«Білімім – Отаныма»
25.05.2026 күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, білімнің қоғамдағы маңызын түсіндіру және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға баулу. 🇰🇿 Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, Отанға қызмет етудің ең басты жолы – сапалы білім алу екенін атап өтті. Білім – болашаққа салынған берік негіз! Отанға қызмет – әр азаматтың парызы!