Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу
21
мамыр
2024

ҚР ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу

ҚР ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады.
«Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады», - делінген хабарламада.
ІІМ мәліметінше, соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі «соңғы қоңыраулар» аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Былтыр мұндай деректер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматыда болған. Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелгені айтылды.
«Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

19 наурыз 2024 “Ұлттық fashion”
12 ақпан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ
07 желтоқсан 2023 «Біртұтас тәрбие»
23 қараша 2023 «Алтын күз»
04 қазан 2023 Дублёр күні
11 қыркүйек 2023 «Мектепке жол»
02 қыркүйек 2022 "Алғашқы қоңырау"
28 мамыр 2022 "Соңғы қоңырау"
20 мамыр 2022 "Open Air Спорт"
06 сәуір 2022 Хабарландыру
21 қаңтар 2022 «Біз біргеміз»
09 қыркүйек 2021 Іс шара
09 қыркүйек 2021 "Мектепке жол"
24 мамыр 2021 іс шаралар