Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2023 года
«Жасыл мектеп»
31
қазан
2023
«Жасыл мектеп»
«Жасыл мектеп» үйірме сабақтары аясында, оқушылардың жылыжайда жұмыс атқару барысынан үзінді. Мектеп жылыжайы - оқушылармен практикалық сабақтар өткізуге тамаша алаң болып табылады. Өсімдіктер мен гүлдерге күтім жасау балалардың эмоционалдық көңіл - күйіне оң әсер етеді, сонымен қатар, ұсақ қол моторикасын дамытады. Мақсаты: Өсімдіктермен жұмыс жасай отырып, баланың танымдық қабілеттерін арттыру; Оқушыларымызды экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу. Еңбекке баулу, табиғатты сақтауға үйрету.
«Озық маман болу үшін оңтайлы әдіс-тәсіл біл»
31
қазан
2023
«Озық маман болу үшін оңтайлы әдіс-тәсіл біл»
№2 Әдістемелік кеңес отырысы: «Озық маман болу үшін оңтайлы әдіс-тәсіл біл» Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде төмендегі тақырыптар қаралды: 1. Жас мамандармен жұмыс жасау туралы; 2. Қысқа мерзімді жоспардың тиімді құрастырылуы; 3. Білімнің олқылықтарын жою және төмен көрсеткіштермен жұмыс қорытындысы; 4. Тоқсандық қорытынды бағаларды шығару және қол қою, оқушылардың үлгерімі туралы анализ жасау.
«ALTYN QALAM»
30
қазан
2023
«ALTYN QALAM»
«QALAM SCHOOL» ұйымдастыруымен өткен Алматы қаласы мектепаралық «ALTYN QALAM» математика-лингвистикалық оқушылар олимпиадасына қатысып, 1150 бала ішінен білімімен оза шауып, үздік атанған 7 “а” сынып оқушысы Нұрлан Жанайым жүлделі І орын иеленді. Жетекшілері: Кашкинбаев Біржан Сәрсенбаева Мақпал
“Алтын балапан”
30
қазан
2023
“Алтын балапан”
Мектебіміздің 1-сынып оқушылары “Қуыршақ” театрында қойылған “Алтын балапан” атты қойылымды тамашалап қайтты. 🔹Мақсаты: 🔹Көңілді музыкалық қойылым кішкентай бүлдіршіндердің отбасына, ата-ананың баласына деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал ету.
Волейбол жарысы
30
қазан
2023
Волейбол жарысы
Медеу аудандық «Ұстаз» кәсіподағының филиалы Республика күнінің 30 жылдығына арнап өткізген білім мекемелері қызметкерлерінің арасындағы волейбол жарысында №172 мектеп-гимназия командасы жүлделі ІІ орын иеленді.
“Алтын балапан”
29
қазан
2023
“Алтын балапан”
Мектебіміздің 1-сынып оқушылары “Қуыршақ” театрында қойылған “Алтын балапан” атты қойылымды тамашалап қайтты. Мақсаты: Көңілді музыкалық қойылым кішкентай бүлдіршіндердің отбасына, ата-ананың баласына деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал ету.
“Қорғаншылар күні”
28
қазан
2023
“Қорғаншылар күні”
27.10.2023 ж Алматы қаласы Медеу ауданының Қамқоршыларын “Қорғаншылар күнімен” құттықтау, марапаттау рәсімі №12 мектеп-гимназияда атап өтілді.
"Қазақ күресі"
27
қазан
2023
"Қазақ күресі"
Республика күніне арналған спорт фестивалінде "Қазақ күресі" спорт түрінен 5 “л” сынып оқушысы Қайырғали Әміржан жүлделі І орын иеленді. Бапкері дене шынықтыру пәні мұғалімі Күнесбай Төлеген. Құттықтаймыз. 
Ата-аналар жиналысы
27
қазан
2023
Ата-аналар жиналысы
26.10.2023 күні «Үштік одақ: оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы ынтымақтастық. Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында 5-сынып ата-аналарымен жиналыс өтті. 🔹Жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі; 2. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі; 3. Бейімделу процесіне жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының әсері; 4. Жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту; 5. Жасөспірімнің табысты әлеуметтенуіндегі отбасы мен мектептің өзара
«Ақындар айтысы»
26
қазан
2023
«Ақындар айтысы»
   24.10.2023жылы №172 мектеп-гимназиясында 18.09.2023- 24.10.2023 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен айлық іс-шараның қорытындысы ретінде «Ақындар айтысы» сайысы болып өтті. Айтыстың мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды
Ас мәзірі 2023ж
26
қазан
2023
Ас мәзірі 2023ж
 №172 мектеп-гимназиясының 26.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі            
24-қазан –Кітапханашылар күні.
24
қазан
2023
24-қазан –Кітапханашылар күні.
   Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы. Биыл, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді. 
Дөңгелек үстел
24
қазан
2023
Дөңгелек үстел
  №172 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен Республика күніне орай аудандық С.Сейфулин атындағы кітапханада дөнгелек үстел өткізілді.   
«Менің арманымдағы Қазақстан»
24
қазан
2023
«Менің арманымдағы Қазақстан»
  Республика күнін мерекелеу аясында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдері 5-7 сыныптар арасында суреттер мен қолөнер конкурсын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, патриоттық сезімге бөлеу.  
“Ақын тілі - наркескен”
24
қазан
2023
“Ақын тілі - наркескен”
5-сынып оқушылары арасында “Ақын тілі - наркескен” атты жазба ақындармен шығармашылық жұмыс және эссе жазу жобасы өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, шығармашылыққа, отанды сүюге баулу, ізденімпаздығын дамыту. Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаілімі Жетібаев Елдос 
Ас мәзірі 23.10.2023ж
23
қазан
2023
Ас мәзірі 23.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 23.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі       
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  Әнұраны
23
қазан
2023
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
 Республика күніне орай №172 мектеп-гимназиясында білім алушылар мен педагогтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Әнұранын орындады. Мақсаты: Білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.  
“Айтыс - сөздің майданы”
23
қазан
2023
“Айтыс - сөздің майданы”
  20.10.2023ж күні республика күніне орай ұйымдастырылған “Айтыс - сөздің майданы” атты қалалық жас ақындар айтысына 10 “а” сынып оқушысы Сауытқан Айбарыс қатысып, жүлделі І орын иеленді. Ақындар айтысының мақсаты: Оқушыларға ұлттық рухани құндылықтар негізінде ғибрат беру, ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жетекшісі: Арипбаева Сандуғаш. Құттықтаймыз!   
Республика күні
23
қазан
2023
Республика күні
   №172 мектеп-гимназиясының “Өзін-өзі басқару” ұйымы @tjli_talgar жолдаған эстафетаны қабыл ала отырып, баршаңызды ең ұлық мереке - Республика күнімен құттықтайды. Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді. Әрқашан аспанымыз ашық, жұртымыз аман, елімізде тек бейбітшілік пен тыныштық болсын!  
“Бір отбасы-бір кітап”
23
қазан
2023
“Бір отбасы-бір кітап”
  №172 мектеп-гимназиясында  “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Кітап - ақыл ойдың қазынасы» атты “Бір отбасы-бір кітап” акциясы ұйымдастырылды. 🔹Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты екеніне ата- ананың көзін жеткізу мақсатында өткен акцияға мектеп оқушылары мен ата- аналары белсене қатысты. 🔹Акцияның
«Менің Қазақстаным» ұстаздар арасында ақындар айтысы
23
қазан
2023
«Менің Қазақстаным» ұстаздар арасында ақындар айтысы
18.09-24.10.2023 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “ Ақындар айтысы” сайысы аясында «Менің Қазақстаным» атты ұстаздар арасында ақындар айтысы өтті. Айтыстың мақсаты:  Мектеп ұстаздарының шығармашылық қабілетін анықтау, оларға рухани әлеуметтік қолдау көрсету;  Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті, ұлтжандылықты арттыру, елімізді дамытуға, көркейтуге қосқан және қосар үлестеріміз туралы айту. Ұйымдастырушы: Такишева Алмагүл
Ашық тәрбие сағаты
23
қазан
2023
Ашық тәрбие сағаты
  Республика күніне орай мектебімізде 1-11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екендігін түсіндіру; Оқушылардың бойындағы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және патриотизмге тәрбиелеу.  
«Жас спортшы- ел мақтанышы»
20
қазан
2023
«Жас спортшы- ел мақтанышы»
19.10.2023 күні Республика күнін мерекелеу аясында «Жас спортшы- ел мақтанышы» тақырыбында 8-сынып ұлдар арасында футболдан жарыс өтті. Жеңімпаз командалар: ⚽️І орын 8 «В» сыныбы; ⚽️ІІ орын 8 «Б» сыныбы; ⚽️ІІІ орын 8 «А» сыныбы иеленіп, грамотамен марапатталды.  
“Дені сау ұрпақ - ел ертеңі”
20
қазан
2023
“Дені сау ұрпақ - ел ертеңі”
  17.10.2023- 23.10.2023 күндері аралығында өтетін дене шынықтыру пән бірлестігінің “Дені сау ұрпақ - ел ертеңі” атты онкүндігінің ашылуы. Мақсаты: Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту; Білімді, өнерлі, намысшыл, парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.  
Ас мәзірі 20.10.2023ж
20
қазан
2023
Ас мәзірі 20.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 20.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі   
Алтын түлек» олимпиадасы
20
қазан
2023
Алтын түлек» олимпиадасы
20.10.2023 күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы», «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық , мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында математика пәнінен 10-11 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі «Алтын түлек» олимпиадасы өтті.
Ас мәзірі 2023ж
19
қазан
2023
Ас мәзірі 2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 19.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі     
"Құтқарушылар күні"
19
қазан
2023
"Құтқарушылар күні"
19-қазан құтқарушылар күні құтты болсын! #құтқарушыларкүні 
Ас мәзірі 18.10.2023ж
18
қазан
2023
Ас мәзірі 18.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 18.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі     
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»
18
қазан
2023
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»
№172 мектеп-гимназиясында мектеп ұжымына тарих пәні мұғалімдері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша дөңгелек үстел өтіп, талқыланды.  
Ас мәзірі 17.10.2023ж
17
қазан
2023
Ас мәзірі 17.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 17.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі          
Ас мәзірі 17.10.2023ж
17
қазан
2023
Ас мәзірі 17.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 17.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі          
Мұғалім портфолиосы
16
қазан
2023
Мұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері: жүйелілік;✅ мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;✅  ақпараттың объективтілігі;✅ көрнекілік.✅ Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;✅ Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.✅  
“Знаешь ли ты пословицы?”
16
қазан
2023
“Знаешь ли ты пословицы?”
 Бастауыш мектеп орыс тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушылары арасында “Знаешь ли ты пословицы?” атты викторина ойындары өтті.  
“KuznetsovaSchool””AlTYN KUZ”
16
қазан
2023
“KuznetsovaSchool””AlTYN KUZ”
  5 «Л» сынып оқушысы Жұмабек Інжу көркем гимнастика бойынша “KuznetsovaSchool””AlTYN KUZ” Халықаралық ашық чемпионатына қатысып, жүлделі I орынға ие болды.  
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы”
16
қазан
2023
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы”
   12-қазан Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” іске асырылуы бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға орай № 33 мектеп-лицейінде қалалық семинар болып өтті. Мақсатты аудитория: Жетісу және Медеу аудандары директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары.  
Ас мәзірі 2023ж
16
қазан
2023
Ас мәзірі 2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 16.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі          
“Қарттар күні”
14
қазан
2023
“Қарттар күні”
1-қазан “Қарттар күні” мерекесімен мектебізміздің 7-сынып оқушылары қарттарымызды құттықтап, баталарын алып қайтты. 🔹Мақсаты: 🔹Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру; 🔹Үлкенді сыйлай білуге, ата-бабамызды ұмытпай есте сақтап, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Ас мәзірі 2023ж
13
қазан
2023
Ас мәзірі 2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 13.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі         
«Жас бүркіт» әскери-патриоттық тәрбиеленушілері
12
қазан
2023
«Жас бүркіт» әскери-патриоттық тәрбиеленушілері
    ҚР Ұлттық ұланы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі ТжӘҚЖ бөлімше бастығының көмекшісі капитан Жақсыбаева Динара Сейтханқызы және 3 жедел мақсаттағы батальоны жауынгерлік қамтамасыз ету ротасы командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары лейтенант Журанбай Мейіржан Бауыржанұлы Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан №172 мектеп-гимназиясының «Жас бүркіт» әскери-патриоттық тәрбиеленушілері 10-11 сынып оқушыларына ҚР Ұлттық ұлан Академиясына
"Жас мамандарға арналған коучинг"
12
қазан
2023
"Жас мамандарға арналған коучинг"
 “Сабақты жоспарлау, оқу мақсатын қою, бағалау критерийлерін белгілеу” 🌟 Топқа бөлу, танысу, зейінді шоғырландыру, дескриптор, бағалау парағын тарату 💫 “Ойлан, пікірлес, бөліс” тапсырмаларын орындау. 🔥Үйрете жүріп, үйренеміз ҚМЖ 💥 түсініктеме, қорытындылау, бағалау, рефлексия. 💫Коуч: Чинасилова Бибигуль Джунускановна 💫ДОІЖО: Акенова Айгерім Сәкенқызы
Алғыс хат
12
қазан
2023
Алғыс хат
   ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп ұжымын 5-қазан “Ұстаздар күнімен” құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.   
“Халық санының өсуі экологияға қалай әсер етеді?”
12
қазан
2023
“Халық санының өсуі экологияға қалай әсер етеді?”
  10.10.2023 ж Эко клубтың ұйымдастыруымен “Халық санының өсуі экологияға қалай әсер етеді?” атты дебат сайысы өтті. Дебаттың мақсаты: Оқушылардың экология жайлы білімдерін арттырып, дебат саласында да оқушыларға тәжірбие беру. Сайыс нәтижесінде: “Қызыл тіл” тобы - І орын “Жасыл экология” тобы - ІІ орын иеленді.  
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы"
12
қазан
2023
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы"
   “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” құрылуы туралы мектеп ұжымымен және ата-аналармен түсіндіру жұмысы жүргізілді.  
“Қол күрес” сайысы
11
қазан
2023
“Қол күрес” сайысы
  №172 мектеп-гимназиясында қазақтың ұлттық ойынын дәріптеу мақсатында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 8-10 сынып жігіттері арасында “Қол күрес” сайысы өтті. Бұл дүбірлі сайыста ұлдар 4 салмақ дәрежесінде күш сынастырды. Жеңімпаздар: 45-40кг аралығында І-орын: Әділұлы Алан 8 “в” ІІ-орын: Айтуған Алихан 8 “ж” ІІІ-орын: Совет Нурислам 9 “б” 50-60кг аралығында І-орын: Көлбай Бақдәулет 10 “а” ІІ-орын: Бекежанұлы Олжас 8 “е” ІІІ-орын: Жетен Мағжан 9 “а” 60-70кг аралығында І-орын:
Ас мәзірі 2023ж
11
қазан
2023
Ас мәзірі 2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 11.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі   
«Ұлы дала» байқауы
10
қазан
2023
«Ұлы дала» байқауы
«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ұлы дала» байқауы басталды   «AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының басталғанын хабарлайды. Биыл әдеби конкурс Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылып отыр. Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіп келе жатқан «Ұлы Дала» республикалық шығармашылық байқауы осымен бесінші мәрте ұйымдастырылуда.
«Ақ пен қара»
09
қазан
2023
«Ақ пен қара»
   06.10.2023 күні танымал әнші, белгілі өнер адамы-Бағлан Әбдірайым мектебіміздің 7-8-9 сынып оқушыларымен кездесу кешін өткізді. Оқушылардың кездесуден түйгені мол болды. Олар мейманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алынды. Бағлан Әбдірайым өз тарапынан оқушыларға қызықты сұрақтар қойып, логикалық тапсырмалар ұсынып, дұрыс тапқан 6 оқушыға “Бағлан Әбдірайым өнер - білім орталығына” жеңілдік сертификаттарын табыстады. Кездесудің мақсаты оқушылардың - өнерге, спортқа деген
“Осенний Тараз”
09
қазан
2023
“Осенний Тараз”
  05-09 қазан күндері Тараз қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан “Осенний Тараз” ашық чемпионатына 5 “л” сынып оқушысы Дәурен Балнұр қатысып І орын иеленді.  
“Ұстаздар күні”
06
қазан
2023
“Ұстаздар күні”
 05.10.2023 ж “Ұстаздар күніне” орай мектебіміздің 11-сынып оқушылары 80-90 жылдар “Ретро” стилінде мерекелік концерт ұйымдастырып, ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады. 🔹Мектеп басшысы А.С.Чорманова сөз сөйлеп, ұстаздарға Медеу ауданы білім бөлімінің Алғыс хатын, Құрмет грамоталарын, мектепшілік оқу-тәрбие бөлімінің Алғыс хатын табыстады. 🔹Сондай-ақ, мектепте екі ауысымда да өзін-өзі басқару ұйымының басшылығымен дублёрлер сабақ берді. 🔹Тәлімі - тәрбие, сөзі - білім, лебізі - ілім болған,
“Айтыс-төл өнердің төресі”
06
қазан
2023
“Айтыс-төл өнердің төресі”
  04.10.2023ж 172 мектеп-гимназиясында “Айтыс-төл өнердің төресі” атты ата-аналар арасында зияткерлік сайыс өтті. Сайыс мақсаты: Дәстүрлі өнерді ата-аналар арасында насихаттау,ұлттық өнерді дәріптеу. Ұйымдастырушылар: Нарбекқызы Гүлназым Сргабаева Жұлдыз  
Ас мәзірі 06.10.2023ж
06
қазан
2023
Ас мәзірі 06.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 06.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі   
Халықаралық “International Educational Fair-2023”
06
қазан
2023
Халықаралық “International Educational Fair-2023”
Алматы қаласы Білім басқармасының 28.09.2023 жылғы 42-3-42/1176 хаты негізінде 04.10.2023ж “Қазақстан” қонақ үйінде өткізілген Халықаралық “International Educational Fair-2023” білім көрмесіне 11-сынып оқушылары қатысып қайтты.  
Ас мәзірі  05.10.2023ж
05
қазан
2023
Ас мәзірі 05.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 05.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі  
Дублёр күні
04
қазан
2023
Дублёр күні
  05.10.2023 күні “Ұстаздар күніне” орай №172 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері, мектеп парламенті арнайы “Дублёр күнін” ұйымдастырды. Мақсаты: 🔹Балалар мен ересектердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік-құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау. Дублёр күнінің міндеттері: 🔹білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқару қызметіне тарту; 🔹білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, білім
Ас мәзірі 2023ж
04
қазан
2023
Ас мәзірі 2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 04.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі     
“1 қазан халықаралық қарттар күні"
03
қазан
2023
“1 қазан халықаралық қарттар күні"
   02.10.2023 күні “1 қазан халықаралық қарттар күніне орай” Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық мерекелік кеш өтілді. Мерекелік кеште 172 мектеп-гимназиясының оқушылары әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй тартып, мың бұралған бишілеріміз қарттарымызды мерекесімен құттықтап, шат-шадыман көңіл күй сыйлап қайтты. Мұхамеджан Әділет “Адай” күйі Тұрсын Елнұр “Ақ сиса” әні Рахымжан Кәусар “Дударай” әні ”Нұр-Ай” би тобы “Көш керуен” күйіне қойылған қазақ биі Жетекшілері: Абдулла Айнаш
Ас мәзірі 03.10.2023ж
03
қазан
2023
Ас мәзірі 03.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 03.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі   
“Ақындар айтысы”
03
қазан
2023
“Ақындар айтысы”
18.09.2023-24.09.2023 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Ақындар айтысы” тақырыбындағы айлық іс шара жоспары негізінде 03.10.2023 күні 9-сынып оқушылары арасында “Айтыс өнері - мәдениеттің мәрмары” атты презентация сайысы өтті. Жауапты мұғалімдер: Сембаева Макпал Ахмет Жазира  
“Жүйріктен жүйрік озар...”
03
қазан
2023
“Жүйріктен жүйрік озар...”
  18.09-24.10.2023 ж.күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Ақындар айтысы” сайысы аясында ұйымдастырылған “Жүйріктен жүйрік озар...” челленджін математика пәні мұғалімі Қашқынбаев Біржаннан ағылшын тілі пән бірлестігінің мұғалімі Сабырбек Аяжан Алматқызы қабыл алып, дене шынықтыру пән бірлестігіне жолдады.  
“Театр-хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер”
03
қазан
2023
“Театр-хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер”
 Театр - бұл өмір айнасы. Театр - тәрбие бесігі. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсірепов “Театр-хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер” деп баға беруіде тегін болмаса керек. Мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елестету мүмкін емес. Мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары “Құйын”, “Жан әке”, “Болмаған балалық шақ” атты қойылымдарды тамашалап, рухани демалып қайтты.  
Ас мәзірі 02.10.2023ж
02
қазан
2023
Ас мәзірі 02.10.2023ж
  №172 мектеп-гимназиясының 02.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі       
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
02
қазан
2023
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
№172 мектеп-гимназиясы мен “Думан ардагерлер” координаторы Сулеева Гүлнар Төлегенқызының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш өтілді. Мақсаты: 🔹Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Кеш қонақтары: 🔹№2 емхана басшысы Тоғжан Сағынышқызы 🔹№166 бала-бақша меңгерушісі Имашева Роза