Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қаңтар
2025

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласы Білім басқармасының «№172 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымға конкурс жариялайды:
 
 

  • Мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Думан ы-а, Қарқаралы 15 
  • Байланыс нөмірлері: 8 (727) 239-37-69
  • Электрондық поштаmektep172@almatybilim.kz
  • Көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымының атауы: «№172 мектеп-гимназия » КММ
  • Уақытша бос лауазымның атауы:  


  • Психолог мұғалім – 2 орын                                                       

(Еңбекақы мөлшері  155 000 тг бастап)


Психолог мұғалімнің лауазымдық міндеттері:

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.04. № 100 бұйрығымен 72-тармақ жаңа редакцияда

(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және

қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық

бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты

мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек

көрсетеді;

  • білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды

өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру

процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;

  • инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне

қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінезқұлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық

диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық

қорытынды мен ұсынымдар жасайды;

  • білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім

алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту

бағдарламаларын әзірлейді;

  • әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру

қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту

сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

  • дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;

білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды

шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де

заңды өкілдерге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді;

  • педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке

және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге

ұсынымдар әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік

жұмыс жүргізеді;

  • белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік

кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының

жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

  • педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті

үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;

  • Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының

қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды

жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;

  • кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық

принциптерін басшылыққа алады;

  • білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере

отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;

  • жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе

физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;

  • білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық

зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін

талдайды;

  • жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер

өткізеді;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі

өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

  • білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі

қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті

бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

 Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім

туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

  • жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері,

әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология,

психосоматика;

  • педагогикалық этиканың нормалары;

дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану

және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және

психопрофилактика негіздері;

  • белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері;

жеке және топтық кеңес берудің, диагностика мен баланың дамуын түзетудің заманауи

әдістері,

  • еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы

қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

9. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 24.01-04.02.2025ж. 

Құжаттар   https://hr-nobd.edu.kz/ сайты арқылы қабылданады.



10. Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жаряланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
 
 
11Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі

 Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік

 Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

 Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері

 Психоневрологиялық ұйымнан анықтама

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

 Наркологиялық ұйымнан анықтама

Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)

) Білімге, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейге қатысты қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген)

Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

09 қаңтар 2025 ХАБАРЛАНДЫРУ
23 қазан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
02 қыркүйек 2024 “Оқы-Жеңіске жет”
12 тамыз 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
02 тамыз 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
12 ақпан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
29 желтоқсан 2023 "ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ"
12 желтоқсан 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
07 желтоқсан 2023 «Біртұтас тәрбие»
13 қараша 2023 «Алматы дарыны»
03 қараша 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
11 қыркүйек 2023 Хабарландыру
23 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
08 тамыз 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
27 қаңтар 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
09 қаңтар 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
30 желтоқсан 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
14 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
02 қыркүйек 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ!
24 тамыз 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
19 тамыз 2022 Хабарландыру
06 сәуір 2022 Хабарландыру