Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жа
02
маусым
2025

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жа

   «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.10.2023 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 23.01.2025 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2025 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7- қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 24, 29, 34, 44 тармақтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

31 наурыз 2025 ХАБАРЛАНДЫРУ
13 наурыз 2025 ХАБАРЛАНДЫРУ
25 ақпан 2025 ХАБАРЛАНДЫРУ
09 қаңтар 2025 ХАБАРЛАНДЫРУ
23 қазан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
12 тамыз 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
02 тамыз 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
12 ақпан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
12 желтоқсан 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
03 қараша 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
23 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
08 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
27 қаңтар 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
09 қаңтар 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
30 желтоқсан 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
14 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
02 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!
24 тамыз 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
19 тамыз 2022 Хабарландыру