Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымға конкурс
02
қыркүйек
2024

Бос лауазымға конкурс

Алматы қаласы Білім басқармасының «№172 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымға конкурс жариялайды:
 
 

  • Мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Думан ы-а, Қарқаралы 15 
  • Байланыс нөмірлері: 8 (727) 239-37-69
  • Электрондық поштаmektep172@almatybilim.kz
  • Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы: «№172 мектеп-гимназия » КММ
  • Тұрақты бос лауазымның атауы:  


  • Әлеуметтік педагог -1 орын                                                       

(Еңбекақы мөлшері  120000 тг )


Лауазымдық міндеттері:

  • жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және

оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың,

тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды

жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек

пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

  • әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың

жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың,

тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда

әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

  • білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік

қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал

болады;

  • жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру

ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді

тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге

асырады;

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар

балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен,

жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен

қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

  • сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой

және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;

  • әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен

әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

  • педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен

денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

  • білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және

іске асыруға қатысады;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

85. Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім

туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология, физиология, гигиена;

  • тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер

сабақтарының бағдарламалары;

  • педагогикалық этиканың нормалары;
  • балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;
  • еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары,

санитариялық қағидалар мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық білімі немесе «Әлеуметтік педагог» бағыты бойынша кәсіптік

білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап

қойылмайды;

  • және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог

лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог - сарапшы

үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін - кемінде 4 жыл және педагог-шебер

лауазымындағы жұмыс өтілі - 5 жыл.




9. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 02.09-11.09.2024ж. 

Құжаттар   https://hr-nobd.edu.kz/ сайты арқылы қабылданады.



10. Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жаряланғаннан күннен бастап есептеледі.
 
 
11. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі

 Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік

 Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

 Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері

 Психоневрологиялық ұйымнан анықтама

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

 Наркологиялық ұйымнан анықтама

Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)

) Білімге, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейге қатысты қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген)

Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

02 қыркүйек 2024 “Оқы-Жеңіске жет”
12 тамыз 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
02 тамыз 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
12 ақпан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
12 желтоқсан 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
07 желтоқсан 2023 «Біртұтас тәрбие»
03 қараша 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
04 қазан 2023 Дублёр күні
11 қыркүйек 2023 Хабарландыру
04 қыркүйек 2023 Кері байланыс
23 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
08 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
27 қаңтар 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
09 қаңтар 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
30 желтоқсан 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
14 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
02 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!
24 тамыз 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
19 тамыз 2022 Хабарландыру
06 сәуір 2022 Хабарландыру
21 қаңтар 2022 «Біз біргеміз»