Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қараша
2021

Марапаттау

    Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылып Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың төрағалық етуімен "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің кезекті ХV отырысы өтті. Өзін-өзі тану білім жобасының авторы Сара Алпысқызының қолдауымен 172 мектеп-гимназия директоры Қазыбаев Талғат Талдыбайұлы өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру жүйесін дамытуға үлес қосқан басшы педагог ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы  №753 қаулысымен бекітілген "МЕЙІРІМ-ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН" медальімен марапатталды. Мектеп директоры Талғат Талдыбайұлын мектеп ұжымы атынан құттықтай отырып, өскелең ұрпаққа қосқан қажырлы еңбегіңіз бен біліміңізге рақмет айтамыз. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

09 қыркүйек 2021 Іс шара
23 қазан 2020 Адал ұрпақ