15
қаңтар
2025
«Өзіндік рефлесия және психологиялық мәдениетті қалыптастыру»
Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Өзіндік рефлексия отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде» тақырыбындағы жобасын іске асыру шеңберінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Педагогика және психология институты, психология кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы: ғылыми жобаның жетекшісі профессор М.К. Бапаева, психология магистрлері, аға оқытушылар М.И. Багибаева., А.К. Байздрахманова., психология магистрі, оқытушы Ф.М. Куантканова 14.01.2025 жылы № 172 мектеп-гимназиясында «Өзіндік рефлесия және психологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты ата-аналарға арналған семинар-тренинг жүргізді.



