Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 16.09.2023
Медеу ауданы әкімінің кубогы
16
қыркүйек
2023
Медеу ауданы әкімінің кубогы
Алматы қаласы күніне орай Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін волейболдан өткізілген аудандық турнирде мектебіміздің "Думан" командасы 3-орын иеленді. Спортты жанына серік еткен әріптестерімізбен мақтанамыз!
9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ФОРУМ
16
қыркүйек
2023
9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ФОРУМ
"EDTECH" халықаралық білім беру орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған 2024 жылғы ҰБТ-ге байланысты форум өтті. Алматы қаласы бойынша 1000 талапкерді қамтитын форумды өткізудегі мақсаты: - 11 сынып оқушыларын, ата-аналар қауымын ҰБТ-2024 ережелерімен таныстыру; - мамандықты және екі бейіндік пәнді дұрыс таңдау; - мамандық бойынша шектік балл туралы ақпарат беру; - грант түрлерімен алдын ала таныстыру; - Алматы қаласының ЖОО-н таныстыру.  
“Шыңға өрлеу” клубтары
16
қыркүйек
2023
“Шыңға өрлеу” клубтары
Мектебіміздің ақылды да ұшқыр шәкірті өз жетістіктерімен күн сайын қуантуда. Қалалық шахмат ойындарында “Шыңға өрлеу” клубтары арасында өткен жарыста 4 “З” сынып оқушысы Ақылбек Айша Ару жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Алар асуларың көп болсын, жас чемпион!    
Президент кубогы
16
қыркүйек
2023
Президент кубогы
  Мектебіміздің 5 "Л" сынып оқушысы Дәурен Балнұр Президент кубогында өнер көрсетіп, Алматы қаласы бойынша 1-орынды жеңіп алып лидерлер қатарынан көрінді. Балнұрға ақ жол тілей отырып, алдағы уақытта биік-биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз! Талантты шәкіртімізге қараша айында Қырғызстан елінде өтетін үлкен байқауда сәттілік тілейміз!