Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Маусым 2022 года
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
04
маусым
2022
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
  Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді 4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймыз! Сіздерді Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған атаулы мерекемен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа шаттық, ырыс, ынтымақ тілейміз! 172 мектеп-гимназиясының ұжымы  мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға өз үлестерін қосып, мемлекеттік Гимнді ұжым болып орындады. Рәміздер - халқымыздың мұқалмас рухын, қаhармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
"Дара оқырман"
03
маусым
2022
"Дара оқырман"
  "Дара оқырман" клубының мүшелері 8"А"-сынып оқушысы Абай Данабек пен  5 "А"-сынып оқушысы Абай Ләйлім Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысқандары  үшін  халықаралық Д.А. Қонаев қоры президенті Э.А. Қонаевтың атынан алғыс алды. Құттықтаймыз!   
"Алматы Бала FEST"
01
маусым
2022
"Алматы Бала FEST"
   1-маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Бүгін балаларды қорғау күніне орай Медеу аудандық білім бөлімі және Медеу ауданы әкімдігінің басшылығымен орталық саябақта және окушылар сарайында "Алматы Бала FEST" фестивалі аясында 172 мектеп-гимназия оқушылары сурет салу, қолөнер бағыттарында жұмыстар жасап, еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевпен кездесуге барды. Оқушыларымыз жасаған жұмыстары бойынша жүлделі орындарға ие болып, арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Балаларымызға ашық аспан
Тәрбие сағаттары
01
маусым
2022
Тәрбие сағаттары
   31 мамыр - саяси қуғын-сүргәне ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 172-мектеп-гимназиясында осы күнге орай жазғы мектептегі бастауыш сынып окушыларымен тәрбиаттары өткізіліп, келешек ұрпақ үшін өз өмірлерін құрбан еткен қайсар халқымызды еске алды. Ұрпағымыз бұл оқиғалардан үлкен сабақ алып, болашақта қайталануына жол бермеуі тиіс. Себебі халықтың бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігінен қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.