Сыңғырла, соңғы қоңырау… 🔔
25 мамыр — жүректе мәңгі сақталатын ерекше күн. Бүгін мектебіміздің түлектері алтын ұя мектебімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. Түлектердің бітіру кеші көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, әсем ән мен тәтті естеліктерге толы болды ✨ Мектепте өткен әрбір сәт, ұстаздардың берген білімі мен тәрбиесі — түлектеріміздің болашағына жол ашатын үлкен өмірлік азық. Құрметті түлектер, сіздерге сәттілік, жарқын болашақ, биік мақсат пен үлкен жетістіктер тілейміз! Жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық болсын! 🎓