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн. Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес. Қазір мемлекеттік органдардың бәрі кадр жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеге көшті. Енді Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бюджеттен
“Менің Отаным - Қазақстан”
02
қыркүйек
2024
“Менің Отаным - Қазақстан”
02.09.2024 күні 5-11 сынып оқушылары арасында “Менің Отаным - Қазақстан” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: 🔹Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру; 🔹Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту; 🔹Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу 
Бос лауазымға конкурс
02
қыркүйек
2024
Бос лауазымға конкурс
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 172 мектеп-гимназия » коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымға конкурс жариялайды:     Мекенжайы:  Алматы қаласы, Медеу ауданы,  Думан ы-а, Қарқаралы 15  Байланыс  нөмірлері :   8 (727)  239-37-69 Электрондық пошта :  mektep 172@ almatybilim . kz Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы :   «№172  мектеп-гимназия  » КММ Тұрақты бос лауазымның атауы :   Әлеуметтік педагог -1
"Мектебім-мейірім мекені"
01
қыркүйек
2024
"Мектебім-мейірім мекені"
https://www.instagram.com/reel/C_YJkYZIsTd/?igsh=MWFuNzc1dHA1OXV2aQ==
«Мектебім - мейірім мекені»
01
қыркүйек
2024
«Мектебім - мейірім мекені»
«Білім күніне» орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында 1-сынып және 11-сынып оқушылары үшін салтанатты жиын өткізілді.  Салтанатты жиынның мақсаты:  Жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.   
“Педагогикалық әдеп–оқытушының аса бағалы педагогтік қасиеті”
29
тамыз
2024
“Педагогикалық әдеп–оқытушының аса бағалы педагогтік қасиеті”
29.08.2024 күні “Педагогикалық әдеп–оқытушының аса бағалы педагогтік қасиеті” тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 🔹2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімдері, аралық және қорытынды емтихандармен таныстыру; 🔹Жаңа оқу жылының жүктемесін бекіту; 🔹2024-2025 оқу жылына оқу жұмыс жоспарымен және мектепішілік бақылау жұмыс жоспарымен таныстыру; 🔹Тәрбие жұмысының жоспарымен таныстыру; 🔹Сынып жетекшілерді бекіту, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
“Мектепке жол”
28
тамыз
2024
“Мектепке жол”
№172 мектеп-гимназиясында “Мектепке жол” республикалық акциясы жалғасуда…  
«Мектепке жол» республикалық акциясы
14
тамыз
2024
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«№172 мектеп-гимназиясында» әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты: 🔹Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; 🔹Баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; 🔹Жетім балаларға, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек
ХАБАРЛАНДЫРУ
13
тамыз
2024
ХАБАРЛАНДЫРУ
21.08-23.08.2024 күндері аралығында гимназия сыныбына қабылдау конкурсы өткізілетінін хабарлаааайды. 
ХАБАРЛАНДЫРУ
12
тамыз
2024
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 172 мектеп-гимназия » коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазым дар ға конкурс жариялайды:     Мекенжайы:  Алматы қаласы, Медеу ауданы,  Думан ы-а, Қарқаралы 15  Байланыс  нөмірлері :   8 (727)  239-37-69 ,  87051265071 Таңшолпан Электрондық пошта :  mektep 172@ almatybilim . kz Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы :   «№172  мектеп-гимназия  » КММ Тұрақты бос лауазымның атауы :   Бастауыш
«Таза Қазақстан»
09
тамыз
2024
«Таза Қазақстан»
#ТазаҚазақстан#Алматыжасылқала
“Білім беру ұйымдарының төтенше жағдайларға дайындығы бағдарламасы”
08
тамыз
2024
“Білім беру ұйымдарының төтенше жағдайларға дайындығы бағдарламасы”
2024 жылдың 5-ші тамызбен 9 -шы тамыз аралығында. Алматы қаласы Шұғыла ықшам ауданы , 347/4 мекен-жайында орналасқан “Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығының базасында” Алматы қаласы білім беру ұйымдарының директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін “Білім беру ұйымдарының төтенше жағдайларға дайындығы бағдарламасы” тақырыбында оқыту курстары өткізілді. Алматы қаласының әкімдігі және төтенше жағдайлар департаменті болашақта пайдалануға болатын қызықты және қолжетімді
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫ
07
тамыз
2024
ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫ
Орталық Азия аймағы сан ғаырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл- табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір. 
"Төтенше жағдайларға БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ"
06
тамыз
2024
"Төтенше жағдайларға БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ"
05.08-08.08.2024  күндері аралығында Алматы қаласы бойынша "Төтенше жағдайларға БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ" тақырыбындакурс өткізіледі. 
«Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкелер
05
тамыз
2024
«Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкелер
«Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкелер Аудан/қала Орын Жәрмеңке саны  Күні Білім бөлімінің маманы: Т.А.Ә., тел.     «Өнеркәсіп/Өнеркәсіп бөлімінің маманы/ Алматы Медеу ауданы 6 13.08.2024-15.10.2024ж Нуралиева Акнур Оразхановна,                                 8-775-919-4000 Бексултанов Арслан Багланович,                                         8-705-222-29-57
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
02
тамыз
2024
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2024-2025 оқу жылында 02.08.-13.08 аралығында бастауыш сынып мұғалімі лауазымына жарияланған конкурстық комиссия отырысының №9 хаттамасының шешіміне сәйкес 02.09.2024ж бастап төмендегі үміткер жұмысқа қабылданды: № Аты-жөні  Пәні  1 Тоқболатова Үміт Абдіманапқызы Бастауыш сынып мұғалімі КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2024-2025 оқу жылында 12.08.-21.08 аралығында бастауыш сынып мұғалімі лауазымына жарияланған конкурстық комиссия отырысының №11823 хаттамасының
ХАБАРЛАНДЫРУ
02
тамыз
2024
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 172 мектеп-гимназия » коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымға конкурс жариялайды:     1. Орналасқан жері – Алматы қаласы, Медеу ауданы, Думан ы-а, Қарқаралы 15 көшесі  2. Байланыс  нөмірлері – 8 (727) 239-37-69, 87051265071 Таңшолпан 3. Электрондық пошта :  mektep 172@ almatybilim . kz 4. Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы – «№172 мектеп-гимназия » КММ  5. Еңбекке ақы төлеу мөлшері, сағаты
2024-2025 оқу жылына 1- сыныпқа қабылдау жалғасуда
31
шілде
2024
2024-2025 оқу жылына 1- сыныпқа қабылдау жалғасуда
Ата-аналар назарына!     №172 мектеп-гимназиясында  2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін электрондық форматта www.egov.kz порталы арқылы жалғасуда. Өтініш беру туралы бейненұсқаулық www.egov.kz порталында көрсетілген.  1 сыныпқа 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын оқушылар қабылданады.
Мемлекеттік сапар
03
шілде
2024
Мемлекеттік сапар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты
“Балдәурен”
06
маусым
2024
“Балдәурен”
№172 мектеп-гимназия жанынан ашылған “Балдәурен” жазғы сауықтыру лагері.
“Туризм және қонақжайлылық индустриясы”
05
маусым
2024
“Туризм және қонақжайлылық индустриясы”
Кәсіптік оқуға бағдарлау аясында 8-сынып оқушылары “Туризм және қонақжайлылық индустриясы” колледжіне барып онкүндік білім алуда.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
04
маусым
2024
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
2024 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қарсаңында №172 мектеп-гимназия ұжымының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні біртұтас орындалды. Мақсаты: 🔹Азаматтық пен патриоттыққа, өз отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; 🔹Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну.
Мемлекет басшысы жас ғалымдармен кездесті
03
маусым
2024
Мемлекет басшысы жас ғалымдармен кездесті
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясында жас ғалымдармен кездесті.
“Балдәурен”
31
мамыр
2024
“Балдәурен”
“Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерінінің 2-і күні    
“Балдәурен”
30
мамыр
2024
“Балдәурен”
1-маусым балаларды қорғау күні қарсаңында “Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерь балаларын тұңғыш президент паркіне апарып, қыдырып қайтты.
“БАЛДӘУРЕН”
29
мамыр
2024
“БАЛДӘУРЕН”
27.05.2024 күні №172 мектеп-гимназия жанындағы “БАЛДӘУРЕН” жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Лагерь биыл 500 оқушымен есігін ашты. 24 топтан тұратын лагерь қатысушыларын алдағы 2 апта бойы қызықты да естелікке толы күндер күтуде…  
“Каникулда кітап оқиық”
28
мамыр
2024
“Каникулда кітап оқиық”
“Оқуға құштар мектеп “ жобасы аясында “Каникулда кітап оқиық” буккроссингі. 1-11 сыныптар. Оқушылары өздерінің оқыған кітаптары мен әдеби шығармаларының мазмұнын бөлісіп бір - біріне сыйға тартты.
“Соңғы қоңырау”
27
мамыр
2024
“Соңғы қоңырау”
2023-2024 оқу жылындағы “Соңғы қоңырау” мерекелік кеші.
“Білімім-Отаныма”
24
мамыр
2024
“Білімім-Отаныма”
24.05.2024 күні 1-11 сынып оқушыларына “Білімім-Отаныма” атты ашық тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу; Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену. Тәрбие сағаты ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталды. ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бейнеқұттықтауы көрсетіліп, өз деңгейінде өткізілді.
“Діни экстремизм деген не?"
23
мамыр
2024
“Діни экстремизм деген не?"
5-8 сынып оқушылары арасында “Діни экстремизм деген не?” тақырыбы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Алматы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша әзірленген бейнематериалдар көрсетілді.
Сейсмикалық жаттығу
22
мамыр
2024
Сейсмикалық жаттығу
Алматы қаласы Медеу ауданының Төтенше жағдайлар департаментінің жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 21 мамыр күні №172 мектеп-гимназиясында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Сейсмикалық жаттығуға барлық оқушылар мен пән мұғалімдері қатысты. Оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау мен іс-қимыл әрекеттерін дұрыс орындау туралы нұсқаулықтар жүргізілді.