Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года
«Инновациялық тәсілдер арқылы инклюзияны дамыту»
31
қазан
2025
«Инновациялық тәсілдер арқылы инклюзияны дамыту»
   28.10.2025 ж. мектебімізде «Инновациялық тәсілдер арқылы инклюзияны дамыту» атты семинар өтті. Іс-шара барысында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдаудың заманауи механизмдері, тиімді педагогикалық модельдер мен әдістерді қолдану тәжірибесі талқыланды. Семинарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері, оқытудағы жеке даралау принциптері, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдары қарастырылды. Қатысушылар инклюзивті орта құрудың
" Республика күні "
30
қазан
2025
" Республика күні "
   Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай мектебімізде безендіру жұмыстары ұйымдастырылды. Безендіру барысында оқушылар мен ұстаздар елдік рухты, патриоттық сезімді дәріптейтін көріністер мен ұлттық рәміздерді ерекше ықыласпен бейнеледі. Бұл іс-шара Тәуелсіз еліміздің тарихын құрметтеп, жас ұрпаққа отансүйгіштік рухын сіңірудің жарқын көрінісі. https://www.instagram.com/reel/DQI7AOgDLug/?igsh=NjBhMTU2cWt5emlu
"Монотипия тәсілі арқылы сұлу бояумен сурет салу"
29
қазан
2025
"Монотипия тәсілі арқылы сұлу бояумен сурет салу"
   Мектебіміізде эстетикалық пәндер бірлестігінің апрталығы аясында шеберлік сағаты өтті. Оқушылар "Монотипия тәсілі арқылы сұлу бояумен сурет салу" тақырыбында өз қолтаңбаларын қалдырды. Бұл әдіс-қиял мен түстер үйлесімін дамытып, әр баланың өзіндік шығармашылық қабілетін танытуға мүмкіндік береді.   Іс-шара барысында балалар бояумен еркін жұмыс жасап,ерекше әсер алды.  https://www.instagram.com/reel/DQGV2HPjBDA/?igsh=MXQ5eGk5anlocnRuNA==
"Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы"
28
қазан
2025
"Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы"
  22 қазан күні Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасының 403резервисіне арнайы сертификаттар табыстады. Бұл жоба-Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде жүзеге асып келе жатқан маңызды бастама.  Биыл 411 үміткер қорытынды бағалаудан өтіп, соның ішінде 403 қатысушы кадрлық резервке қабылданды. Осы үздіктер қатарында мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
"Сыбдыры сұлу", алтын күз байқауы
27
қазан
2025
"Сыбдыры сұлу", алтын күз байқауы
  Алтын күздің сыбдыры, сары жапырақтың сыңғырымен бірге мектебімізде тамаша байқау өтті.  4-сынып оқушылары күздің көркем бейнесін ерекше идеяларымен, сәнді образдарымен және өнерлерімен паш етті. Бұл байқау балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдар, өзіне деген сенімдерін арттыра түсті. Ұйымдастырушыларға және қолдау көрсеткен ата-аналарға үлкен ризашылық білдіреміз.   https://www.instagram.com/reel/DQNy5_rikqv/?igsh=ZTNhNTJvZGJwdnhi
"Күзгі балл-2025"
24
қазан
2025
"Күзгі балл-2025"
   Сары алтындай жарқыраған күз өз сәнін ала келіп, мектебімізде ерекше көңілге толы "Күзгі балл-2025" шарасы өтті. 3-сынып оқушылары әсемде әсерлі костюмдерімен көз тартып, сахнада өнерлерін көрсетіп, шаттықа бөледі. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан ұстаздарға және ата-аналарға үлкен алғыс. https://www.instagram.com/reel/DQNygLMilId/?igsh=MXByOGprY2I1OHE4Nw==
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
23
қазан
2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  Қ азақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті   https://qyzpu.edu.kz/
«Білім берудегі инклюзия, инновация және жасанды интеллект»
15
қазан
2025
«Білім берудегі инклюзия, инновация және жасанды интеллект»
  Алматы қаласы Медеу ауданы №172 мектеп-гимназиясында «Білім берудегі инклюзия, инновация және жасанды интеллект» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – білім беру үдерісіне заманауи технологияларды, геймификация мен жасанды интеллект құралдарын тиімді енгізу, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау және табысты мектеп құру тәжірибесін тарату болды. Семинар барысында: 🔹 Куришбаева Балжан Егенбердиевна «Оқытудағы инновациялық әдістер, “Edtech мектепте” жобасын жүзеге
«Педагогикалық идеялар панорамасы»
14
қазан
2025
«Педагогикалық идеялар панорамасы»
     Алматы қаласы, Медеу ауданының № 172 мектеп-гимназиясы ұстаздары республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының аймақтық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!  🥇 Тойлыева Жаннұр Мұхитқызы – «Қаржылық сауаттылық» аталымы бойынша І орын 🥉 Бектұрғанова Алтынара Суантаевна – «Қаржылық сауаттылық» аталымы бойынша ІІІ орын 🥉 Иманбекова Рашида Оспановна – «Мәдениетаралық сауаттылық» аталымы бойынша ІІІ орын иеленді.  Бұл жетістіктер – ұстаздарымыздың кәсіби
"Дос болайық", "Көмек","Жеке қауіпсіздік"
13
қазан
2025
"Дос болайық", "Көмек","Жеке қауіпсіздік"
  Мектебімізде "Дос болайық", "Көмек","Жеке қауіпсіздік" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.  Оқушылар достықтың мәнін түсініп, бір-біріне қолдау көрсету мен өз қауіпсіздігін сақтау жолдарын талқылады. Мақсат-балалардың бойында мейірім , жауапкершілік пен өзіне сенімділік қасиеттерін қалыптастыру.
«Келешек мектептері»
10
қазан
2025
«Келешек мектептері»
   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық бастамасы аясында салынған заманауи білім ордалары — еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық маңызды жоба. Бұл мектептер қазіргі заманның талаптарына сай, озық білім беру технологияларымен, цифрлық инфрақұрылыммен және инновациялық оқу әдістемелерімен жабдықталған. 
«Цифрлық сауаттылық»
09
қазан
2025
«Цифрлық сауаттылық»
AI тақырыптары Келешек мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілді    Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу туралы тапсырмасына сәйкес, «Келешек мектептері» жобасы аясындағы мектептерде «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптарын енгізу жұмыстары басталды — деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
"Келешек мектептері"
08
қазан
2025
"Келешек мектептері"
Мемлекет басшысының тапсырмасы  бойынша елімізде "Келешек мектептері" ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Түркістан облысы Созақ ауданындағы 900 оқушы орнына арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп. 
«Абай – ақыл-ойдың алыбы»
07
қазан
2025
«Абай – ақыл-ойдың алыбы»
https://www.instagram.com/reel/DPGI6H1jNnJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=bmptbzViczZlNW8z Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы өз мәресіне жетті! Апта бойы өткізілген мазмұнды іс-шаралар оқушылардың ұлттық құндылықтарға, тіл мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, Абай мұрасының тереңдігін танытты.  Соңғы күні өткен «Абай және қарасөз философиясы», ашық сабақтар, ата-аналарға арналған танымдық сағат және «Абай – ақыл-ойдың алыбы» атты қорытынды кеш апталықтың шоқтығы
Мәнерлеп оқу сайысы
06
қазан
2025
Мәнерлеп оқу сайысы
2-сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу сайысы өтті Бастауыш сынып оқушылары арасында сөз өнерін дәріптеу, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. 📖 Оқушылар өздерінің таланты мен шешендігін, көркем мәтінді сезіне отырып жеткізу қабілетін көрсетті. Әрбір қатысушы өлең жолдарын жүрекпен оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.  Жарыс барысында оқушылардың өнеріне әділқазылар әділ бағасын беріп, үздіктер анықталды. Мұндай сайыстар
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
06
қазан
2025
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
        Қазақ күресінен Ұлы Қолбасшы  Райымбек батырдың жүлдесіне арналған 2009-2010 ж жасөспірімдер арасындағы республикалық  турнирінде 10 "Г" сынып оқушысы Тойжан Әміржан қола жүлдегер атанды.Құттықтаймыз. Бапкері дене шынықтыру пәні мұғалімі Күнесбай Төлеген.
«Көмек» бағдарламасы
03
қазан
2025
«Көмек» бағдарламасы
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында төмендегі тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді: 1. Адал азамат – оқушыларға адалдық пен әділдіктің маңызы түсіндіріліп, қоғамдағы әр азаматтың жауапкершілігі туралы әңгіме қозғалды. 2. Жалпыға бірдей құқық – адам құқығы, теңдік пен әділдік қағидалары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 3. Жеке қауіпсіздік –
Ұстаздар күні – мәңгілік мереке!
02
қазан
2025
Ұстаздар күні – мәңгілік мереке!
     Мектебімізде ұстаздар күніне орай Медеу аудандық «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты ұстаздар династиясына арналған ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтті.Бұл кешке әр әулеттің ұстаздары жиналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұстаздық дәстүрдің биік үлгісін көрсетті. Кештің шымылдығы әсем күймен ашылып, одан әрі әуезді ән, мың бұралған би, жүрекжарды жырлармен жалғасын тапты. Әрбір өнер көрсетілімінде ұстазға деген шексіз құрмет пен ыстық ықылас сезілді. Салтанатты кештің соңында ұстаздық
Атырау қаласы №48 мектеп
01
қазан
2025
Атырау қаласы №48 мектеп
​https://www.instagram.com/reel/DPQ_fSgDHd9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=Y244aGd4N2N4ZHg5​​​   Мемлекет басшысының  бастамасымен жүргізіліп жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған Атырау қаласындағы №48 мектебі.