Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қараша
2023

Кітап көрмесі

   2-қазан жазушы, детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы мерейтойлы күнге орай №172 мектеп-гимназиясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
🔹Көрменің мақсаты: 
🔹Қазақ жазушысы, Қазақстандағы детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы материалдармен таныстыру.
Кемел Тоқаев – соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті жазушы, оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестерімен қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламгер.
Көрмеге Кемел Тоқаевтың «Көмескі із», «Солдат соғысқа кетті», «Түнде атылған оқ», таңдамалы шығармалар жинағының 5 томдығы, «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан «Кемел Тоқаев» кітабы және М. Асан «10 мыңыншы нөмірдегі олжалы белестер», А. Ашири «Әр күні адам болып өмір сүрдік», М. Әбіш «Детективтің дарабозы», Ә. Әйтілеуұлы «Кемел ағаның қимас досымен кездесуі», М. Әкімжанов «Жақсылығын жар салмаған жан», Ә. Әліәк
бар «Қазақтың Конан Дойлы және бүгінгі қазақ детективінің жай-күйі», Қ. Әлім «Кемел мен
» «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Заң» газеттерінде жарияланған мақалалар қойылды.
Көрмені тамашалауға 10 “а” сынып оқушылары келді.
  Шара ұйымдастырушысы: кітапхана меңгерушісі Д.С.Қожамбердиева
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

27 қазан 2023 "Қазақ күресі"
25 шілде 2023 "Жайлы мектеп"
10 қаңтар 2023 "Қыста оқимыз"
12 желтоқсан 2022 "Eco Network"
19 қыркүйек 2022 Қазақ күресі
25 желтоқсан 2021 "Жасыл мектеп" жобасы
05 қараша 2020 "Golden Autumn-2020"