15
қазан
2025
«Білім берудегі инклюзия, инновация және жасанды интеллект»
Алматы қаласы Медеу ауданы №172 мектеп-гимназиясында «Білім берудегі инклюзия, инновация және жасанды интеллект» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – білім беру үдерісіне заманауи технологияларды, геймификация мен жасанды интеллект құралдарын тиімді енгізу, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау және табысты мектеп құру тәжірибесін тарату болды.
Семинар барысында:
🔹 Куришбаева Балжан Егенбердиевна «Оқытудағы инновациялық әдістер, “Edtech мектепте” жобасын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады.
🔹 Ахметбекова А.С., Тойлыева Ж.М., Муратбек Алтынай Эрикқызы «Ойнай отырып, ойла» геймификация арқылы арнайы сыныптарға арналған сабақтар жобасын таныстырды.
🔹 Зайрова Макпал Батырхановна мен Дүйсенова Сабира Асановна «Математикалық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.
🔹 Кудысбекова Батимаш Кадырбековна «Инклюзивті білім беру: Әрбір бала – бір жұлдыз» баяндамасын ұсынды.
🔹 Жунисова Гулназ Алтайбаевна, Рахметулла Жанар Куандыковна, Абай Ботакөз Ермекқызы «Білім – бәріне ортақ: Жасанды интеллектпен тең мүмкіндікке жол» тақырыбында тың идеяларымен бөлісті.
🔹 Ыдырыс Сымбат Серікқызы «Табысты мектеп: сапалы білім мен жағымды орта құру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Семинарды «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының тренері Абайдуллаева А.А. және №172 мектеп-гимназия директоры Чорманова Алия Сбанкуловна қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдіріп, сертификаттар табыс етті.
https://www.instagram.com/reel/DPyfzWJDHDE/?igsh=MXZ5ZjZrbjI0ZDBxYQ==