Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...
04
қараша
2020

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...

Еліміздің ертеңі болатын өскелең жас ұрпақты  білімді де, батыл,рухани діңгегі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің ықпалы зор. Осы аталғандардың барлығын  баланың бойына сіңіретін басты тұлға – Ұстаз. Тек ұлағатты ұстаз ғана оқушыны биік шыңға жетелейтін ұлы құдіретке ие. Ұлтымыз қашан да ұстазды қастерлеп, мәртебесін аса жоғары бағалаған. әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Ал ұстаз оқушыға сапалы білім беріп, оның жетістіктерін жоғары дәрежеге дейін көтеріп, бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеп, мектеп жұмысын одан әрі жетілдіреді. Осы  тұрғыда «№172 мектеп-гимназиясының  Құрметті  ұстазы» төл төсбелгісін беру   2018-2019, 2019-2020, 2020-2021оқу жылдарында мектебіміз мектеп болып қалыптасқалы ,  мектеп іргесінің қалану кезінен қызмет атқарып келе жатқан,  білікті де білімді және  іс тәжірибесі мол     №172 мектеп-гимназиясының қазіргі заман талабына сай өз ісін жетік меңгерген, қабілеті жоғары, әр істің қыры мен сырын таба білетін шығармашыл, озық ойлы ұстаздарымызға ұсынылуда. Бұл дәстүрлі  жобаны  жыл сайын түрлендіріп  әр түрлі жолмен ұстаздарға ұсыну жыл сайын метебіміздің кәсіподақ төрайымы  Татиева Жулдыз Камалханқызына жүктелініп отыр. 
Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Осындай ұстаздардың бірі, шәкірттері мен ұстаздарының биік тұғырдан көрінуіне себепші болған –Қазыбаев Талғат Талдыбайұлы.      «№172 мектеп-гимназиясының Құрметті ұстазы» төсбелгі иегерін   ерекше атап  айтуға болады. Басшылық тізгінді алған екі-үш жылдың ішінде-ақ мектебін аудандағы үздік білім ошақтарының қатарына қосып, материалдық базасын жақсартып, мектеп ісінің ілгері дамуына, білім мен тәрбие беру ісінің нәтижелі болуына үлкен еңбек сіңірді.
Сондай ақ «172 мектеп-гимназиясының Құрметті ұстазы-2018ж» төсбелгісін иеленген   жаңашылдығымен, табандылығымен ұстаз ретінде өз сара жолымен талай шыңдарды бағындырып келе жатқан ұстаздарымыз Әріпбаева Сандуғаш, Болатхан Панар, Джакупова Жамила, Турусбекова Жулдуз, Айдарханова Венера,Теңгебаева Гульжан, Камзаева Сандуғаш, Жартиева Гульмира, Сембаева Динара, Алдибекова Гульжазира, Мухатова Ботагөз, Тохтамбетов Ерғали, Нүсіпкожаева Римма 2018-2019 оқу жылындағы «Жыл мұғалімі-2018»  номинация жеңімпаздары ретінде  мараппатталды.
Әсіресе  талай жыл  білім беру ісіне  қосқан үлесі, ерен еңбегі  үшін «№172 мектеп-гимназиясының  Құрметті  ұстазы-2019ж»  төсбелгісі  мектебіміздің қарт ұстаздары №172 мектеп-гимназиясының алғашқы басшысы Үсенова Нұрайым Қанабекқызы, Сухаева Береке, Серикбаева Зауре, Садвакасова Гулбадан, Алиев Шопан, Боташев Бекболат, Абирова Сауле Тайбағарова Күлайхан, Қалиева Бибігүл, Нурбекова Зинат, Кенжебаева Күлдария,Орисбаева Нағимаға тағайындалды. 
   Сонымен қатар білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек еткен ұстаздар қатарында мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Имашева Алма Отанқызы, Ахметбекова Анар Сәкенқызы, ұстаздарымыз Жанысбаев Бауыржан, Смағулова Гулжан, Қызбаева Ғалия, Рашаева Мейрамгуль, Нұқаева Гульнур,Талдыбекова Нурбибі, Рақышова Райкуль, Ұзақова Айнур, Қосаева Назым, Жақсыбаева Амина, Нусубалиева Жаннур,Тұңғышбаева Ақмарал, Қожариянова Камария,Сарсенбай Берік, Борхуу Айнагуль,Татиева Жулдыз болса,
«№172 мектеп-гимназиясының   Құрметті  ұстазы-2020ж»  төсбелгісіне ие болған Кобенкулова Шынар  Кенжебековна, Калимолда арай ,Базылбекова Рита ,Макеева Бибігул , Кәдірхан Айдана , Мубаракова Гулнара , Болысбекова Малика  , Армияева Сания, Келмағамбетова Бағилаш , Алибекова Арайлым ,Устенбеков Бекбол , Бейсенова Айжамал, Иманбекова Рашида , Кокенов Марат , Оспанбаева Мариямгуль, Лиясханова  Шыныр , Моллакова Ризвангул , Худайбергенова Арайлым   сынды ұстаздарымыздың да білім саласындағы қажырлы еңбегі елеусіз қалмады.
           Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтан жаңашылдықтың дәуірін басынан кешіріп жүрген талантты да, талапты оқушыны тәрбиелеуде, жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда  ауыр жүкті арқалап жүрген,  мамандығын мақтаныш еткен ұлағатты ұстаздарымыздың мәртебесі өсе берер деген үміттеміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

23 қазан 2020 Адал ұрпақ