Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
26
шілде
2022

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

    №172 мектеп-гимназиясында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Мұқтаж жандарға көмек­тесуді, сондай-ақ демеу­шілік көмек көрсетуді қалайтын кез кел­ген адамдар №172 мектеп гимназиясының әлеуметтік педагогына жолықсаңыздар болады. Балаға мейірім сыйлауға, жақсылық жасауға асығайық!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 мамыр 2022 Референдум
13 мамыр 2022 "Алматы БАЛАFEST"
06 сәуір 2022 Хабарландыру
21 қаңтар 2022 «Біз біргеміз»
06 желтоқсан 2021 Дөңгелек үстел
09 қыркүйек 2021 "Мектепке жол"
05 қараша 2020 "Golden Autumn-2020"