Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
13
наурыз
2024

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
бұйрығына қосымша
2024 жылғы ____
№ ____
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен бекітілген
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының                7-тармағына, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 44-бабының        5-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының    14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді, педагогтерді аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау - педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);
2) аттестатталушы - осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) үміткер педагог («Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес;
3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
4) аттестаттау кезеңі - біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін жағдайлар болғанға дейінгі уақыт аралығы;
5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
6) апелляциялық комиссия - білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдайтын комиссия;
7) біліктілік санаты – «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік стандартына (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) және «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
8) біліктілік бағасы – аттестаттаушы органдардың педагог материалдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы;
9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау - педагог қызметі мен жетістіктерінің біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау рәсімі;
10)педагог білімін бағалау» (бұдан әрі – ПББ) – осы Қағидаға сәйкес педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
11) педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі – Платформа) - педагогтің кәсіби қызметі туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
12) өтпелі кезең – Платформа жұмыс істегенге дейін аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттарын анықтайтын кезең.
3.Педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары Қазақстан Республикасы «Білім туралы»  Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары осы Қағидаларға сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
2 - тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
4. Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдарын қамтиды:
1) біліктілік бағасы;
2) ПББ;
3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау. 
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары, басшылардың орынбасарлары үшін қосымша кіреді:
4) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін таныстыру арқылы әңгімелесу.
Егер әдістемелік кабинет (орталық) заңды тұлға емес мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, онда әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшы орынбасары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.
5. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 маусымға дейін алдағы оқу жылына аттестаттау жоспарын жасайды және бекітеді.
1-параграф. Аттестаттау комиссиясының құрамы және қызмет тәртібі
6. Білім беру саласындағы уәкілетті органда, облыстың, республикалық маңызы бар қалаларының және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін бірінші басшының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады.
білім беру ұйымдарында:
«педагог-модератор» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары және салалық мемлекеттік органның білім беру ұйымдары үшін);
ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім басқармасы органында:
«педагог-модератор»;
«педагог-сарапшы»;
«үшінші санатты басшының орынбасары»;
«екінші санатты басшының орынбасары»;
«үшінші санатты басшы»,
«екінші санатты басшы»;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органында:
«педагог-зерттеуші»;
«педагог-шебер» (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін); 
«бірінші санатты басшының орынбасары»;
«бірінші санатты басшы»;
«педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы» (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдары, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін);
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанынан:
«педагог-шебер»;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшының орынбасары», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы» (білім беру ұйымдары үшін, ведомстволық бағыныстағы әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін ).
7. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде      10 жыл жұмыс өтілі бар және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер; әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілік арттыру ұйымдарының  әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.
8. Комиссия құрамына комиссияның өкілеттіктері қолданылатын кезеңде аттестаттаудан өтетін педагогтер кірмейді.
9. Комиссия құрамы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін аттестаттаушы органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.
10. Комиссия мүшелері тақ санынан (кемінде жеті мүшеден) тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және қол қояды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
11. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. 
Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
12. Комиссия  педагогтерің (ұйымның (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысынан (басшының орынбасарынан) басқа) аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай тұжырымдармен   қорытынды шешім қабылдайды:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;
3) қолданыстағы біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді.
13. Комиссия шешімі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес хаттамамен рәсімделеді. Аттестаттаудан өткен педагогтердің тізімі аттестаттаушы органның интернет-ресурсында жарияланады, Платформада орналастырылады.
Комиссия үш жұмыс күні ішінде Платформадағы «жеке кабинетте» осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысының хаттамасының көшірмесін орналастырады.
14. 51-тармақта көрсетілген педагогтерге «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен құжаттар қоса тіркеліп, педагогтің өтініші негізінде ресімделеді. Біліктіліктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрық одан әрі аттестаттау кезінде тиісті деңгейдегі комиссияға беріледі.
2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
15. Білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) педагогтерінің, бірінші басшыларының, басшысының орынбасарларының біліктілік бағалауын аттестаттаушы органдар осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес процестің сипаттамаларын, қызмет көрсетудің нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай–ақ ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі - негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қарау арқылы жүргізеді.
16. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, Орта білім беру комитеті, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі –  қызмет көрсетуші) мемлекеттік қызмет көрсетеді.
17. Педагогтің, білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтардың) бірінші басшысы, басшы орынбасарларының (бұдан әрі - қызмет алушы) «Педагогтердің аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметті алу үшін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету)  аттестаттаудан өту мерзімінде Платформада осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар ұсынылып, өтініш беріледі.  
18. Мемлекеттік қызмет Платформа арқылы көрсетіледі және мыналарды қамтиды:
1) қызмет алушының қызмет көрсетуге келісімін алу;
2) аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау, аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі туралы қызметті алушыға автоматты түрде хабарламалар жіберу (Комиссия хаттамасынан көшірме).
19. Қызмет алушының «жеке кабинетіне» бір жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.
20. Қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11-тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына,        23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және  Бірыңғай байланыс орталығына қызмет көрсетушіге жібереді.
 21. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады. 
Шағым қызмет көрсетушіге және (немесе) шағымдалған лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен қызмет көрсетуші, лауазымды тұлға  шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. 
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен қызмет көрсетуші, лауазымды тұлға, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Қызмет көрсетушінің атына келіп түскен қызмет алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқа тәртіп көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.  
3-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі
22. Педагогтің қызметі мен жетістіктерінің дәлелдері Платформадағы «жеке кабинетте» автоматты түрде қалыптастырылады.
23. Комиссия қаңтардан маусымға дейінгі кезеңде немесе қажет болған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
24. Комиссия мүшелері осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес педагогтердің материалдарын (портфолио) бағалау парақтарын толтырады. Оқыту сапасы (тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру) осы Қағиданың 8-қосымшасындағы бақылау парағына сәйкес бағаланады. Педагог материалдарын (портфолио) бағалау парағы осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нұсқаулықтың негізінде толтырылады.
25. Портфолионы қарау кезінде аудио - немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
4-параграф. Педагогтің білімін бағалау тәртібі
26. ПББ электрондық форматта өткізіледі. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ өткізу операторы болып табылады.
27. ПББ үшін тапсырмаларды әзірлеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым жүзеге асырады, уәкілетті орган айқындаған ұйым уәкілетті органның сайтында ПББ тест тапсырмаларының спецификациясын  және ұсынылатын әдебиеттер тізімін  ашық қолжетімділікте орналастырады. 
28. ПББ тапсыру үшін педагог ПББ өткізу операторының сайтында көрсете отырып, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымға осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589  нөмірімен тіркелген) мүгедектікті белгілеу туралы құжат болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тұлғалар  мүгедектікті анықтау туралы құжаттарды өтінішке тіркейді, онда көмекші қажеттігі қосымша көрсетіледі. 
Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым педагогпен туыстық және басқа да байланысы жоқ, ПББ шеңберінде тапсырылатын пәндер педагогі болып табылмайтын ұйым қызметкерлерінің (және (немесе) ым тілін меңгерген маманның) қатарынан көмекші тағайындайды.
ПББ  өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орынын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні, уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі.
29. ПББ педагогтің өтінішіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.
30. ПББ өтеді:
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – ақылы негізде 1 АЕК көлемінде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін. 
Сынамалық тестілеу (мұғалімнің қалауы бойынша) – жыл бойы ақылы негізде. Сынамалық тестілеудің нәтижелері аттестаттаудан өту үшін негіз болып табылмайды.
31. ПББ  келесі тапсырмалардан тұрады:
1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектеп алды сыныптарының педагогтері үшін:
«Бейіні бойынша әдістемелерді білу, мектепке дейінгі педагогика және психология» – елу тапсырма.
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім» - елу тапсырма;
3) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін:
«Пәндік білім» – елу тапсырма;
4)    қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Педагогика және психология негіздері»- елу тапсырма;
5) арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері үшін:
«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;
6) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
«бейіні бойынша «Пәндік білім» - елу тапсырма;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері:
«Пәндік білім» – елу тапсырма;
басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
«Педагогика және психология негіздері»- елу тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:
«ҚР заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерді білу» бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:
9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
«Оқыту әдістемесі, ҚР заңнамасын және нормативтік құқтық актілерін білу» - елу тапсырма. 
32. «Педагог-модератор» біліктілік санатын тұңғыш рет алуға үміткер педагогтер үшін ПББ келесі тапсырмалардан тұрады:
1) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» - елу тапсырма;
2) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін:
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» – елу тапсырма;
3) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
«бейіні бойынша «Пәндік білім, арнайы педагогика және психология» - елу тапсырма;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері::
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» – елу тапсырма.
33. ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:
1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:
«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90 %.
2) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – 70%. 
Педагогтердің білімін бағалау ұпайлары осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес бөлінеді.
      34. Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:
педагогтер үшін – сексен минут, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – жүз жиырма бес минут; 
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут. 
Мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тұлғалар үшін  қосымша 40 минут беріледі.
35. ПББ рәсімі осы Қағиданың 12-қосымшасында ұсынылған нұсқаулыққа  сәйкес жүргізіледі.
36.  ПББ өткізу кезінде Қағидалар бұзылған жағдайда немесе рәсімнің бейнежазбасын қарау кезінде Қағидаларды бұзу дерегі анықталған жағдайда,  тапсыру мерзіміне қарамастан, осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес Қағидаларды бұзу актісі жасалады.
37. ПББ өткізу Қағидаларын бұзу дерегі анықталған жағдайда аттестатталушы  бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.  
Педагогтің, бөлім басшысының (меңгерушісінің), әдістемелік кабинет (орталықтың) әдіскерінің қолданыстағы біліктілік санаты «педагог» санатына дейін; білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысының – «басшы» санатына дейін; білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысының орынбасары – «басшының орынбасары» санатына дейін төмендетіледі.
ПББ өткізу Қағидаларын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог,  бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері  аттестаттаудан өтуге – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы – үш жылға жіберілмейді.
38. ПББ аяқталғаннан кейін нәтижесі ПББ өткен педагогтің компьютерінің экранында көрінеді. 
39. ПББ  нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды. 
Барлық тапсырмаларды дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу және т.б.) қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша қарауға жатпайды.
40. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
-дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;
-дұрыс жауап жоқ болғанда;
-бірден көп дұрыс жауап болғанда;
-тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда.
2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайда техникалық себеп бойынша.
41. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін апелляциялық комиссия құрады.
42. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. 
Аппеляциялық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен білім беру ұйымдарының педагогетрі кіреді.
Апелляциялық комиссия  тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады. 
Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
43. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен  ұйымда бір жыл сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
44. Осы Қағиданың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апелляцияны ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу жүйесіндегі педагогтің «жеке кабинетіне» жіберіледі.
ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға жарамды болып саналады.
45. Уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ-дан өткен педагогтердің электрондық деректер базасын бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
46. Білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым аттестаттаушы органдарға тестілеу нәтижелері бар электрондық сертификаттарды тексеру үшін қолжетімділік береді.
47. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдары мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келген, бірақ ПББ өтудің шекті деңгейіне жетпеген жағдайда педагогке біліктілік санаты беріледі:
біліктілік санатын растаған жағдайда бір деңгейге төмен;
біліктілік санатын беру жағдайында ПББ нәтижелерінен жоғары емес.
48.  Біліктілік санатын растау кезінде «педагог-шебер» немесе 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.
3-тарау. Біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі
1-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі
49. Біліктілік санатын беру (растау) біліктілік сипаттамаларына және кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік санатынан өту мерзімдері мен бірізідік принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады: 
1) «педагог-модератор» біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттіліктері бар тұлғалар:
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді,  күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;
білім алушылармен (тәрбиеленушілермен және ата-аналармен (заңды өкілдермен) оқыту (оқу, тәрбиелеу) нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін әріптестердің өзекті нәтижелері мен өз тәжірибесін талдайды;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, тиісті салаға сәйкес уәкілетті органның немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім басқармасының жоспарына сәйкес немесе білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген, білім беру ұйымы деңгейіндегі тізбеге сәйкес олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болады;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, тиісті салаға сәйкес уәкілетті органның немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім басқармасының жоспарына сәйкес немесе білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген, білім беру ұйымы деңгейіндегі тізбеге сәйкес олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы болып табылады;
2) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына:
бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
«педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;
аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, салаға сәйкес уәкілетті органның немесе білім беру саласындағы уәкілетті органы  бекіткен немесе аудандық (қалалық), облыстық деңгейдегі (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)  білім беру органының жоспарына сәйкес  немесе аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тізіміне сәйкес кәсіби шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады немесе аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
3) «педагог-зерттеуші»  біліктілік санатына:
бейініне сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
«педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді;
педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
әріптестерімен бірге сабақты (оқуды, қызметті, іс-шараны) зерттейді және білім беру ұйымдарында оқыту (тәрбиелеу) тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады;
облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) аудандарды/ қалаларды қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені таратады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді, бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
тәлімгерлікті жүзеге асырады;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, салаға сәйкес уәкілетті органның немесе білім беру саласындағы уәкілетті органы  бекіткен немесе облыстық деңгейдегі (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)  білім беру органының  жоспарына сәйкес немесе облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейіндегі (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тізімге сәйкес кәсіби шеберлік конкурстарының қатысушысы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, салаға сәйкес уәкілетті органның немесе білім беру саласындағы уәкілетті органы  бекіткен немесе облыстық деңгейдегі (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)  білім беру органының  жоспарына сәйкес немесе облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейіндегі (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тізімге сәйкес олимпиадааларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
4) «педагог-шебер» біліктілік санатына:
бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі бар, кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттіліктері бар тұлғалар:
«педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
тәжірибені зерттеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін  жоспарлайды және жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады, этикалық нормаларды сақтаудың үлгісі болып табылады;
педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) дамыту бойынша ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесін таратады;
білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді немесе бағдарламаларды немесе әдістемелік материалдарды әзірлейді және тәжірибеге енгізеді немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық немесе халықаралық деңгейдегі тізбеге сәйкес кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республика деңгейінде немесе халықаралық деңгейде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, чемпионаттарға қатысушылары болады;
республикалық деңгейдегі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының республика деңгейінде ұйымдастырған педагогтері үшін (кемінде 3 облысты қамти отырып) тәжірибені таратады.
50. Педагогтер осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданыстағы біліктілік санатының мерзімі өткенге дейін тиісті деңгейдегі комиссияға Платформадағы "жеке кабинетте" мәлімделетін біліктілік санатына сәйкес қызмет нәтижелеріне екі жыл бойы үздіксіз қол жеткізу туралы хабарлама алу негізінде келесі біліктілік санатын беруге өтініш беруге құқылы. 
Комиссия «мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда, педагог қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санатын сақтайды.
51.  Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде екі жылдан аспайтын уақытқа ғана келесі жағдайларда ұзартылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілген аурулар болған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2) жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін ол үш жасқа толғанға дейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға;
4) педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген тұлғаларға беріледі.
Егер педагогке біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, ал педагог Қазақстан Республикасының ішінде басқа білім беру ұйымына ауысса, педагогке өтініш негізінде санаттың қолданылу мерзімі білім беру ұйымы басшысының аттестаттау мерзімін ұзарту туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап 1 (бір) жылға ұзартылады.
Педагогтер бір жылдан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа ПББ тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ПББ тапсырған күннен бастап бір жыл өткененнен кейін жүргізеді. Бұл ретте педагогтің осы кезеңдегі қолданыстағы бар біліктілік санаты сақталады.
Ерекше жағдайларда (форс-мажорлық мән-жайлар) педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі бес жыл өткен кезде аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымы басшысының аттестаттау мерзімін ұзарту туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап оның қолданылу мерзімін 1 (бір) жылға ұзартады.
            52. Осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін білім беру ұйымының бірінші басшысына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, біліктілік санатын растайтын құжат және т.б.).
53. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады. Бұйрықтың күші «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде» белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. 
Зейнеткерліке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер 48-тармаққа сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді.
54. Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес немесе (бірінші басшылар, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілер), білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)  әдіскерлері, арнайы педагогтер)   атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып жүзеге асырылады.
55. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту кезінде біліктілік санатын беру негізгі лауазым бойынша жүргізіледі. 
Негізгі лауазым бойынша берілген біліктілік санаты білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген оқытылатын пәндерге де қолданылады.
56. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне кезекті біліктілік санатын беру оқытатын бейініне сәйкес жүзеге асырылады.
«Оқытушы» лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты бөлім меңгерушісі лауазымына ауысқан кезде сақталады (таралады), «арнайы пәндер оқытушысы» лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты өндірістік оқыту шебері, аға шебері лауазымдарына сәйкес бейіні бойынша ауысқанда сақталады (таралады).
Кафедра меңгерушісі, өндірістік оқыту шебері, аға шебері лауазымдары бойынша берілген біліктілік санаты оқытушы, арнайы пәндер оқытушысы лауазымдарына ауысқанда сақталады (таралады). 
57. «Көркем еңбек», «Еңбекке баулу» пәні бойынша сабақ беретін педагогтер «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша; «Графика және жобалау» пәні бойынша – «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатына сәйкес кәсіптік оқуы ескеріледі.
58. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында  жүзеге асырған кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогті басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады (таратылады). 
2-параграф. Білім беру ұйымдарының, оқу кабинеттерінің (орталықтарының) басшыларын, басшылардың орынбасарларын аттестаттау шарттары мен тәртібі
59. Білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық)) бірінші басшысының, басшы орынбасарының біліктілік санаты үш жылға жарамды. 
Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын осы Қағиданың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Платформа арқылы аттестаттаудан өтуге өтініш береді. 
60. Тиісті деңгейдегі аттестаттау органының персоналды басқару қызметі жыл сайын қыркүйектің бірінші онкүндігінде аттестатталатын білім беру ұйымдарының,  әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылардың, басшыларының орынбасарларының алдағы күнтізбелік жылға тізбесін айқындайды және Платформа арқылы сәйкес деңгейдегі Комиссияға жібереді. 
61. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары ПББ нәтижелеріне және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға сәйкес кезектілікті сақтамай біліктілік санатын беруге өтініш беруге құқылы. Кейінгі аттестация бірізділік принципіне сәйкес жүргізіледі.
62. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
63. Комиссия мүшелері осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нұсқаулық бойынша білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшыларының, басшысының орынбасарларының  материалдарын (портфолио) бағалау парақтарын толтырады, осы Қағиданың 16-қосымшасына сәйкес аттестатталушының қызметінің нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу өткізеді.
Портфолионы қарау кезінде аудио - немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
64. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшыларын, басшылардың орынбасарларын кезекті аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
мәлімделген біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады).
Егер аттестатталатын тұлға ПББ нәтижелері бойынша ең төменгі өту балына қол жеткізе алмаса, онда Комиссия «қайта аттестаттауға жатады» деген шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі осы Қағиданың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді.
65.  Қайта аттестаттау шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін (бұл мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздық және кезекті еңбек демалысы уақыты енгізілмейді) жүргізіледі. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес (атқаратын лауазымына сәйкес);
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді).
«Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді)» шешімі қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күнінің ішінде осы Қағиданың 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия  отырысы хаттамасының көшірмесін Платформадағы педагогтің «жеке кабинетіне» орналастырады. Комиссияның шешімі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы шеңберінде кадрлық- ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау үшін аттестатталушы еңбек шартын жасасқан ұйымның бірінші басшысына тұлғаға жіберіледі. 
66. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшысының орынбасары қолданыстағы біліктілік санатының мерзімі өткенге дейін Платформадағы «жеке кабинетіне» екі жыл ішінде үздіксіз мәлімделген біліктілік санатына сәйкес қызмет нәтижелеріне қол жеткізілгені туралы  хабарлама алу негізінде осы Қағиданың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келесі біліктілік санатын беру үшін  тиісті деңгейдегі комиссияға өтініш беруге құқылы.  
«Мәлімделетін біліктілік санатына сәйкес келмейді» шешімін қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан көшірмені Платформадағы «жеке кабинетте» орналастырады. Бұл ретте қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
67. «Басшы-ұйымдастырушы» біліктілік санаты «үшінші санаттағы басшы» біліктілік санатына; «басшы-менеджер» біліктілік санаты «екінші санаттағы басшы» біліктілік санатына; «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты «бірінші санаттағы басшы» біліктілік санатына теңестіріледі.
68. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшысының орынбасары бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысқан кезде қолданыстағы біліктілік санаты басшы, басшының орынбасары лауазымындағы қызмет мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Бірінші басшы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымына және керісінше ауысқан кезде басшының (басшының орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты келесідей лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады:
«бірінші санатты басшы» - «бірінші санаттағы басшының орынбасары»;
«екінші санаттағы басшы» - «екінші санаттағы басшының орынбасары»;
«үшінші санаттағы басшы» - «үшінші санаттағы басшының орынбасары».
3-параграф. Біліктілік санатын берудің ерекше тәртібі
69. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына тиісті деңгейдегі Комиссия өтініш негізінде жұмысқа қабылданған кезде педагогтерге білім беру ұйымының өтініші негізінде аттестаттау рәсімінен өткізбей біліктілік санаттары береді:
жұмысқа орналасу кезінде бейін бойынша өндірісте  соңғы 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болса – «педагог-модератор»;
жұмысқа орналасу кезінде мамандығы бойынша соңғы 10 (он) жылдан астам жұмыс өтілі болса, «педагог-сарапшы».
Біліктілік санатын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Келесі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
70. Комиссия  өтініш негізінде лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей  «педагог-модератор» біліктілік санатын береді:
Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кеш емес кезеңде Nazarbayev University, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне;
қолданыстағы Сэлта CELTA сертификаты (сертифекейт ин инглиш лэнгуижтичинг то адалтс. Кембридж Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) пасэндэбав Pass and above) Дэлта DELTA (дипломининглшлэнгуиджтичингтуадалтс Diploma in English Language Teaching to Adults) пасэндэбав Pass and above) бар шет тілі мұғалімдеріне.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі.
71. Аттестаттаушы органның комиссиясы шетел (ағылшын, неміс, француз) тілі мұғалімінеөтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындысы бойынша біліктілік санатын береді:
1) «педагог-модератор»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 79-84 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2.
2) «педагог-сарапшы»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) – 85-93 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2; 
3) «педагог-зерттеуші»:
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 94-101 балл, тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс TKT YL (йан лернерс Young Learners).
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1;
4) «педагог-шебер»:
ағылшын тілі: Айелтс (IELTS) – 7,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT)) – 102-109 балл; тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKT CLIL (контент энд лэнгуидж лернин Content and Language Integrated Learning); тикити йан лернерс TKT YL (йан лернерс Young Learners);
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1.
72. Шетел (қытай, түрік, араб және т.б.) тілдерін оқытатын мұғалімдерге жеке өтініш пен бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған қолданыстағы сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау нәтижесі бойынша Комиссия біліктілік санатын береді:
«педагог-модератор» - В2 деңгейі;
«педагог-сарапшы» - С1 немесе С2 деңгейі.
73. «Педагог кадрлар тапшылығы бар өңірлерді қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагог кадрларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған мұғалімдерге ( Арнайы бағдарлама)» аттестаттау рәсімінен өтпестен өтініші бойынша біліктілік санаты беріледі:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – «оқытушы-модератор»;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар мұғалімдерге – бір деңгейге жоғары.
Басқа білім беру ұйымына жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлер Арнайы бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
74. Білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және кадр резервіне енгізілген педагогтерге лауазымға тағайындалған кезде аттестаттау рәсімінен өтпей «бірінші санатты басшы» біліктілік санаты беріледі. 
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
4-тарау. Өтпелі кезеңде - Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі
75. Білім беру ұйымдары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық білім беру ұйымдарына – білім беру саласындағы уәкілетті органға аттестатталушы педагогтердің, білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшыларының, басшысының орынбасарларының тізімін электрондық тасымалдаушыда ұсынады.
76. «Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттары бар педагогтер өтініш негізінде осы Қағидаларға сәйкес тиісінше немесе жалпы негізде «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын беру үшін біліктілік бағалауынан және ПББ-дан өтеді.
Мәлімделген біліктілік санаттарына өтпеген педагогтерге санат ПББ нәтижелері негізінде беріледі. «Педагог-модератор» біліктілік санатын беру үшін ПББ балы жеткіліксіз болған жағдайда педагогке «педагог» біліктілік санаты беріледі.
«Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттары бар орта білім беру ұйымдардың педагогтерін аттестаттаудан өту мерзімі осы Қағидалар редакциясы қабылданған күннен бастап ағымдағы жылдың                     31 желтоқсанына дейін (басқа білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
77. Педагогтер біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттау кезінде өтініш негізінде біліктілік бағалауынан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан және ПББ-дан өтеді. Педагогтерді аттестаттаудан өту мерзімі Қағиданың осы редакциясы қабылданған күннен басталады.
78. Білім беру ұйымы қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін аттестатталушы педагогтердің материалдарын (портфолиосын) қалыптастырады және тиісті деңгейдегі комиссияларға электрондық форматта ұсынады.
Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық принципі сақталады.
1-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру (растау) шарттары мен тәртібі
79. Қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 (екі) жыл өткен соң біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге жол беріледі
1) «педагог-модератор»  - педагог кемінде екі талапқа сәйкес болуы тиіс:
пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген,             С1 деңгейінен (CEFR) төмен емес ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар; 
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан/қала (облыстық /республикалық маңызы бар қала) деңгейіндегі кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
2) «педагог-сарапшы»  - педагог кемінде төрт талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;
С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері. 
3) «педагог-зерттеуші» - педагог кемінде бес талапқа сәйкес болуы тиіс: 
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар; 
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін); 
облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.
4) «педагог-шебер» - педагог кемінде алты талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейде тәжірибені таратады; 
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар; 
Қазақстан Республикасының «Үздік педагогы» атағына ие болған адамдар.
Комиссия «мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған кезде мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
2-параграф. Мемлекетік қызмет көрсету тәртібі 
80. Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - портал) немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
Құжаттарды портал арқылы қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберген кезде бір жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша  қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.
Өтініш портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
Қызметті көрсетушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде осы Қағиданың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш пен құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Негізгі талаптар тізбесінде қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған  кезде осы Қағиданың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
3-параграф.Сараптамалық кеңестің құрамы және педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі  
81. Педагогтер қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу үшін әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптамалық кеңес құрылады. Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелердің тақ санынан тұрады, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады. Төраға Сараптамалық кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.
82. Сараптамалық кеңестің құрамы аттестаттаушы органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі:
«педагог-модератор» біліктілік санатына – білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары және салалық мемлекеттік органның білім беру ұйымдары үшін); аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, білім беру саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерінен, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұтатын Сараптамалық кеңес;
 «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттарына –облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, білім беру саласындағы уәкілетті органның (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерінен, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес;
 «педагог-шебер» біліктілік санатына - республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, салалық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтерінен,  педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес.
83. Комиссия қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін ұсынылған материалдарды қарау үшін Сараптамалық кеңеске жылына бір рет    (15 қаңтарға дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде жібереді.
Педагогтің біліктілік санаттарын беруге (растауға) арналған материалдары (портфолиосы) осы Қағиданың 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі бойынша Сараптамалық кеңеске беріледі.
84. Сараптамалық кеңес осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес педагог материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы бойынша портфолионы бағалайды. Педагог материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нұсқаулықтың негізінде толтырылады.
Портфолионы қарау кезінде аудио - немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
85. Сараптамалық кеңес тиісті деңгейдегі Комиссияға осы Қағиданың          23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (ағымдағы күнтізбелік жылдың                  1 мамырына дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындылары бойынша ұсынымдарды жібереді.
86. Комиссия отырысының хаттамасынан көшірме аттестатталушылардың электрондық пошталарына жіберіледі.
4-параграф. Педагогтің білімін бағалауды өткізу 
87. Барлық лауазым педагогтері біліктілік санатын беру (растау) кезінді ПББ тапсырады. 
88. ПББ  келесі тапсырмалардан тұрады:
1) мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы» – елу тапсырма.
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» - елу тапсырма;
3) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін:
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» – елу тапсырма;
4)    қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;
5) арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері үшін:
«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;
6) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
«бейіні бойынша «Пәндік білім», арнайы педагогика және психология» - елу тапсырма;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері::
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» – елу тапсырма;
басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:
«Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерді білу» бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:
9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
«Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік құқтық актілерін білу» - елу тапсырма. 
89. ПББ-ны өткізу тәртібі осы Қағиданың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес .
90. Біліктілік санатын растау кезінде 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.
5-тарау. Қорытынды ережелер
91. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік санатын беру (растау)/атқаратын лауазымына сәйкестік (сәйкессіздік) туралы бұйрық шығарады.
92. Бұйрықтың негізінде білім беру ұйымы осы Қағидалардың                        24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау)/атқаратын лауазымына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы куәлік береді.
93. Біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі және Платформадағы педагогтің «жеке кабинетінде» жарияланады.
94. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың))   педагогтеріне, бірінші басшыларына, басшысының орынбасарларына  берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес  тиісті деңгейдегі Комиссияның шешімі негізінде 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады.
95. Осы Қағидалар шеңберінде жалпы негізде берілген (расталған) біліктілік санаты үшін педагог қызметкерлерге үстемеақы  қолданылады:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндер (пән) бойынша;
педагог жұмыс істейтін орта білім беру ұйымында жүргізілетін қосымша білім беру шеңберінде тиісті бейіндегі үйірме сабақтары үшін.
96. Аттестаттау рәсімінде және біліктілік санаттарын беруде бұзушылықтар анықталған жағдайда аттестаттаушы органның Комиссиясы біліктілік санатын беру туралы шешімді дербес өзі немесе бақылау және қадағалау органдарының ұсынуы бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайта қарайды. Комиссия шешімді қайта қарау тәртібін дербес өзі анықтайды. 
97. Аттестаттау қорытындысы бойынша Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық бөлімшелері аттестаттау рәсімін өткізуге іріктеп мониторинг жүргізеді.
Педагогтерді
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына 
1-қосымша
Педагогтің/бөлім басшысының (меңгерушісінің) және әдістемелік кабинеті (орталық) әдіскерінің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған комиссия отырысының хаттамасы
20____ жылғы «___» __________________ 
Комиссия төрағасы
____________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің қорытындысы бойынша комиссияның шешімі
Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді
ТАӘ
(бар болса)
ЛауазымыКезекті / мерзімінен бұрын педагогтер үшінБіліктілік санатыМәлімделген біліктілік санатыБерілген біліктілік санаты






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

12 ақпан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
12 желтоқсан 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
03 қараша 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
11 қыркүйек 2023 Хабарландыру
23 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
08 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
15 наурыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
27 қаңтар 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
10 қаңтар 2023 "Қыста оқимыз"
09 қаңтар 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
30 желтоқсан 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
14 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
02 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!
24 тамыз 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
19 тамыз 2022 Хабарландыру
01 қараша 2021 Марапаттау