Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 29.09.2023
«Алтын сақа» олимпиадасы
29
қыркүйек
2023
«Алтын сақа» олимпиадасы
29.09.2023ж мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының І мектепшілік кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: 🔹Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу; 🔹Жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру; 🔹Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру; 🔹Математика пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету.
«Жыр алыбы - Жамбыл»
29
қыркүйек
2023
«Жыр алыбы - Жамбыл»
2023 жылдың 28-29 қыркүйек аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық, жас ақындар айтысына №172 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Сауытхан Айбарыс қатысып, арнайы жүлдемен марапатталды. Құттықтаймыз!   
Ас мәзірі 29.09.2023ж
29
қыркүйек
2023
Ас мәзірі 29.09.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 29.09.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі       
“Озық тәжірибелі мамандар және ортақ мәселелер"
29
қыркүйек
2023
“Озық тәжірибелі мамандар және ортақ мәселелер"
№172 мектеп-гимназияда озық тәжірибелі мамандардың “Озық тәжірибелі мамандар және ортақ мәселелер” тақырыбында коучинг өтті. Ұстаздар мәселелерді қызу талқылап, жаңа идеяларын ортаға салды, тамаша идеяларды ойына түйіп, шабытпен “Ұсыныс ағашына” ұсыныстарын іліп тарасты. Жетекші: Алмагуль Жуматаевна Анар Сәкеновна  
Ата-аналар жиналысы
29
қыркүйек
2023
Ата-аналар жиналысы
26.10.2023 күні «Үштік одақ: оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы ынтымақтастық. Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында 5-сынып ата-аналарымен жиналыс өтті. 🔹Жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі; 2. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі; 3. Бейімделу процесіне жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының әсері; 4. Жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту; 5. Жасөспірімнің табысты әлеуметтенуіндегі отбасы мен мектептің өзара